Тапсырма: Келесі сұрақтарға толық жауап әзірлеңіздер


Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау мен өмір қауіпсіздігі саласындағы заңдары



бет3/6
Дата01.11.2023
өлшемі81,9 Kb.
#121348
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау мен өмір қауіпсіздігі саласындағы заңдары.
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау мен өмір қауіпсіздігі саласындағы заңдары Қазақстан Республиасының Конституциясына негізделген. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасын етудің құқықтық негізін сәйкесті заңдар мен заңды актілер, Президент жарлықтары мен Өкімет қаулылары құрайды. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықты-техникалық құжаттарға санитария, еңбекті, табиғатты, өмір қауіпсіздігін, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қорғау саласындағы заңдар мен ережелерді қалыптастыратын стандарттар кіреді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Еңбек Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Еңбек Кодекстен өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет