Тарау. Салықтар және салық салудың теориялық аспектілері


Салық салудың қазіргі кағидаттары мыналарға саяды



бет4/5
Дата25.09.2022
өлшемі26,75 Kb.
#40177
1   2   3   4   5
Салық салудың қазіргі кағидаттары мыналарға саяды.
Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде карастырылады:
а) «деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді.
ә) «сатылас теңдікті» сақтаужеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді колдана отырып жүргізілуі тиіс.
Қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
Салықтардың анықтылығы - алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі. 
Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер кұндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, кызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашкақтау қажет.
Салық салудың экономикалық қолайлылығы. Салықтар экономиканын жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.
Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.


3 сурак «Салық механизмі» ұғымының экономикалық мазмұны. Салық механизмінің құрылымы
Салық механизмі - қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал-әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да салық саясатының, салық жүйесінің бірыңғай, әрі тиімді қызмет етуі салық механизміне тікелей байланысты.
Салық механизмі салық теориясындағы ұйымдастырушылық экономикалық категория ретінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтын басқарудың обьективті процесін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет