Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет41/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

С.Иманбаеваның тәрбиелік жүйесі. Тәрбие жүйесін іске асыруда сыныптан тыс уақытта ”Болашақ” оқушылар ұйымының үлгі ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен республика мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке басылық қасиетін, саяси көзқарастарын қалыптастыруда мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді , өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін жан-жақты жетілген, іскер, саналы азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым ретінде республика мектептерінің оқу тәрбие үдерісіне енгізілді. Ұйым оқушылардың талап, тілектерін, білім және білік дағдыларын, қабілеті мен іскерліктерін дамытып бағыттау жолында “Асыл мұра”, “Iзденіс”, “Достық”, “Ұшқын”, “Домбыра-дастан”, “Ерлік”, “Бизнес”, “Сымбат”, “Өсиет”, “Iзгілік” шығармашылық бағыттары құрылады. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Болашақ маршы» (сөзі: И. Сапарбайдікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Балдырғандар жыры» (сөзі: С. Қалиевтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Ұландар жыры» (сөзі: Е. Елубаевтікі, әні: Ж.Еңсеповтікі) «Мұрагерлер жыры» (сөзі: Р.Сәтімбекеовтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі).


М.Құрсабаевтың тәрбиелік жүйесі. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1991 жылы сыныптан тыс уақытта жүргізілетін 41 бағыттан тұратын “Атамекен” бағдарламасы тәрбиелік жүйесін республика мектептерінің оқу тәрбие жүйесіне енгізілді. Бағдарлама мектептің тәрбие жүйесіне “Шежіре”, “Салт”, “Бабалар өсиеті”, “Сөнбес жұлдыздар”, “Дәстүр” атты т.б. бағыттар негізінде енгізіле отырылы, мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, шежіре мен тарихты тануға ықпал етеді.
Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үдерістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі

ұғымдарының мағынасын қалай түсінесіз?

  1. А.С.Макаренконың тәрбиелік жүйесі мазмұнына тоқталыңыз.

  2. И.П.Ивановтың «Жалпы қамқорлық педагогикасының» ерекшелігіне тоқталыңыз.

  3. Л.И.Новикованың тәрбиелік жүйесі.

  4. Тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету факторы (В.С.Безрукова бойынша).

  5. В.С.Кукушкин бойынша тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттары қандай?

  6. Жүйеасты бөліктер дегенді қалай түсінесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет