Тарау 1 Сирек және жойылып кетуге жақын өсімдіктердің жағдайын бағалау үшін оларды популяциялық деңгейде зерттеу керек екендігі туралы



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#119488
1   2   3   4
Байланысты:
Мухидинов Н

Популяцияның жастық құрылымы әдетте диаграмма түрінде беріледі. Өлім-жітім жастық топтар үшін әралуан болып келеді және популяция түріне байланысты. Есею және қартаюға байланысты популяцияда болатын өзгерістер өміршеңдік қисығы арқылы белгіленеді. Мутуализм - серіктестер бір-бірінен пайда табатын, организмдердің қарым-қатынасының формасы. Ресурсқа бәсекелеспейтін мутуализм арақатынасымен организмдер байланысты. Мутуализм серіктестіктің түрлі формаларын қамтиды - облигатты түрінен (симметриялы немесе асимметриялы), бұзылған жағдайда серіктестердің біреуі болмаса екеуі де жойылады, факультативті түріне дейін, серіктестерге тіршілік етуіне көмектеседі, бірақ міндетті емес (мысалы, протокооперация).

Мутуализмді үш типке бөлуге болады: ! Протокооперация, түрлер арасында әлсіз байланыс арқылы сипатталады, мысалы өсімдіктер мен тозаңдатушы жәндіктер, нақты өсімдіктер мен тозаңдатушы жәндіктер арасында тығыз байланыс жоқ. ! Мутуализм, түрлер арасында күшті байланыспен сипатталады, мысалы, аралар мен өсімдіктер еріндігүлділер тұқымдасына жатады. ! Симбиоз, түрлер арасында ең күшті байланыс арқылы сипатталады, паразитизм арасында, мысалы, қыналар.

Мутуализм бірқалыпты өтетін организмдердің басқа варианты - серіктестік тек бір серіктеске ғана пайдалы, комменсализммен байланысты. Серіктестіктің түрлі кезеңдерінде (немесе түрлі шарттарда) үлкен пайданы екі серіктестің біреуі ғана алуы мүмкін. Комменсализмді қарым-қатынастың төрт вариантына бөлуге болады: ! Арамтамақтық (бір организм басқа бір күшті организмнің олжасын жеп бітіреді, мысалы, арыстан мен шие бөрі); ! Дастарқандастық (белгілі бір ресурсты бір уақытты немесе ретті түрде тұтыну, мысалы, детритқоректілердің шіріген ағаш діңгегімен бірлестігі); ! Селбесу (бір түрдің басқа түрге тасымалдануы, мысалы жас өрмекшілер ірі жануарлармен жиі тасымалданады); ! Пәтершілік (пайда әкелмей немесе зиян тигізбей, бір түр басқа бір түрдің мекен ету ортасын мекендейді, мысалы сарышұнақ апандарында ызылдақ қоңыздар жиі мекен етеді).

Экожүйе ұйымдарындағы дұрыс қарым-қатынас маңызды рөл атқарады, мысалға алатын болсақ, антагонизм бәсекелестікпен, жыртқыштықпен және паразитизммен теңеседі. Өсімдіктердің төрт жастық кезеңін ажыратады: 1) латенттік кезең (тұқым, жеміс және т.б. өсімдіктер); 2) виргинильдік немесе прегенеративтік кезең (ол ұрық басының генеративтік мүшелер пайда болғанша); 3) генеративтік кезең - тұқымдармен немесе басқа ұрық бастары арқылы көбею жыныстық көбею уақыты; 4) сенильдік кезең немесе кәрілік кезең. Бұл кезеңге жыныстық көбеюі тоқтаған тек вегетацияға қабілетті дарақтар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет