Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Салықтардың мәні олардың функцияларында көрінеді. Жалпы қаржылар категориясы тұрғысынан салық қосалқы категория болып саналады, сондықтан да қаржыларға қатысты салықтардың функцияларын қаржылардың бөлгіштік функциясының құрадас қосалқы функциялары ретінде қарастыруды ескерген жөн.
Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі 3 функция орындайды.
Фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлуқызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету.
Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану және тұтыну көлеміне ықпал етеді. Жалпы қаржыларға сияқты салықтарға да бақылау функциясы тән, ол қаржылық көрсеткіштерді сандық бейнелеу арқылы бюджетке салық төлеушінің салықтық төлемдерді төлеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеруді қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасыкалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидасы жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады.Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама колдану белгілі бір киыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде кандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді каржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.
2) «қайыр көрсету» төлем қабілеттілігі қағидатқа сәйкес «кайыр көрсету» субъектілер үшін колайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс.