Тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі



бет5/9
Дата08.11.2022
өлшемі93,07 Kb.
#48579
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. 2-сыныпта ана тілі сабақтарында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру тәжірибесі
Бастауыш сатыда аса қажетті пәндердің бірі – ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: “Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән – ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді”. Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы – ұстаздық ана тілі пәнінің алдына қойған осы мақсатына сай құрастырылған 2-сыныпқа арналған оқулықтағы (авторлары Рахметова.С., Жаманқұлова Г., Қабатаева Б.) материалдар төмендегідей бөлімдер бойынша орналастырылған:

I бөлім. Туған елім – Қазақстан.


II бөлім. Асыл сөз.

III бөлім. Адам болам десеңіз…


IV бөлім. Еңбек түбі – береке.


V бөлім. Табиғат – тіршілік бесігі.
VI бөлім. Өнегелі өмір.
VII бөлім. Біздің тілегіміз – достық.

Аталған бөлімдерде халық тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, М.Әуезовтың т.б. көптеген қазақ жазушыларының және басқа ұлттардың да көрнекті ақын – жазушыларының туындылары жинақталған.


“Үлгілі шығарма түсінікті болғанда ғана сезімге әсер ете алады”-дейді педагог К.Д.Ушинский. Шығарма түсінікті болуы үшін оқушыларға әдебиет теориясы элементтерінен мәлімет беру қажеттілігі туындайды. Оқулыққа сондықтан негізгі ой, ертегі, мақал-мәтелдер, аңыз, жаңылтпаш сияқты әдеби ұғымдарға қарапайым түсінік берілген. Шығармадағы түсініксіз сөздер арнайы сандықшаның суреті белгісімен іріктеліп алынып, оларға түрлі тәсілдер арқылы (синонимдік қатары, сол сөздің анықтамасы т.б.) түсініктемелер берілген. Танымал ақын – жазушыларымыз туралы қысқаша деректер келтірілді. Шығармадағы негізгі ойды түсінуге, идеясын ұғынуға, жазушының тіліне көңіл аударуға бағытталған сұрақ – тапсырмалар әрбір шығармадан соң келтіріліп отырды.


Оқулықтағы әрбір бөлім арнайы енгізілген – Зерделі мен Талапбектің сөздерімен басталады және аяқталады. Бөлімді кейіпкерлер сөзімен бастаудың себебі – оқушыларға түсінікті тілмен осы бөлімдегі шығармалардағы негізгі ойды жеткізу, әрі олард әрекетке бағыттайтын әсерлер туғызу, сондай-ақ осы бөлімнен оқушылардың алатын білімдерінің қажеттілігіне олардың зейінін аудару.


Ш.Уәлихановтың “Табиғаттың өзінде өзінше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар” деген сөзіне жан бітіріп, Отанымыздың бай табиғатын оқушы көзіне елестететіндей, туған жердің құдіретін паш ететіндей отты тілмен жазылған Ж.Аймауытовтың “Ыстық қой, шіркін, туған жер!”, Ә.Нұрпейісовтың “Туған жер”, Ж.Жабаевтың “Алатау”, З.Шүкіровтің “Ақша қар”, М.Әлімбаевтің “Көктем келді”, М.Дулатовтың “Наурыз” т.б. шығармалар “Туған елім – Қазақстан” және “Табиғат – тіршілік бесігі” бөлімдеріне топтастырылған. Мұндай шығармалардағы негізгі ой бөлімнің атының өзі айтып тұрғандай тіршілік бесігі табиғаттың әсемдігін жырлау ғана емес, сол әсемдікті көздің қарашығындай қорғау, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан жерімізді, көлімізді, орман-тоғайымызды, соны мекен еткен жан-жануарларымызды сақтау. М.Тумеровтің “Көк кептер”, М.Қалдыбаевтың “Еліктің лағы”, Ш.Айтматовтың “Бұғы туралы аңыз” атты шығармалары арқылы кішкентай оқушыларымызға айтпақ ойымыз осындай. Оны біз оқулыққа арналған арнаулы әдістемелік құралда айтқанбыз. Осы бөлімдегі шығармалар соңынан берілген. “Малды бастан ұрма”, “Аққуды атуға болмайды” т.б. Халықтың тиым сөздері арқылы да айтпақ ойымыз осы. Осындай танымдық, тәрбиелік мәнімен қатар бұл шығармалардың білімдік мақсаты да жеткілікті.


Мәтіндердегі әдемі тіркестерді, көркем сөздерді пайдаланып оқушылар табиғат жайлы әңгіме айтады, шығарма жазады.


