Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері



бет27/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

3.3 Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері. Педагог құзыреттілігі жоғары тұрғыда қабілетті, білгір, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. “Құзыр”, “құзырлылық” ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын алмайық, “қабілет”, “біліктілік”, “дайындық”, “білім”, “сапа” деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің “өлшемдік сәйкестігін” білдіреді. Бұл, “құзырлылық”, “құзыр” ұғымдарының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді. Құзыр, құзырлылық ұғым арасындағы өздеріне тән белгі нақты ажыратылмайды. “Құзыр”, “құзырлылық” ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын алмайық, “қабілет”, “біліктілік”, “дайындық”, “білім”, “сапа” деген тірек сөздермен шектеледі, адамның кәсіби аймағындағы қызметінің “өлшемдік сәйкестігін” білдіреді. Бұл, “құзырлылық”, “құзыр” ұғымдарының мағынасының бірдейлігін емес, үйлесімділігін көрсетеді.
Біліктілігі мен қабілеті ретінде беріледі, қойылған мақсатқа жетудегі үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланысты, тәсілдер мен құралдарды жетік біледі деген мағынада қолданылады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске ықпалы маманның кәсіби шеберлігін, білімі, білігі, дағдысы, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, тұлғаға деген сүйіспеншілігі үлкен әсері бар. Білімін ұдайы жаңарту, нақты жағдаяттарда білімін ұтымды пайдалану үшін жаңа және әлемдік ақпараттарды меңгеру негізінде тәрбие үдерісін дамытуға ықпалы етеді: тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік қырларын меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
Жоғары оқу орындарында болашақ маманның құзыреттілігі оқу танымдық, құнды - мағыналы, ақпараттық, коммуникативтік, өзін - өзі жетілдіру тұрғысынан қамтылады:
- болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;
- мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзыреттілік;
- болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;
- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;
- физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Құзырлылықты адамның тек ақпараттануын, ақпаратты пайдалану біліктілігін емес, өз шешімін қабылдауға негіз ретінде пайдаланудағы тұлға сапасы, тұлғалық сипаттама ретінде қарастырады. Құзырлылық – бұл тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі, адамзаттың мәдениетімен барлық құрылымдық жағынан теңдес келетін және өзіне тек білімділік, операционалдық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құрамдас бөліктерді қамтитын қабілеттілік».
Оқушыларға білім, білік, дағды мен қоса құзырлылық компоненттерін іске асыру көзделіп отыр. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсерінде құзырлылықты моделіне – білім және оның ұйымдастырылуын, білік және дағдының пайдаланылуын, шығармашылық – интеллектуалдық әлеуетін, әлемге деген эмоционалдық-адамгершілік жағымды бағдарын, яғни, эмоционалдық, еркіндік, адамгершілік, эстетикалық тәрбиелілік жүйесін жатқызады. Сонымен бірге тұлғаның өздік жұмысқа жұмылдырушы мектептегі өзін өзі басқару, соның ішінде берілген қоғамдық жұмыстардағы әрекеттерді табысты орындау, білім алуға деген ынтасын арттыру, өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, мектептің жеткен табысын өз табысындай қабылдау, оны қорғай білу маңыздылығына баса назар аударады.
Құзырлылық білім беру үрдісі нәтижесінде оқушының мінез-құлқына, әрекетіне қойылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, жатық іс-әрекеттер арқылы анықталатын ұғым, ал құзырлы адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік тұғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды
И.А.Зимняя жоғары оқу орындарындағы реформалаудың құзыр негізіндегі кәсіби оқуға бағдарлануына байланысты, білімді бағалаудағы басымдықты оқыту үрдісінен нәтижеге бағыттыу керек деген қорытынды жасайды.
И.А.Зимняя “құзыр”, “құзырлылық” ұғымдарына бірдей мәндік мағына бере отырып, құзырлылық құзырдың өзекті түрде көрінуі-дейді. Құзыр ішкі әулет, психологиялық жаңа түзілім(әрекет бағдарламалары, құндылық жүйелері, және қатынастар) ретінде адамның құзырлылығында байқалады делінген. “Құзыр”(мазмұндық бөлімнің) құрамдас бөлік, «құзырлылық» ұғымы мазмұндық бірлік, яғни құзырлылық құзырға қатысты жинақтаушы ұғым болып табылады деген бекімге тоқталады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсерін айқындағанда рефлексия негізгі орын алады. Рефлексия – нәтижелі білім алудың бастауы. Рефлексия (лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі философиялық жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Рефлекция - өзін өзі дамыту, жан мен тән үйлесімдігі , өз ойын жинақтау. Рефлекция – білімді, адамды дамытудың шарттарының бірі.
Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсерін нақтылау барысында ғалым Лейбництің рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік; Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау; Гегельдің рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы мен құбылыстың өзара бейнеленуі.
Рефлекстеу сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды. Ғалымдардың анықтамаларын саралай келе педагогикалық рефлекция - даралық, шығармашылық, авторлық ізденістері мен соның нәтижесі , кәсіби рефлекция – мамадығына сәйкес нәтижелі білім алу, өзін өзі дамыту, жан мен тән үйлесімдігі , өз ойын жинақтау. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері болашақ педагогтың құзырлылығы жоғары оқу орындарында, мектепте, білім мекемелерінде жан жақты қамтылады: болашақ мамамаманыңның инновациялық және ақпараттық технологияларды меңгеруі; болашақ маманның құзырлығының дамуы болашақ маманның педагогикалық және психологиялық құзырлылығының дамуы; болашақ маманның кәсіби қызметінің құндылық, мәнділік қырларын өзектендіру; педагогикалық жобалау технологияларын меңгеру. Тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнін оқыту арқылы кәсіби құзырлы маман - білімді, білікті, дағды, дайындық, практикалық біліктілік, арнайы қажетті білімі, кәсіби біліктілігі, кәсіби маман болуға ұмтылысы, қалыптасу үдерісімен бірге болашақ маманның бойында этикалық мінез - құлық, жалпы дүниетанымы, өсуге деген қажеттілік, беделділік, мәдениеттілік дағдысы, қабілет деңгейі, коммуникативтік құзыреттілігі, психологиялық сапасы, сұраныстарға жауап беруі, тұлғалық құндылықтарды дамыту көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет