Тапсырмалар: 1 Тапсырма Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері



бет6/12
Дата07.01.2022
өлшемі35,9 Kb.
#18445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Вербалды коммуникация тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды емес коммуникация - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Вербалды емес коммуникация ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады 

Ұйымдағы коммуникация түрлері:

• Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникациялар.

• Ұйым ішіндегі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы коммуникациялар.

Деңгейаралық тік байланыстар. Ұйымда байланыстар тек жоғарыдан төмен ғана емес, төменнен жоғары байланыстар да болуы мүмкін. Жоғарыдан төмен қарай бұйрықтар, тапсырмалар берілетін болса, төменнен жоғары қарай ақпарат, есеп беру, түсініктеме, арыз, ұсыныстар т.б. берілуі мүмкін.

Бөлімшелер арасындағы байланыстар немесе көлденең байланыстар. Бөлімшелер арасында жұмыстарын үйлестіру мақсатында ақпаратпен алмасу орын алады. Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе тең қалыптасуына әсер етеді.

Басшылар мен бағыныштылар арасындағы байланыс. Бұл байланыс коммуникациялар ішіндегі негізгі компонент ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар жан жақты және әртүрлі хабарлармен алмасу, мақсаттарды белгілеу, идеяны табу, мақсатқа жету жолында тиімді жұмыс ету үшін талқылау жасау, бағыныштылар қабілетін дамыту және т.б.арқылы жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет