Тарау. Салықтар және салық салудың теориялық аспектілері



бет1/5
Дата25.09.2022
өлшемі26,75 Kb.
#40177
  1   2   3   4   5

  1. Тарау. Салықтар және салық салудың теориялық аспектілері

3 Такырып. Салық саясаты және оның мемлекеттік экономикалық саясатты жүргізудегі рөлі. Салық механизмі.
Жоспар:
1 Салық саясаты түсінігі және оның мемлекеттік экономикалық саясатты жүргізудегі рөлі. Салық саясатының мақсаты мен міндеттері
2 Салықтардың обьективтілік қажеттілігі, оның функциялары мен қағидаттары.
3 «Салық механизмі» ұғымының экономикалық мазмұны. Салық механизмінің құрылымы


Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Мемлекеттің экономикалық саясаты дегеніміз — ұлттық мүдделерге қол жеткізу үшін нақты уақыт аралығында сол құралдарды жүзеге асыруды реттеуші тетік деп айтуға болады. Негізінен мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізуде мына жағдайларды ескеру қажет:
1. Экономикалық саясат, негізгі екі фактордың əсерінен, яғни үнемі өзгеретін экономикалық жағдайлардың жəне экономикалық ойлардың деңгейін ескеріп отыруы қажет;
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігі, елдің даму ерекшеліктерін ескерген уақытта жоғары деп саналады;
3. Елдің экономикалық саясаты, елдің саяси бағыттарын қолдаудағы негізгі шешуші құрал болып табылады.
Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды. Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді.
Салық саясаты – мемлекеттің қаржы қажеттіліктерін жабдықтау мақсатында елдегі салық жүйесінің қалыптасуы мен мемлекеттің экономикалық, қаржы және заңға сүйенген өлшемдерінің , қоғамның жеке әлеуметтік топтары, сонымен қатар қаржы қорын қайта бөлісудің есебінен ел экономикасы дамуының жиынтығы. Мемлекет бұл қызметте салыққа тән функцияларға арқа сүйейді және белсенді салық саясатын жүргізуі үшін оларды қолданады.
Мемлекеттің экономикалық дамуы кезеңінде маңызды саналатын экономикалық жағдайы мен мақсатына байланысты салық саясатын жүзеге асырушы әртүрлі жүзеге асырады. Экономикалық саясаттың құрама бөлігі бола тұра, соның әдістері мен түрлеріне иық артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет