Тапсырмалар Бастауыш мектептің мектеп алды дайындық сыныптарына математика бойынша оқу бағдарламларына талдау жасаңыз. Математиканы


Математика бойынша оқу жетістіктерін бағалау мәселесіне



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.02.2023
өлшемі231,04 Kb.
#65359
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 агымдык бакылау Математика

3. Математика бойынша оқу жетістіктерін бағалау мәселесіне 
қатысты мерзімдік баспалардан мақалалар тізімдерін құрыңыз 
«Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынның ерешеліктері. 1-
4-сыныптарға арналған «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен 
бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. «Математика» 
пәнінің оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің 
танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдылардың көлемі мен 
мазмұнын 
анықтайтын 
оқу-нормативтік 
құжат 
болып 
табылады. 
«Математика» пәнінің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде 
әзірленген, осыған сәйкес оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым 
көпшілігі белгілі бір академиялық оқыту кезеңі өткеннен кейін (оқу жылы 
барысында немесе келесі сыныптарда) білім көлемі және солар бойынша 
дағдылар біртіндеп тереңдетіле, күрделене және ұлғайтыла отырып қайта 
қарастырылады. «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы оқу жылы бойы 
бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді 
жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптар бойынша сағат санын бөлу, 
сондай-ақ, тоқсан көлемінде тақырыптарды оқытудың реті мұғалімнің 
қарауымен өзгеруі мүмкін. Оқу бағдарламасы оқу үдерісін «Математика» 
пәнінің әдістемелік әлеуетін осы пәндік салалар бойынша білім алушылардың 
саналы түрде білім алуы мен біліктерді меңгеруі үшін қолдануға, оқу, жоба, 
зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлай алу 
біліктерін меңгеру арқылы өздігінен әрекет етуін дамытуға бағыттайды. 
«Математика» пәнінің оқу бағдарламасына заманауи мектептегі білім беру 
үдерісін ұйымдастырудың инновациялық педагогикалық тәсілдемелері 
сипатталған оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі қызметтері кіреді. Оқытуға 
бағытталған тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа 
құрылымын құруда негізгі бағдар болып табылады. Қазіргі кезеңде өздігінен 
білімді игеруі үшін білім алушының белсенді ісәрекетін ұйымдастыру оқыту 
үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай 
тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана 


емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы 
шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де 
қалыптастыруға ықпал етеді. Білім беру үдерісіне қатысушыларының өзара 
қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал 
ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану тұлғалық-
бағдарлық білім беруді нығайтуға мүмкіндік береді. Диалогтік және 
рефлексивті технологияларды қолдану білім алушылардың жоба және зерттеу 
жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Білім беру үдерісін 
ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, 
идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім 
алушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарымқатынас моделіне 
айналдырады. «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы 
материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға 
бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және 
әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік 
береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік 
сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен 
бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады. «Математика» пәнінің оқу 
бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш 
тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс 
жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру 
қарастырылған. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік 
тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен 
алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-
тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші 
қағидаты ретінде қарастырылады. «Математика» пәнінің мазмұнын меңгеру 
және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде білім алушылардың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті 
ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен 
алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда 
қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану 
дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек. Оқу 
бағдарламасында «Математика» пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып 
табылатын оқу мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін 
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламасы білім 
алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас 
субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. 
«Математика» пәнінің оқу бағдарламасы білім беру құндылықтары мен 
мектепті бітіру алдындағы нәтижелердің өзара байланысы мен өзара 
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың және пәннің оқу 
мақсаттары жүйесінің біртұтастығы қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз 
етеді. «Математика» пәнінің оқу бағдарламасының тек пәндік білім мен 


білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына 
бағытталуы оның ерекшелігі болып табылады. Оқу мақсаттарының 
құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта 
қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарымқатынас жасаудың 
түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді 
шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға 
негіз болады. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы 
өзгерістер білім алушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды 
шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға 
талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен 
ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін 
дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, 
алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық 
қасиеттер өзекті болып отыр. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды 
дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен 
азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен 
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын 
бойына сіңіруіне Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең 
азамат болып қалыптасуына негіз болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет