Зерттеудің мақсаты: Кіші меткеп жасындаға балаларға эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеудің міндеттері
Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық сезімін, қиялын дамыту арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
Баланың өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және эстетикалық талғамын дамытуда жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сынып оқушыларна эстетикалық тәрбиені қалыптастыру .2-сыныпта ана тілі мен бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеу пәні:Педагогика 2-сынып ана тілі мен бейнелеу өнері.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
1.1. Педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының анықталуы
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің мақсататы — балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндетері:
— эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
— эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
— ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
— шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
— эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
— адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
— өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.
• Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
• Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
• Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.
• Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
• Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемділікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі төртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын аайтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады.
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары.
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Эстетикалық тәрбие-Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иеленеді.эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары(эмоция)мен бағамдарын туындайтын болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар:тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау,игеру және бағалау дайындығын дамыту;көркем өнер,рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығрамашылық қабілеттерін қалыптастыру.Эстетикалық тәрбие тұлғаның әсемдікті тануға орайласқан сана-сын(сезімі,бағамы,талғамдары,ұғымдары,мұраттары,құндылықтары мен көзқарастары),оның қасиеттерін,бағалау-эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет-қылық пен мінезде,өз қалаулары мен іс-әрекеттеріндегі(қабылдауында,бағалауында,шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық,сезіне жауапқа келуінде,талдауда)көрініін ашуға,анықтауға бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңызылары ретінде эстетикалық тәрбиеніңкелесі бағыттары алғаа тартылуда:көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту;оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру,театрға байланысты тәрбие мен білім беруу көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту,т.с.с
Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері;тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі,олардың эстетикалық құнды заттар,құбылыстар,көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылықпен қатысы.Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұнын:мұражайлар мен көрмелерге саяхатта ұйымдастыру,көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру әигілі орындаушылар күй табақтарын жинақтау тірі табиғат бұрышын және тағы басқа жасау.
Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтанадамның үйлесімді, жан-жақты дамуы әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.
«Эстетика» - грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы,өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
В. Г. Белинский: «Сезімнің әсемдігі - адамгершіліктің құнды жағы… Онсыз, бұл сезімсіз данышпан да,талант та, ой да жоқ. …Эстетикалық сезім - ізгілік негізі,
адамгершілік негізі», - деп түсіндіреді.Эстетика ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгізген неміс философы Александр Баумгартен (1750 ж.) болды.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Мысыр,Вавилон, Үндістан, Қытай жерлерінде бастау алды.А. В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін ашакеле, эстетика саласынан қандай да бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы (сыңаржақтылығы)деп есептеген.
Кезінде Л. Н. Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әр түрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, К. Д. Ушинский:«Барлық балалар бірі қалмастан әуесқой суретші», -диск, В. А. Сухомлинский: "Әрбір бала - ақын», - деп жазған. Қазақтың ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбырай,Абай халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отыра,эстетикалық тәлім-тәрбиенің мәніне ерекше назар аударған.
B. Н. Шацкая «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында: «Эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналадағы болмыстағы, табиғаттағы, қоғамдық өмірдегі, еңбектегі, көркемөнер құбылыстарын-
дағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу… Көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін
тәрбиелеу», - деген сипаттама берсе, А. И. Буров: «Эстетикалықтәрбиеге "әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру», - дегенді айтады.Эстетикалық тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Ол үшін жастар сауатты, терең білімді болуы керек,әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндемені, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр,білімді адам болуы керек.Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік,дене шынықтыру, т. б. тәрбие түрлерімен қоян-қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, адам дене мүшелерін танытып
алмай, дене тәрбиесін беру мүмкін емес.Эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады.Сондықтан эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге,
тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді. Олай болса, адам баласы сол әдемілік пен әсемдікті қалай түсініп, қалай қабылдайды?
Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.
Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек.
Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.
Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін – эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.
Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.
Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.
Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.
Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий, П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.
Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен келісу қиын болды.
Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз – оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастайды.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль, В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.
Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бері алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.
Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.
"Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне білуге тиіссің".
Әдемілікті сезіне жасай білуге – адам өмірін маңызды, бай және жарқын етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына бөлейді.
Табиғаттың тамашаларына, тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тырысу – зор пейілді, жақсы талғамды адамға тән творчестволық еңбектің әдемілігін түсіну. Асқан сұлулық тек қана ләззаттындырып, қуантып, әбден шаттындырып қоймайды. Ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және оны жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске батылдыққа шабыттандырады. Тамаша әріптер мен бояулар дүниесі, поэзияның әсерлігі табиғаттың сұлудығы адам мінезі мен ісәнәң әдемілігі кімнің талабы, білімге деген құмарлығы, ақылы мен өткір сезімі бар, кім көп оқиды, байқайды, ойлайды, шыдамды – осы балалардың алдында жайнап тұрады.
Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне, түсіне және бағалай білуі дамиды. "Әрбір адамның болашағы көп жағдайда балалық кезедгі есте қалғандарымен анықталады. Бұл біздің ең біркелкі және жандандыратын сусын бар табақ. Балалық шақтың елестері, сондай-ақ оқу жылдарындағы елестер – санылы өмірдің фундаменті, ол осы таза және жарқын күндер жөніндегі есте қалғандар - ұмытылмайтын барлық нәрселер сақталатын қойма сияқты", - дейді. Өзінің "Слово о молодым" деген кітабында асқан орыс мүсіншісі С.Т.Коненков. Өзінің балалық шағы жөнінде әңгімелей отырып: "Мен ешуақытта көркемөнер жолана түспес едім, егер бала кезде музыканы сүймесем", деп атап айтады. Баланың алғашқы кездестіретін адамы – оның анасы. Оның мейірімділігі мен жылы шырайлылығы, аналық жарқын сезімі, сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы, оның бесік жыры адам сұлулығының ұмтылмайтын әсері қалдырады.
Әрбір оқушының өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытады, жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ғана ықпал жасап қана қоймай, ол үшін даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті "ең таяу даму зонасы" жасап, оның келешекте "көкейтесті даму зонасына" айналуын қамтамасыз ету. Балалардың жеке ерекшеліктерін типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзінде іске асыру мүмкін емес.
Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде, эстетикалық білім беру мен оны дамытудың әдіснамалық принципі оқу-танымдық әрекетті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда таныту, білгізу, оқыту, өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс және солай болуға тиіс те. Өйткені мәселеге шыдап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзімен қарасақ, олардың ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы.
Оқушының рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есейтеді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін тауып, тағылым сабақ алады.
"Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек" деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым - қатынасты екендігі дәлелді.
Жеке оқушыға жан-жақты тәрбие берудегі маңызды салының бірі эстетикалық тәрбие, мектептің эксперимент жұмысының негізгі міндеті, эстетикалық тәрбие оқушының рухани бейнесін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |