Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет24/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116

Екінші бағыт – рухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдаған мораль нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне, рухани және нәтижелі қызметте шығармашылық әлеуетін іске асыруына; адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік (нигилистік) көріністеріне; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына; діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы. Іске асыру механизмдері: оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту; «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты және т.б. арқылы жүзеге асырылады.


Үшінші бағыт – ұлттық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): отбасына; аға буынға, атасына, әжесіне; ата-анасына – әкесіне, анасына; аға-бауырлары мен апа-қарындасына; туысқандарына; отбасы мүшесі ретінде өзіне; өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға; адамгершілік қағидаларды қолдау арқылы отбасының құндылықтарына және дәстүрлеріне; балаларының оқудағы және шығармашылықтағы табысы,мектептегі тәрбие процесінің жетістіктері үшін ата-аналарға; ата-аналардың мектептегі іс-шараларды өткізуге; балалардың психологиясына, дүниетанымына құрметпен, ұқыпты қарауы. Іске асыру механизмдері: Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандардың кеңесін, бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» фестивальдері, жақсы тәжірибесі бар отбасылармен кездесулер, бала тәрбиесіне көңіл аудармаған отбасыларға қоғамдық, педагогикалық ықпал көрсету; балаларының теріс қылықтарына ата-ананың жауапкершілігін күшейтуде ҚР-ның заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне, экологиялық қызметтің уәждемесі мен тәжірибесіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне, туған өлке табиғатына, жергілікті,аймақтық және ғаламдық экологиялық проблемаларға; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі қызметке; адамдардың өмір сүру жағдайын анықтайтын табиғат ортасына; «Жасыл экономикаға» және энергияны сақтауға; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; мемлекеттің, өз өлкесінің экономикалық дамуына, инновациялық технологиялар енгізуге; кәсіптік білімге және еселі еңбекке; қоғамның материалдық жағдайын жақсартуға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; нарықтық экономиканың заңдарына; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа позитивті көзқарас танытуы.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.; Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет