Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет112/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекеті әлемдік биіктен көріну үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау.
Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеу, мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі. (Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында).
Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.
Мәдениет – тұлғаның бойындағы рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы.
Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Патриоттық құндылық - қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту, елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет