«Туған күн» ойыны
Мақсаты: жасөспірімдер ортасында қарым-қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.
Ойынның алдында жүргізуші әрқайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен астам адам қатысса, 2 адамға бір билеттен ұсынуға болады.
Билеттегі тапсырмалар:
Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады.
Білгішсымақ — кез-келген әңгімеге қыстырылысуға тырысады
Таласқыш — бәрімен ерегісіп, таласады.
Келісімге келтіруші — кикілжіңді басуға ұмтылады.
Бәріне және барлығына көңілі толмайтын адам.
Асаба — туған күн иесіне көмекші.
Қызық мінезді адам — кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.
Әдепсіз адам.
Ойыннан кейін талқылау жүргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез-құлқын байқауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |