Ойын: «Қонақжай»
Тәрбиеші: Балалар сендер өз қалауларын бойынша бөлінесіңдер?
Санжар - ата, Даяна - әже, Мирас - әке, Анель - ана, Диас, Алина, Тлеужан - балалары.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі. Атасы киініп теледидар қарайды. Әкесі газет оқиды. Ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатыр. Балалары бірі сабақ оқып, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Диас атасымен әңгімелесіп:
- Ата теледидардан не көрсетіп жатыр екен.
- Балам, теледидардан бұдан былай ертелі - кеш «балапан» бағдарламасы болады екен. Онда тек балаларға арналған керекті хабарларды береді дейді. Кинолар, жарнамалар, ертегілер, өлеңдер, сайыстар көрсетіледі.
Әжесіне көмек көрсетіп отырған Анель:
- Әже, мына қайдан алдын? Неге иіріп жатырсың? деп сұрайды.
- Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, былай түтеміз деп өзі көрсетеді.
- Түткен жүнді иіріп сендерге қолғап, шұлық тоқып беремін.
Алина бала анасына көмектесіп, картоп тазаласып жатыр. Анасы екеуі турайды, ыдысқа салып қуырады. Одан кейін ыдыстарды үстел басына қоя бастайды. Бәрі жиналып үстел басына тамақ ішеді. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен. Тамақ істеуге Алина қызымыз көмектесіпті. Тамақтанып болған соң «рахмет» айтып ойынды әрі қарай жалғастырады. Рөлдерді де бөлісіп алады. Әрі қарай ойнайды. Ойын соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы қорытындылайды
Үй жұмысы
Ұжымға арналған ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |