Бір түрдің өзіндік популяцияларының әртүрлі ортада айырмашылықтары болады. Ол айырмашылықтардың негізгі себебі:
Популяция ареалының ауданы. Олардың ауданы өте үлкен болады немесе бар болғаны бірнеше шаршы метрден 1000 шаршы метрге дейін ғана болады.
2. Популяция түзетін дарақтар саны әртүрлі болады.
3. Микропопуляциялар саны - бір популяциядағы әртүрлі биотоптарға бейімделе алмаған микропопуляциялар, ал басқалары кеністікте біркелкі.
Өсімдіктер және жануарлар популяциясын жан-жақты экологиялык тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде популяция биологиясында популяция туралы түсінік қалыптасқан. Ол түсінік бойынша популяция мынадай белгілермен сипатталады:
бір түрдің дарақтарынан тұрады;
2) белгілі бір территорияда орналасады;
3) генетикалық структурасы болады және генетикалық тұрғыдан біркелкі емес;
4) генетикалық структурасын қүра алатынына байланысты эволюцияға қабілеті бар;
5) ұрпак алмастыру мүмкіндігі барлығына байланысты өз алдына өмір сүріп өзінің санын ұзақ сақтауға қабілеті бар.
Тарау 2 Популяция және қауымдастық экологиясы туралы түсінік. Популяцияның негізгі қасиеттері
Бір популяция алып жатқан территориядағы ағзалардың орналасуының негізгі үш типін бөледі:
біркелкі таралу табиғатта особьтар арасында конкуренцияның жоғары болуына байланысты. Орналасудың бұл типі жыртқыш жануарларға және балықтарға тән;
кездейсоқ (диффузиялық) экологиялық факторлардың интенсивтілігі және әрекет бағыты заңдылыққа бағынбай, кездейсоқ өзгеруі жүретін ортада немесе біркелкі ортада орын алады;
топтық (мозаикалық) орналасу ең кең таралған. Осылайша, қарағайлы орманда ағаштар топтап орналасады, біртіндеп олар біркелкі таралады. Топтық таралу жеке особьқа қарағанда ортаның қолайсыз жағдайларына тұрақты болып келеді. Жануарлардың популяциясының ішінде топтар әралуан атқа ие: прайд, гарем, отар, колония және т.б.