Тапсырма: Дәрісті қысқартпай жазып, оқып дайындалыңдар


Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары



бет3/3
Дата27.04.2023
өлшемі24,49 Kb.
#87580
1   2   3
Байланысты:
Сан есім

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары
Морфологиялық тәсіл арқылы
Жалғаулармен:
а) көптік жалғаумен: алтылар, жетілер, елулер т.б. ә) көптік және септік жалғаулармен: отызда, он екілерде, жиырма үштерде т.б.
Жұрнақтармен:
а) -даған, -деген, -таған, -теген: ондаған, жүздеген, мыңдаған т.б.
ә) -дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: ондап, мыңдап, жуздеп т.б.
б) -дай, -дей, -тай, -тей: алты сағаттай, он шақырымдай т.б. Бұл жұрнақтар есептік сан есімдерге тіркескен зат есімдерге жалғанады.
Берілген есепті сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: жеті – жетінші, … .
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 478, 542, 627, 1996, 158, 369, 2695.
Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазыңдар
Үлгі: Реттік сан есім: жүзінші, …
Болжалдық сан есім: жүздеген, жүз шамалы, жүзге тарта,
жүздей, …
Топтау сан есім: жүз – жүзден, …
Жүз, елу, алпыс, тоқсан, мың.
Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінің ебі жоқ
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық, кемі жоқ.
(Жұмбақ: оң қол мен сол қол)
Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл
(Мақал)
Қырық километрге төрт жүз шұңқыр керек. Жиырма адамның жетеуі үшеуден ғана қазып жатыр.
(Ғ.Мұстафин)


Сұрақтар:



  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есімнің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Сан есімнің сұрақтары?

  4. Сан есім қалай топтасады?

  5. Сан есімнің топтасуына мысалдар келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет