Тапсырманы орындаған: Ақтілеуова Мирамкүл Бахтиярқызы
Оқу тобы: «қазақ тілі мен әдебиеті» 3 жылдық, 208
2- Тапсырма Мен кіммін? Мен кіммін? Мен қазіргі таңда атауы таудай білім ордасында білім алып жатқан шәкіртпін. Яғни болашаққа нық қадам баса білген, өзіме және өзгелерге үлгі бола білетіндей болашағы жарқын, еңсесі биік, заманауи өмірге көзқарасы бар, жеке дараланған зайырлы мемлекеттің өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарын тәрбиелей алатын болашақ жас маман. Бір сөзбен айтқанда педагог болуға ұмтылып келе жатқан болашағы биік ұстаз. Жалпы мен кіммін? деген сұрақ аясында түрлі ой айта аламын. Бірақ мен үшін ең маңыздысы осы.
Мұғалім деген кім? Мұғалім біз үшін кішкентайымыздан құлағымызда мәңгі жаңғырық болып қалған екінші ана. Мен үшін «мұғалім» – ол бүкіл әлем алдындағы ұлы міндет іспеттес. Себебі, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындата отырып, тәрбиелейтін жауапкершілігі мол жан иесі. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандық иесінің орны, мәртебесі қашанда біз үшін әрдайым биік. Ұлттың ұлылығын өзгелерге таныта білетін күрделі де қиын шаруа. Мұғалім мен үшін озық ойдың адамы. Сөзімді қорыта келе айтарым, мен де осы себептен ұлы есім ұстаз болуға асықпын. Мен де болашақты, ұлтты тәрбиелеп қана қоймай, бір емес бірнеше жас жүректерге мәңгі ұстаз болып қалғым келеді.
Кәсіби ортадағы орның қандай?
«What Is Your Ideal Work Environment?» Менің идеалды жұмыс ортам