Халық шығармаларының баланың ойын, қиялын дамытып, тілін жетілдіруде орасан зор маңызы бар екені ескеріліп, оқулықта ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуға жеке тарау бөлінген. “Асыл сөз” бөлімінде оқушылар ертегі мен төрт түлік туралы жырларды, аңыз бен шешендік сөздерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңді оқиды. “Ана арқасы мамықтай”, “Қазыбектің Төле бимен кездесуі”, “Жігіттің жақсысы” деген мәтіндер арқылы оқушылар халықтың сөз өнерін ерекше құрметтегенін ұғады, шешендік сөздердің астарын ұғынуға талпыныстар жасайды (мәтін соңындағы сұрақ – тапсырмалар көмектеседі).


Негізгі идеясы – адамгершілік тәрбиесі – оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың “Адам болам десеңіз” деген сөзімен үлкен бөлім түрінде енгізілді. М.Жұмабаевтың “…балада біраздан соң ананы сүю сезімі оянады. Анасын сүю – анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Біраз ес білген соң, туысқандық сезім, яғни араласып, айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе адам біткен баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз” деп ананы сүю, ананы құрметтеу сезімі балада бірте-бірте Отанын, елін, жерін сүю сияқты биік сезімдерге жеткізетінін айтады.


Бөлімдегі Ы.Алтынсариннің “Бұл кім?”, Ж.Смақовтың “Апаның тілін алса егер”, Ф.Оңғарсынованың “Жылу”, “Әже”, Ә.Дүйсенбиевтің “Атай” т.б. мәтіндер – ананы, әжені, туысты сыйлау мен құрметтеуді көрсететін шығармалар.


Мәтіннің мазмұнын аша түсу үшін шығармалардан кейін Қайқаустың “Кабуснама” кітабынан танымдық мәні бар деректер (75,80-беттер), нақыл сөздер (76,82,84,88,90,93-беттер) келтірілген.


Сұлулық мәселесі туралы сөз қозғағанда мінез – құлық дағдылары жөнінде айтпау мүмкін емес. Ә.Асылбековтың “Түлкі мен тиін” (қулық), С.Сарғасқаетың “Қызғалдақ пен қарасора” (әдемілік, сұлулық), Е.Ерботиннің “Даңғой” (мақтаншақтық), Ш.Смаханұлының “Тәкаппар” (өркөкіректік), О.Әубәкіровтің “Сүт қалай ұйықтайды?” (ұйқышылдық) мысалдарында оқушыны жақсы әдеттен үйреніп, жаман әдеттен жиренуіне мәтіндердегі бейнелі түйіндер көмектеседі.


Нақты тәжірибеге сүйенсек, өзімнің Балқаш қаласындағы №8 мектепті 2-сыныпта өткізген С.Бислиннің “Мүсінші мысық” деген шығармасын оқытуда оқушылардың өмірдегі сұлулықты сезінуге бағыттау жұмысын былайша ұйымдастырдым:


1-ші әдіскер – ғалым С.Рахметованың әдістемелік пікіріне сүйенсек, ең алдымен, балада оқылатын шығарма туралы жағымды сезім қалыптастырудың маңызы зор. Оған түрткі – мұғалімнің кіріспе әңгімесі болмақ. Ана тілі сабақтарындағы кіріспе әңгіме – мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындаудың сатысы. Мен осыған сәйкес, жаңа сабақты Ш.Уәлиханов туралы оқушы түсінігіне лайық әңгімеден бастадым:


“Ш.Уәлиханов қазақ халқының көрнекті ғалымы, саяхатшы. Ол орыс география ғалымдары одағының мүшесі болысымен Қашқария еліне саяхатқа баруға өтініш жасайды. Қашқария – Орта Азиядағы ел. Бұл жерді Қашқарлықтар (ұйғырлар) мекендейді. Осы уақытқа дейін орыс география қоғамында Қашқария туралы дұрыс мәлімет жоқ екен. Оның себебі – елді өте қатал хан билеген. Ол сол елді зерттеуге, сол ел туралы білуге келген оқымысты – ғалымдардың бастарын алып отырған. Ш.Уәлихановтың жазбасынан белгілі, хан алған адам бастарынан биіктігі бірнеше мың метрге жететін пирамида құрастырған. Міне, осындай елге жап-жас Шоқан Әлім деген саудагер ретінде барып, 3 жыл сонда тұрып, ханның небір сындарынан мүдірмей өтіп, өзінің “Қашқарияға саяхат” деген өте құнды еңбегімен елге оралады. Осы саяхат орыс достары арасында Шоқанға үлкен бедел әкеледі” дей келіп, “Осындай керемет ғалымның қазақ топырағында дүниеге келіп, ұлтының қазақ болуы сендерде қандай сезім туғызып отыр?” деп оқушылардан сұрауды да ұмытпадым. Өйткені әңгімені ұйып тыңдап отырған оқушылардың “Шоқан туралы тағы біле түссек” деген қызығушылықтарын байқап қалып өскенін айтып, соның бір қыры баяндалатын бүгінгі сабағымыздың тақырыбы С.Бегалиннің “Мүсінші мысық” әңгімесі екенін, әңгімеден оқушылар Ш.Уәлихановтың балалық шағының бір сәті туралы білетінін айттым. Бұдан кейін әдіскер – ғалым С.Рахметова атап көрсеткендей мәтін бойынша төмендегідей жұмыстар түрі жүргізілді:


- Мәтін бойынша сөздік жұмысы:


тасырқап – жатырқап, бөтенсіп,


ықтияр – ерік, ырық.


- Шығарма толық, одан соң Мысық пен Шоқан, Шоқан мен анасы, Шоқан мен Жақып т.б. кейіпкерлер арасындағы әңгіме бөліп-бөліп оқылды.


- Шығармаға жоспар жасалды:


I. Шоқан мен мысық


II. Жақыптың кесір мінезі


III. Шоқанның қайырымдылығы


Шығарма бойынша шығармашылық жұмыс жүргізілді: әр кейіпкерге мінездеме берілді.


Мәтінді оқу арқылы оқушылар Шоқанның бала кезінен біршама мағлұмат алды. Оның Мысық атты кедей баламен адал достығы, ол баланың балшықтан түрлі мүсін жасай білетін шеберлігі, оның өнеріне бала Шоқанның қатты қызығуы шығармада әсерлі берілгендіктен, оқушылардың есінде бірдей сақталды. Шоқан ақсүйектің тұқымы болса да, оның адамды алаламайтын асыл қасиеті аталып өтті. Сен немене, мені жатырқап қалғансың ба?-деді Шоқан Мысықты өзіне тарта сөйлеп – сен мына ойыншықтарды маған бересің бе? деген жолдардан Шоқанның сары балаға деген ықыласы мен шынайы балалық қолқасы білінсе, “Кәне, көрсетші, өзінің ұстасың ғой” дегенінен баланың өнеріне деген сүйіспеншілігі, ал “Маған ана балшық атыңды берші?” деп қолқалауынан өнерді түсініп, оған қызығуы аңғартылған.

Сондай-ақ “Не бересің? Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе? – деп Мысық икемге келе бастады” деген жолдардан Мүсінші баланың жағдайсыз, кедей баласы екендігі, әрі ойыншықтарының оңайлықпен жасала салмайтындығын, оның да бағасы, құны болатындығын түсіндіру артық етпейді. Мәтіннен Шоқанның інісі Жақыптың өрескел қылығына арлануы, інісінің мінезіне қарама-қайшы келетін мейірімділік мінезі мына жолдарда көрініс тапқан: “Інісінің ешбір кінәсіз баланы ұрып кеткен тентектілігіне ішінен ыза болып тұр. Ол Мысықты қолынан тартып, үйіне қарай алып жүрді. Мысықтың тартынғанына қойған жоқ”.


Оқушылар мәтінді оқи түскен сайын Шоқанның әрбір өнегелі іс-әрекетіне сүйсініп, әділдігіне, адалдығына қызыға түседі. Оның – “Аулақ кет, мұнда нең бар? Қорқытпа, тиіспе, бұл менің жолдасым”, - деуі, “Әжеке, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші! “ – деп шешесіне өтініп етуі – соның дәлелі. Ал бір туған Шоқан мен Жақып мінездерін оқушыларға салыстырта отырып, Жақыптың тым ерке, шолжаң екендігін, оның оқымағандығын, әлі ақыл тоқтатпаған жастығын да айтып өткен жөн. Мәтіндегі “Үлде мен бүлдеге оранған үлкен ақ сары әйелдің қасында отырған әлгі тентек Жақып қолына шыбыртқы қамшы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарап:


Өй, өзін қара, неге келдің, айда шық, - деп тұра жүгірді” деген жолдардан өзін өзгеден биік, артық санайтын, ақылдан гөрі қызбалығы басым, дөрекі мінезді Жақыпты оқушылар “Ондай болмау керек”, “дөрекілік – жаман қасиет”, “көргенсіз баланы ешкім де ұнатпайды” деген сияқты ой-пікір білдіруге жетеленеді. Сөйтіп, оқушылар жаманнан жиреніп, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстап, озбырлыққа, әділетсіздікке жандары қас болып тәрбиелен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет