Осы процестердің сферасын үш түрлі ішкі жүйеге бөлуге болады, яғни олар:
салықтық жоспарлау мен болжау;
салықтық реттеу;
салықтық бақылау.
Негізінен салық механизмінің құрылымы мынандай негізгі элементтерден тұрады, яғни, салық жүйесі, салықтарды болжамдау, салықтарды есептеумен алуды ұйымдастыру, салықтарды алу әдісі, және салықтардың уақытылы әрі толық көлемде түсуін бақылау жүргізу. Осы процестер мен кезеңдердің барлығы салық түсімдерін жоспарлау мен болжамдаудан бастап, олардың түсуін салық органдары салық арқылы бақылаудың бірыңғай жүйесін құру.
Салық механизмінің әр бір кезеңін, сатысын зерттеу қаржы ғылымында өзекті тақырыптарға жатады, өйткені салық механизмінің ұтымды ұйымдастырылуынан жалпы салық жүйесінің жай- күйі тікелей байланысты, әрі мемлекет кірістерінің көзі бюджетке тигізер әсері де мол.
Салық механизмінің құрылымы келесі элементтерден тұрады: -салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);
-салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;
-салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;
-салық салу қағидалары;
-салықтарды басқару жүйесі;
-салық элементтері;
-салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;
-салықтық федерализм;
-салықтық бақылау;
-ақпараттық қамсыздандыру;
-салықтық есеп қисаптар.
Бүгінгі салық механизмі арқылымемлекеттің жалпы экономикалық саясатының ұштасуы анық, өйткені, біріншіден мемлекеттік экономикалық реттеу жүзеге асырылса, екіншіден нарықтық экономика өз дамуын іске асырады екен.
Осы салық механизмі бүгінгі танда мемлекеттің мақсатты түрде экономикалық саясатын жүргізе отырып, қоғамның экономикалық дамуына экономиканың және қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасы арқылы кәсіпкерлік пен еркін бәсекелестікті ынталандыру немесе тежеу қызметінде жүргізіледі.