тапсырма ресурсын және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары мектептің үлгілік оқу бағдарламасын пайдалана отырып



Дата11.12.2023
өлшемі24,24 Kb.
#137176
түріБағдарламасы
Байланысты:
3.7-күнБағалауға арналған тапсырма (1)


7-күн.
Бағалауға арналған тапсырма.
1-тапсырма.
7.2 ресурсын және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары мектептің үлгілік оқу бағдарламасын пайдалана отырып (оқыту мақсаты: 11.5.1.5 - Қазақстан Республикасының әлем елдерімен, әлемдік және өңірлік ұйымдармен байланыстарын күшейту бойынша шешімдер әзірлеу), бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларымен жоғары деңгейдегі ойлау тапсырмаларын әзірлеңіз:

  1. талдау дағдыларымен;

  2. синтез дағдыларымен;

  3. салыстыру дағдыларымен;

  4. жіктеу дағдыларымен.

Оқу мақсаты

11.5.1.5 - Қазақстан Республикасының әлем елдерімен, әлемдік және өңірлік ұйымдармен байланыстарын күшейту бойынша шешімдер әзірлеу

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның геосаяси интеграциясы

Сабақтың мақсаты

Қазақстанның дүниежүзі елдері мен дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен байланыстарын күшейтудегі рөлін талдау

Ойлау Дағдысы

Білу,түсіну,қолдану

Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның дүниежүзі елдерімен байланысын талдайды
- Қазақстанның дүниежүзі елдерімен байланысын күшейту рөлін талдайды

Тапсырма

Топтық жұмыс.
1 топ - Қазақстан және Солтүстік Америка елдерімен қарым-қатынасы
2 топ – Қазақстан және Оңтүстік Америка елдерімен қарым-қатынасы
3 топ – Қазақстан және Азия елдерімен қарым-қатынасы
4 топ – Қазақстан және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы
Тапсырма. Оқушылар Қазақстан және дүниежүзі елдерімен қарым-қатынасы мен байланысын зерттейді. Зерттеу жоспары:
Таңдалған елмен қатынас түрін талдау.
Таңдалған елмен қатынастың Қазақстан үшін маңыздылығын талдау
Таңдалған елмен байланысты күшейту жолдарын ұсыну.
Оқушылар зерттеген жұмыстарын ұсынады. Ұсыну жолдарын өздері таңдайды. Рөлдік ойын, репортаж, постер, инфорграфика.
Бағалау. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор:
- Қазақстан және таңдалған елмен қатынас түрін талдайды
- Қазақстан және таңдалған елмен қатынастың маңыздылығын талдайды
- Қазақстан және таңдалған елмен байланысты күшейту жолдарын ұсынады.


2-тапсырма. «SWOT - талдау негізінде табиғи ресурстарды экологиялық бағалау» 7.4-ресурсын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына экологиялық баға беріңіз.


STRENGTHS
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ
- экономикалық-әлеуметтік
жағдайдың жақсаруы;
- халық денсаулығының жақсаруы;
- пайданың түсуі;
- аймақтың дамуы және т.б.



WEAKNESSES
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
- жергілікті және аймақтық туристер келуімен
ластану;
- рекреациялық ресурстардың кейбір түрлерінің
(емдік балшықтар, минералды бұлақтар және т.б.)
азаюы;
- инфрақұрылым деңгейінің төмендігі және т.б.

OPPORTUNITIES
МҮМКІНДІКТЕР
- рекреациялық ресурстарды
туризмде пайдалану арқылы ішкі
және келу туризмінің дамуы;
- Қазақстанды әлемге әйгілі ету
мүмкіндігі;
- экологиялық білімді қалыптастыру
мүмкіндігі;
- шетелдіктерді тарту және т.б.



THREATS
ТӘУЕКЕЛДЕР / ҚАУІПТЕР
- экологиялық жағдайдың туристтер келуімен
ушығуы;
- территорияға түсетін рекреациялық
ауыртпалықтың артуы;
- апатты жағдайлардың орын алуы
- туристтердің көңілінен шықпауына байланысты
туындайтын қауіп-қатерлер және т.б.

Шығанбаева Л

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет