Тапсырма Ергалиев алихан 10а мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Өз болжамыңызды білдіріңіз. Жаһандық мәселелер



бет1/2
Дата26.04.2023
өлшемі16,86 Kb.
#87120
  1   2

Тапсырма 
Ергалиев алихан 10А
1. Мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Өз болжамыңызды білдіріңіз. 
Жаһандық мәселелер 
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады. 
Сұрақ: Сіздің ойыңызша, бұл мәселелерді қандай топтарға жіктеп, топтастыруға болады? 
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. 
2. Жалғасын тыңдаңыз. 
Олар: оңтүстік және солтүстік мәселесі, азық-түлік мәселесі және кедейлік мәселесі. 
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. .
Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. 
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. 
3. Аталған мәселелер туралы өз біліміңізге сүйеніп, ақпарат қосыңыз. 
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т.б. талап етуінде.
Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету ісі қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Бұл саладағы түйткілдер ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында халықаралық қоғамдастықты шындап ойландыра бастады. Әсіресе 2008 жылы орын алған дағдарыс азық-түлік қауіпсіздігі саласына жаңаша көзқарас қажет екенін ұқтырды. Осы дағдарыс кезінде тамақ өнімдерінің құны бірнеше есеге өсіп, көптеген елдерде әлеуметтік толқулар болды. Бұл азық-түлік мәселесін шеше алмаған елдерде саяси-әлеуметтік тұрақтылық болмайтынын, мұның соңы түрлі кикілжіңдерге ұласып, ақырында жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін білдіреді...
Экономикалық дамуында ауыл шаруашылығы саласын негізгі күш ретінде қарастыратын Қазақстан бүгінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаһандық ауқымдағы жауапкершілікті терең сезінуде. Бұл орайда біздің еліміз өзінің ішкі сұранысын қанағаттандыра отырып, әлемдік азық-түлік саласын жақсартуға өз үлесін қосуға ниетті. Аталған бағытта Қазақстан бірқатар шаралар қабылдап, өзіндік қам-харекетін жасауда. Мәселен, елімізде 2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Онда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы салаға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу, өндірушілер арасында тең бәсекелестік ортаны құру сынды мәселелер айқындалды. 
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.
4. Түпнұсқаны тыңдап, өз айтқаныңызбен салыстырып, пікір білдіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет