Семинар тақырыбы. Тәрбие құралдары, әдістері, формалары педагогикалық үдерістің қозғаушы тетігі.
Мазмұны.Тәрбиенің мақсаты, құралдары, әдістері, ұйымдастыру формаларының өзара байланысы. Тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырудағы маңызы. Сынып сағатының ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызметтері.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар Оқушының қоғамдық тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістерінің жіктемесін айтыңыз.
Үйрету, тапсырма беру, жаттықтыру, тәрбиелік жағдаяттарды қолдану әдістерінің мәні неде?
Педагогикада іс-әрекет пен қоғамдық мәдени тәжірибені басқарудың қандай заңдылықтары бар?
Сынып оқушыларына берілетін қоғамдық тапсырмаларды қалай тиімді пайдалануға болады?
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар Педагогика оқулықтарындағы тәрбие әдістерінің жіктемесімен танысып, оларды салыстырыңыз.
Оқушылардың жағымды тәжірибесі мен мәдени дағды деңгейін қалыптастыру әдістерінің жіктемесін айтыңыз.
Тәрбиеленушінің қоғамдық тәжірибесі мен мәдени дағды деңгейін қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
Тәрбиешінің мәдени деңгейді қалыптастыруға байланысты жасаған бірнеше іс-шарасындағы жаттықтыру тізбегін көрсетіңіз.
Оқушылардың мәдени дағды деңгейін қалыптастырудың маңызын түсіндіріңіз.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар бойынша эссе, тезис, қысқаша баяндама, реферат жазу Тәрбиеленушінің қоғамдық тәжірибесін қалыптастыру әдістері.
Тәрбиенің жалпы әдістерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы қызметі.