Тапсырмалар орындаған: Зинулаева Ж. Б тексерген: Мурзинова А. С



бет2/4
Дата01.02.2023
өлшемі56,48 Kb.
#64468
1   2   3   4
Эпиграфика – қатты материалдарға (тас, металл, қыш, т.б.) жазылған (негізінен ежелгі және ортағасырлық) жазуларды зерттейтін тарихи қосымша пән. Қайта өркендеу дәуірінде пайда болғанымен ғылым ретінде Эпиграфиканың әдістемесі (жазулардың құпиясын ашу әдістері, жазуларды толтыру мен жазылған уақытын анықтау, т.б.) 18 – 19 ғ-ларда жасалды. Египет иероглифтерінің, сына жазуының, микены жазуының құпиясын ашу 19 – 20 ғ-ларда Эпиграфика саласының өрісін елеулі кеңейтті.
Көбірек зерттелген Эпиграфикалық жазуларға египет, вавилон, крит, қытай, грек, латын, шумер, ассирия, аккад, финикия, рим, араб, үнді, иран, славян, түркі жазбалары жатады. Египеттік пирамидалар мен басқа да әдет-ғұрыптық құрылыстардағы, тас бағандардағы ең ежелгі иероглифтік мәтіндер б.з.б. 4- және 3-мыңжылдықтардың шекарасында пайда болған.
Ежелгі Шығыс Эпиграфикасының тарих ғылымы үшін маңызы зор (мыс., Хаммурапи патшаның заңдар жинағы). Үндістан халықтарының тарихы үшін Ашока патша кезіндегі саяси, шаруашылық, діни мазмұндағы мәтіндердің, хараппа өркениеті мөрлеріндегі идеограммалардың маңызы ерекше. Сүйекке, бамбукке, қолаға жазылған ежелгі қытай жазбалары б.з.б. 14 ғ-ға жатады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңынан бастап Библде, Сидонда, Испаниядағы финикиялық қоныстарда діни, ішінара тарихи мазмұндағы финикиялық эпигр. ескерткіштер пайда бола бастады. Карфагендік эпигр. мәтіндер пунилық мәтіндер деп аталды. Финикиялық Эпиграфикаға арамейлік және ежелгі еврей мәтіндері (б.з.б. 9 ғ-дан бастап) қосылды.


Палеография (көне грекше: παλαιóς «ежелгі; маңызды» + γράφω «жазу») – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филологиялық арнайы пән.
Палеография әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мысалы, иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді. Палеографияның ерекше саласы құпия жазу жүйелерінің графикасын зерттейді (криптография). Палеографияда зерттеудің арнайы әдістері (кескіндемелік деректерге талдау жасау техникасы, Палеографиялық белгілердің жиынтығы, т.б. арқылы қолжазбалардың уақытын анықтау әдіснамасы) жасалған. Сондай-ақ басқа ғылымдар мен арнайы пәндердің әдістері де қолданылады: тілтану (тілдік деректер бойынша қолжазбалардың уақыты мен жерін анықтау), текстология мен дипломатика (жазулар мен құжаттардың түрлері бойынша олардың мазмұндарын, стилін, мәтін тарихын анықтау), өнертану (миниатюралар, өрнектерді зерттеу), химия (сиялар мен басқа да бояу заттарға талдау жасау), физика (органикалық материалдардың жасын анықтау үшін радиоактивті изотоптарды пайдалану), т.б.
Палеографияның теориялық жағы – жазу тарихы белгілі бір халық мәдениеті тарихының бөлігі бола отырып, оның іс-тәжірибелік жағы үшін ғылыми негіз береді. Ол әліпбилер мен тілге байланысты гректік, латындық, славян-орыс, армян, грузин, арабтық, т.б. Палеографияға бөлінеді. Кейбір ғалымдар (француз Ж.Маллон, австриялық Л.Сантифаллер, бельгиялық Ф.Мазе, т.б.) кез келген жазу үшін ортақ даму заңдарын құру қажеттілігі жөнінде мәселе қойғанымен, жалпы Палеография негіздері жасалған жоқ. “Палеография” терминін алғаш рет 18 ғасырда француз ғалымы Б.Монфокон қолданған. 20 ғасырдың ортасынан бастап Палеографияда жазба ескерткіштерді ол жазылған материалдарға қарамастан зерттеу бағыты пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет