Тақырып 12. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Тапсырмалар:
1. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз.
2. Тәрбие- біртұтас құбылыс екенін сипаттаңыз.
3. Тәрбиенің көпжақты процесс екеніне дәлелді мысалдаркелтіріңіз.
4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін оқыңыз, талдау жасаңыз, жүзеге асырудың жобасын құрыңыз.
5. Тәрбие үрдісінің мәнін ашыңыз, тәрбиенің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51].
Жауабы:
1. Педагогиканың мәңгілік мәселелерінің адамға тәрбиенің әсерін күшейту
болып келеді. Жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру мен дамыту ғылыми
тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие бар жерде дамудың қозғаушы күштері, қоғамның және табиғи
ортаның қолайлы әсері, барлық қоғамдық институттардың жұмысы ескеріледі.
Тәрбиенің қазіргі ғылыми анықтамасы, яғни жеке тұлғаны мақсаты түрде
қалыптастыру мен дамыту процесі ретіндегі тұжырымдамасы педагогикалық
идеялардың ұзаққа созылған қайшылықтарының нәтижесінде пайда болды.
Сонымен қазіргі кезде педагогикада тәрбиеге былайша анықтама
беріледі:
«Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның қоршаған
ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған
сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру».
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиелеу барысында өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу ерекше
мәнге ие болады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлғаны қалыптастырудағы тұтас
процестің екі жағы.
¤зін-өзі тәрбиелеу - адамның өз мінез-құлқына өзі баға бере алуы, жеке
басын жетілдіру бағытында жақсы қасиеттерді қабылдауы мен жағымсыз
2. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |