Тапсырма Ергалиев алихан 10а мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Өз болжамыңызды білдіріңіз. Жаһандық мәселелер



бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі16,86 Kb.
#87120
1   2
Байланысты:
Жа?анды? м?селелер

Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек 
ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т.б. талап етуінде. 
Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді. 
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады. 
Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды. Десек те, аталған мәселелер ХХІ ғасырда ерекше маңыздылыққа ие болып, бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырғаны жасырын емес. 
Жалғасы:
Әлемдік мұхиттар проблемасы – мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану порблемасы. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Сондықтан, жаһандық мұхиттар мәселесі деп отырғанымыз – ең алдымен оның аман қалуы.
Демографиялық мәселе екі түрлі көрініс табады: дамушы елдердегі демографиялық күрт өсу және дамыған және өтпелі кезеңдердегі елдердің демографиялық қартаюы. Біріншісінің шешімі – экономикалық даму қарқынының дамуын жоғарылатып, халық санының өсу қарқынын төмендету болса, екінщісінің шешімі – эмиграция мен зейнетақы жүйесін реформалау болып тұр.
Экономикалық өсу мен халық санының өсу ұзақ уақыттан бері экономисттердің зерттеу пәні болып келеді. Бірақ осыған қарамастан, көптеген мамандар негізгі проблема – халық санының өсуі емес, келесі 2 мәселені айтады:
· нашар дамушылық, яғни дамуда артта қалу;
· әлемдік қорлардың таусылуы мен қоршаған ортаныңбұзылуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет