Тарау. Жалпы химия бөлім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Химиялық және физикалық құбылыстар



Pdf көрінісі
Дата10.05.2023
өлшемі357,96 Kb.
#91539


1 тарау. Жалпы химия 
1 бөлім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары 
1.6 Химиялық және физикалық құбылыстар 
1.7 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі. Химиялық реакцияның 
белгілері 
Химиялық және физикалық құбылыстар 
Физикалық құбылыс 
Біздің айналамыздағы заттар түрлі өзгерістерге ұшырайды: шалшықтар кебеді немесе қыста 
қатады, су буланады немесе мұзға айналады, күзде өсімдік жапырақтарының түсі өзгереді 
(хлорофилл ыдырайды). Заттардың осындай өзгерістерге ұшырауы құбылыстар деп аталады. 
Заттардың молекулаларының құрамы өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар физикалық 
құбылыстарға жатады. Мысалы, су буланғанда молекулааралық байланыс үзіліп, олардың 
арақашықтығы үлкейгенмен, молекулалар өзгеріске ұшырамайды. 
Физикалық құбылыс кезінде заттардың агрегеттық күйлері, пішіні және өлшемі өзгеріске 
ұшырайды.
Заттардың бұл қасиеттері өндіріс салаларында кеңінен қолданылады: алюминийдің иілгіштік 
қасиеті одан сымдар мен фольга жасауға, жеңілдігі мен электр өткізгіштігі одан электр сымдарын 
жасауға және ұшақтар мен т.б. заттарды жасауға мүмкіндік береді. 
Физикалық құбылыстарға келесі процестерді жатқызуға болады: балмұздақтың еруі
соққыдан металдың сығылуы, қанттың ұсақталуы, металл және құймаларды балқыту, судың 
булануы және мұздың балқуы: 


Химиялық құбылыс 
Бір заттан екінші бір зат түзілетін құбылыс химиялық құбылыс немесе химиялық 
реакция деп аталады. Химиялық құбылыс кезінде түзілген жаң зат бастапқы заттан қасиеті және 
құрамы ерекшеленеді. 
Химиялық реакциялардың жүру белгілері 
1. Жарык пен жылудың бөлінуі, немесе сіңірілуі; 
2. Заттың түсінің өзгеруі; 
3. Тұнба түзілуі немесе оның еріп кетуі
4. Газдың сіңірілуі немесе оның бөлінуі; 
5. Иістің пайда болуы мен оның жойылуы. 
Түстің өзгеруі. Химиялық реакциялардың көпшілігі заттардың түсінің өзгеруі арқылы 
жүреді. Мысалы, егер малахитті қыздырса, қара түсті мыс оксиді және түссіз көмірқышқыл газы 
түзіледі немесе сендер сұр түсті болат бұйымдардың бетінде қоңыр қақтың пайда болғанын 
байқаған боларсыңдар. Екі жағдайда да заттардың түстерінің өзгеруі байқалады. 
Тұнбаның пайда болуы. Кейбір химиялық реакциялар нәтижесінде тұнба деп аталатын 
қатты заттар пайда болады (белгіленуі — ↓). Мысалы, сүттің ашуы кезінде тұнбаның түзілгенін 
байқауға болады. 
Газдың бөлінуі. Кейбір реакциялардың жүру барысында газ түзіледі (белгіленуі — ↑). 
Мысалы, газдалған сусындарды ашқанда көмірқышқыл газының бұрқырап бөлінгенін байқауға 
болады. Мүмкін, сендер осындай газ бөлінетін тәжірибені ас содасына сірке қышқылын қосып 
жасаған боларсыңдар. 
Химиялық құбылыс пен физикалық құбылыстың ерекшелігі 
Химиялық құбылыс (процесс/өзгеріс) - "жаңа өнім" алу деген сөз. Мысалы, сутек мен оттекті 
әрекеттестіріп су алу, мұнда су - жаңа өнім. Осы тақырыпқа қатысты сұрақтарға дұрыс жауап беру 
үшін құбылысқа дейінгі және құбылыстан кейінгі заттарды салыстыру керек. Егер заттар құрамы 
өзгермей, сол қалпында қалса, онда құбылыс физикалық. Ал бастапқы зат пен құбылыстан кейінгі 
заттар бір-біріне тіптен ұқсамай, құрамдары әртүрлі болса, онда процесс химиялық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет