Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?


Ашық сұрақтар мен ашық тапсырмалар құрастыруға қатысты



бет12/13
Дата06.01.2022
өлшемі109,01 Kb.
#15701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ашық және жабық тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек

Ашық сұрақтар мен ашық тапсырмалар құрастыруға қатысты

мұғалімге арналған ұсыныстар
Ашық сұрақтар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс:
Негізділік:


  1. Нұсқау қарапайым, нақты және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге жазыңыз.




  1. Оқушылардың сұрақты жете түсінбеуіне немесе қате мағынада қабылдауына жол бермеу үшін төлеу сөздің орнына төл сөзді қолданыңыз.




  1. Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға жауабын жазатын орын қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында жазуға арналған бос орын немесе бірнеше жол қалдырыңыз.




  1. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілетін балл санын көрсетіңіз.


Валидтілік:


  1. Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі тиіс.




  1. Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.




  1. Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқымауы тиіс.




  1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым тілді қолданыңыз.




  1. Сұрақтардың саны меңгерген білім мен дағдыларды көрсетуге мүмкіндік беретіндей көлемде белгіленуі тиіс.




  1. Өткен материалды қайталап айтуға арналған сұрақтарды қолданбаңыз. Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен», «не үшін», «қалай» сұрақтарын пайдаланыңыз. Оқушылардың шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды қамтуға тырысыңыз.



24


Объективтілік:


  1. Құрастырылған сұрақтар оқушылардың жынысына, қызығушылығына қарамастан барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокөлік қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.




  1. Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап алуға бағытталуы керек. Сұрақты силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.




  1. Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді байқауға мүмкіндік береді.




  1. Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық тексеру сызбасын қолданыңыз.




  1. Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.


Сенімділік:


  1. Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен үлгілерді анықтау үшін бағалау туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап, деректер базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін жасау басқа тапсырма құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады.




  1. Дайын болған бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.

Ашық тапсырмалардың бірқатар артықшылығын атап өтуге болады, мысалы:



  • Тақырып мазмұнының басым бөлігін қамтуға мүмкіндіктің болуы;




  • Шығармашылыққа, жүйелі және қалыптан тыс ойлауға, оқушының білім, дағдысы мен қабілетін түрлі тәсілдер арқылы көрсетуге мүмкіндік болуы;




  • Дайын өнім құруға мүміндіктің болуы;

  • Дәлелді жауап беру арқылы оқушының өзін көрсетуге мүмкіндіктің болуы.

Сонымен қатар кемшіктері де бар: жабық тапсырмалармен салыстырғанда мұнда
тапсырмаға дескриптор, балл қою кестесін құрастыру қиынырақ. Тапсырманы бағалау барысында балл қоюда субъективтілік көрініс табуы мүмкін. Ашық тапсырманы орындау және оны тексеруге біршама уақыт қажет және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет