Тарау.ӘЛ-фарабидің педагогикалық гумандылық КӨЗҚарастарын зерттеу


-ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



бет7/12
Дата04.06.2023
өлшемі474,5 Kb.
#98586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дип.-ӘЛ-ФАРАБИДІҢ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ЖӘНЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-КӨЗҚАРАСТАРЫ

2-ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
2.1 Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық идеялар.

Фарабидің педагогикалық теориясында оқыту мен тәрбие өте тығыз да біртұтас байланыста қарастырылғанымен, олардың педагогикалық құрал ретінде ерекше, әрқайсысына ғана тән жақтары да ажыратылады. Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...".


Былайша айтқанда, Фарабидің пайымдауы бойынша оқу — философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие — ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.
Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды. Кең мағынада алып қарасақ ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық т.б. тәрбиелер түрлерін енгізіп қараған сияқты.
Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал, әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді. Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптастыруда ерік- қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара-бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-кұлықты болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің "Бақытқа жол сілтеуінде" былай дәйектеледі: "Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші — бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.
Біз мінез -құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез- құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе — әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.
Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай...
Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет. Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек"
Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберліктерді, жақсы мінез-құлықты дарытуда ол тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдісті — жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыра қолдануды талап етеді.
Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді. Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. "'Жаман қылық — ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек" — дейді ғұлама. Фарабидің "Бақытқа жету жолы" атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндайды
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық мұрасы да тілегей – теңіздей мол дүние. Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім – тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Оның арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай – ақ педагогика, методика мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтылғанымыздың айғағы.Оның оқу – білім, тәлім – тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты атты лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Нағыз бақыт осы дүниеде ғана, оны басқа жерден іздестірудің қажеті жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады./67/
Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт. Бірақ дүниеде жалғыз жүріп бақытқа жетуге болмайды. Ол үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл – ойының жан – жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет, парасаттылық адамға өзінен өзі келмейді. Ол ұлан – ғайыр еңбек етіп, ғылым-біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы білімділік үлкен адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен,білім, дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену (инициатива) одан соң парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп логикалық ойлауға машықтанады, теорилық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әдеттенеді. Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым –қатынастар жайлы айтқан пікірлері ерекше маңызды. Мәселен, адамда достықтың екі түрі болады.Оның бірі - адам дос, екіншісі - айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, достар бір – біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы тиіс. Жақсы достың сенімін қастерлеп, ақтаған абзал. Осындай достар ащы –тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Фараби нағыз шынайы достықты дәріптеп, жұртты осындай адамдардан үлгі алуға шақырады. Достықтың екінші бір түрі - алдау – арбау негізінде құрылады. Мұндай «досқа» адам өзінің құпиясын, мінез – құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Бірақ жалған достарды да тәрбиелеуге болады, оларды адал жолға түсіру үшін қажымай- талмай жұмыс жүргізу қажет. Бір-біріне қас жау адамдардың да екі түрі болады. Бірі - өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар да, екіншісі - көре алмаушылықтан жауығатындар, Фараби бұлардың біріншісінен ерекше сақ болудың, олардың ой – пікірін үнемі таразыға салып, қадағалап, біліп жүруді ескертеді. Ол осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеу қажет дейді.
Гуманист –ғалым кей жағдайда жау адамды да түзеп, кемшілігін бетіне басып айтып отыру да қажет, егер бұл шара іске аспаса, олардың көзін құртқан да жөн дейді. Бірақ мұндай шараны ой таразысына салып, асықпай жүзеге асыру керек. Ал көре алмаушылық пен күндеуден жауласқан адамға байыпты қарым – қатынас жасалған дұрыс. Мұндай адамдардың көзінше көре алмаушылық және күндеушілік себебін ашып, бұлардың көзін шындыққа жеткізу жағын ойластырған мақұл. Бейтарап адамдардың да жолдастық, достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз болады. Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ, кейде дұрыс ақыл – кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс. Бейтарап ададардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ой-тілектегілер араз адамдарды татуластыруға, олардың арасында қарым –қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді. Сондықтан бұларға көңіл бөліп, іс – әрекетіне демеу беріп отыру қажет. Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байыптылықпен қарым – қатынас жасап отыру қажет. Ғұлама ғалым мақтаншақтармен аяусыз күрес жүргізудің қажеттігіне ерекше тоқталады. Соңғылар өзін жұрттан артық ұстағанды ұнатады, ылғи да өзімдікі дұрыс, бір өзім ғана білемін деп даурығады, айтқанын жұрттың екі етпей орындағанын жақсы көреді. Бұлардың іс - әрекетіне де қарсы тұрып, теріс қылықтарын үнемі бетіне басып, жаман қылығына көзін жеткізген дұрыс. Мақтаншақтардың да тиісті тәрбиенің арқасында тезге салып, олардың қораш мінездерін тежеп, қарапайым ізгі жан етуге мүмкіндік береді.
Фараби жастарға ғылым – білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл –кеңес береді, ғалым адамның моральдық бейнесінің қандай болуы керектігі жайлы пікірін ортаға салады. Ғылым – білім үйренемін деген жас адамның ақыл – ойын айқын, ерік – жігері, тілек –мақсат тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді. Онда ғылымнан жәй ляззат іздеу, нәпсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет болмауы қажет. Адам көздеген мақсатына жетуі үшін бұған жетудің тәсілін, жүрер жолын жақсы білуі шарт. Сонан соң барып қана оны меңгеруге кірісуі қажет. Шын қызықтырған нәрсе ғана адамды өзіне ие етеді, бір кәсіпке, не өнерге талпыну үшін адамға бәрінен бұрын табандылық керек. Сонда ғана ол белгілі білім саласында сындарлы пікір айта алатындай жағдайға ие бола алады. Ғылымды ұғу үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет... Ғылымнан басқамен шұғылдануды азайту керек болады. Әрбір нәрселермен шұғылдана беруде істе тәртіпсіздік пайда болады. Арада мың жыл өткеннен кейін дәл осындай пікірді өзінің отыз екінші сөзінде Абай да айтқан ғой. «Көңілің өзге нәрсеге болса, - деп жазды ол,-білім, ғылым қонбайды. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.../22/
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек». Фараби нағыз ғалым принципшіл, қулық – сұмдықпен, ұсақ – түйекпен, өсек – аяңмен ісі жоқ, жұртты алдап- арбауды білмейтін, басқаларға асқан ілтипатпен қарайтын, ерекше кішіпейіл болуы керек, білімділік оның өнегелі мінез-құлқымен ерекше безендіріліп тұрмаса болмайды, - дейді. «Білімді болу деген сөз,-, деп жазды ол,- белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз... білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады». Адамға ғылым қандай жағдайда ұялайды, ол миға қайткенде қонады дейтін сұраққа Фараби былайша жауап береді: «Қандай бір ғылым болмасын көңілге дербес, ерекше мәндерді (негіздерді деген мағынада) ұғыну арқылы ұялайды... Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінудің өзі жеткілікті. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғымымыз жинақталғаннан кейін ғана барып біздің санамыз өзіне тән рөлді атқара бастайды».
Фараби еңбектерінде ұстаз бен шәкірттің ара қатынасы, бұл екеуінің психологиялық қасиеттернің қандай болуы керек екендігі жайлы де аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы аталған қасиеттері болуы шарт. «Пәлсапаны үйрену үшін алдын – ала нені білуі қажет?» дейтін еңбегінде ол былай дейді: «Мұғалімдік (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін халге жетеді. Егерде өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт,- дейді Фараби, - бұл шәкірттің мінез – құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру». Мінезділік - бақытты болудың шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп- оңай айырылып қалады, тіпті кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін – сол адамның нашар мінезі. Сондықтан жастардың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастаған абзал, ал оқу орындарында бұған ерекше назар аударып отырмаса тағы болмайды.
Фарабидің ұғымында ізгі, қайырымды қаланың басшысы да, медресе имамы да жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі. Егер имам шәкірттерді оқытып – тәрбиелесе, қала басшысы барлық жұртты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса, мұның екеуі де «сегіз қырлы, бір сырлы», халыққа қай жағынан да болса үлгі көрсететін ақыл – парасаты басқалардан көш ілгері тұратын, өн бойында атап айтқанда төмендегідей сипат –қасиеттері болуы керек: яғни мүшелері мүлде мінсіз, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз,... өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан – анық бере алатын, өнер- білімге құштар, тағамға, ішімдік ішуге, сыр -сұхбат құруға келгенде қанағатшыл, жаны асқақ және ар -намысын ардақтайтын, жаратылысынан игі істерге ынтызар, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, әділеттілік пен әділеттерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін, жақындарына, жат адамдарға да әділ, пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек бойында туа біткен он екі, сондай –ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір – бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа басшы бола алады дейді./4,19/
Ғұлама дидактика, методика мәселелеріне де ерекше мән берген. Шәкірттердің білім меңгеруі, олардың жақсы әдет мен қажетті дағдыларға, икемділік пен шеберлікке машықтануы біртіндеп қалыптастындығын айтқан. Жасөспірім, жеткіншек үшін ұстаздың дұрыс бағыт беретін әсерлі де өнегелі сөздері аса қажет. Фараби ғылым – білімді, белгілі мамандықты өз қалауымен меңгергендерге сөзбен әсер етудің жеткілікті болатынын, ал оқуға ықыласы төмен, қисық – қыңыр адамдарға зорлау принципін қолдану керектігін де айтады. Ол жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге ерекше мән бөледі. Мәселен, математикалық ғылымдардың ұғымдарын меңгеруде қарапайымнан күрделіге, яғни жекеден жалпыға көшу қажет, сезімге жақын нәрселерден бастау - шәкірт табиғатына сәйкес келді, - деп ол дидактикадағы (оқыту теорисы) көрнектілік принципіне тоқталады. Оның «білу», «білім» сияқты негізгі педагогикалық ұғымдардың анықтамасын тізіп, бұл жөніндегі «Музыканың ұлы кітабында» былай дейді: «Білу – бұл нәрсені түсіну-ұғу, оның болмысының себебін ұғыну, ол нәрсе басқаша емес, тек сондай болатынын түсіну деген сөз. Сонымен қатар, бұл осы заттың болу жағдайын (шартын), жән салдарын логика өнерінің «Талдау кітабына» Аристотельдің «Аналитика» деп аталатын трактаты сәйкес келуі. Сондай –ақ «білім» бұл мағынада оны ұғынудың, түсінуді жеңілдететін және оған жол сілтейтін нәрселердің бәрін, мысалы, анықтамалар, ұғымдар, белгілер т.б. бір сөбен айтқанда, «Талдау кітабында» айтылған индукцияның барлық элементтерін қамтиды. «Білім» (білу) деген сөз тек осы шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана ғылым дәрежесіне көтеріледі... Бір нәрсені білу – тек ілгеріде белгілі болған басқа нәрселерді білу негізінде ғана жүзеге асады».
Білім негіздерін меңгеруші шәкірт пен ғылым жолын қуған жас талап үшін Фарабидің өз басы да теңдесі жоқ өнеге. Өзінің рухани ұстазы Аристотель еңбектерін ол қандай мұқияттылықпен, керемет бейнетқорлықпен оқып үйренді десеңізші! Мәселен, ол Аристотельдің «Жан туралы» трактатын жүз қайтара, «Табиғат үйлесімділігі» дейтін еңбегін – қырық рет, «Риторикасын» екі жүз қайтара оқып шыққан. Қартайған шағының өзінде 70-тен аса тіл білген, адам баласына қажетті нәрсенің бәрін –бәрін бойына дарытқан. Тұрмыста жұпыны тұрған, мал – мүлік, дүние – жиһаз жинамай, үнемі кедей –кепшікке жәрдем көрсетіп, қолындағы барын солармен бөлісе ішіп- жеген. Ұлық болуды да, олардың алдында иіліп- бүгілуді де ұнатпаған. Бар саналы өмірін бір мақсатқа – ғылымға арналған. Ол өзінің туған жұртын, кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп өткен нағыз патриот ғалым еді.
Фараби еңбектерінде эстетикалық, дене, адамдар, халықтар достығы, ынтымақтастығы — интернационалдық, гуманистік тәрбие мәселелері де қарастырылады. Оның өзі адамдарды нәсіліне, ұлтына, дініне еш ажыратпаған. Мәселен, ол шәкірт кезінде арабтардан да, христиандардан және басқа миллеттегі, діндегі оқымыстылардан да үйренуден қашпаған. Мәселен, медицина мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (сириялық насрани) үйренеді. Оның шәкірттері арасында сан халықтың өкілдері болған.
Фараби өзінің ғылым өнері саласындағы ең көрнекті еңбегі "Музыканың ұлы кітабын" жазу үстіндегі ежелгі грек музыка білімпаздарының барлық еңбектерін қайта қарап шығуға мәжбүр болғанын айта келіп, олардың ғылыми парасатына үлкен баға береді, ұстаз тұтады: "Ерте заманда талантты ірі ғұламалар көп болған, олар ғылымды дамытуды өздерінің алдына бірден-бір мақсат етіп қойған. Ақыл-парасаты мол, сезімтал ғалымдар дүниеге бірінен кейін бірі келіп, алдағылардың мұрасын игеріп, ісін үйреніп, оны әрі қарай жалғастырып отырған". Бұл еңбегінде ғұлама шәкірттеріне араб мемлекетіне біріккен және одан тысқары халықтар туралы интернационалдық бағытта, рухта деректер келтіреді. Фарабидің ілімі бойынша халықтар мәдениеті олардың нәсіліне, туысына байланысты болмайды, географиялық жағдайында, күнкөріс дәрежесіне тікелей тәуелді болады.
Ғұламаның ғылыми-педагогикалық шығармаларында әдемілік, әсемдік пен үйлесімдік, гармония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олар эстетика-этикамен, қылықтылықпен тығыз байланыста. Фарабидің педагогикасында музыкалық тәрбие көп орын алады. Музыканың эстетика жағынан, басқа адамның жаны мен тән күйіне әсері жоғары бағаланады, өйткені бұл өнер асқақтардың арынын басатындығы, кемеліне келмегендерді кемелдендіретіндігі және өз шамасын білетіндерді өз дәрежесінде сақтайтындығы жағынан алғанда өте пайдалы болып табылады. Ол денсаулық үшін де пайдалы, себебі тән ауырғанда жан да ауырады, тән азап шеккенде жан да күйзеледі. Сондықтан да жағымды дыбыс көңілді көтеріп, жанды жадыратады, субстанцияға (асылына) лайықты күш тудырып, тәнді кеселден арылтады.
Ғұламаның музыкалық білім беру, тәрбие туралы ойлағандары мен жинақтаған қорытындылары "Музыканың ұлы кітабында" жүзеге асырылған. Біз оның кейбір педагогикалық тағылымдары туралы жоғарыда айтып өттік.
Шәкірттерге эстетикалық тәрбие беруде математика ғылымдары, яғни арифметика, геометрия, астрономия, музыка теориясы едәуір қолқабыс тигізе алады, өйткені олар «өлшем, рет, үйлесім және сымбаттылық қасиеттері» бар нәрселерді зерттейді.
Фараби жастарға эстетикалық тәрбие беруде яғни көркемдікке баулуда поэзия, бейнелеу, мәнерлеп жазу (каллиграфия) өнерлерін назардан тыс қалдырмайды. "Көркем жазу — дейді ғұлама, жазудың кемелділігінің жемісі болады, ал адам бұл әрекетті кемел меңгеріп, оны тамаша орындай алатын дәрежеге жеткенде ғана жүзеге асады"./10/
Фарабидің ілімі бойынша тәрбиеші де, тәрбиеленуші де денсаулығы мықты болуын қадағалауы ләзім, яғни кісінің жеке басын жан-жақты дамытуда дене тәрбиесі маңызды фактор болып табылады. Ғұламаның айтуынша "адам тәнінің кемелдігі — ол денсаулық, егер денсаулық бар болса, оны сақтау қажет, ал ол жоқ болса, оған түрлі әрекеттер жасап жету керек". Еңбек, еңбексүйгіштік те адам баласын жетілдіретін, бақытқа кенелтетін ізгі қасиеттерге жатады, мысалы, "байсалды, бірқалыпты еңбек кезінде, адамға күш қосылады.
Әл-Фарабидің Шығыс және Батыс оқымыстылары бірауыздан адамзаттың Аристотель данышпаннан кейінгі "Екінші ұстазы" деген атақ беруінің өзі оның педагогика саласындағы аса үлкен тұлға болғандығын дәлелдейді. Шынында Әл-Фараби өзінің трактаттарының басым көпшілігін халықты, әсересе жас ұрпақты тәрбиелеу, білімдар ету, ағарту мақсатына арнаған. Бұлардың қатарына "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары", "Бақытқа жету жолдары". "Ғылымдар тізбегі" немесе "Ғылымдар энциклопедиясы", "Музыканың ұлы кітабы", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын -ала не білу қажеттігі туралы, "Евклидке түсініктеме", "Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі жөнінде", "Химия ғылымының қажетттігі жөнінде", "Философиялық сауалдар және оған жауаптар", "Геометриялық салулар" т.б. көптеген трактаттарын жатқызуға болады.
Фарабидің анықтауы бойынша педагогика тәрбиеленуші адамның ерік-ниеті белгілі бағытқа сәйкес, тиісті құралдар мен әдістер арқылы басқару, билеу өнері. Ал басқарушы адам — педагог, ұстаз, тәлімгер. Оның педагогикалық жүйесіндегі темірқазық болып саналатын философиялық-этикалық категория — ол әрбір адамды бақытқа жеткізу мұраты. Бақытқа жетудің негізінде философия, ғылыми білімдер арқылы дүниедегі әдемілікті, кіршіксіз пәк тазалықты бойға сіңіру, ойға, жүрекке ұялату, дарыту әрекеті жатады. "Біз бақытқа тек әдемілік, пәк тазалықты бойға сіңіру арқылы жетеміз, ал ондай кемел тазалық пен әдемілік философия өнері арқылы келетіндіктен біз бақытқа нақ философия арқылы ғана жетеміз". Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің дәстүрін дамытып, философия ұғымына бүкіл ғылым, білім, өнер игіліктерін қоса жатқызады, яғни философия-шынайы білімпаздық, өнерпаздық, кемеңгерлік.
Фарабидің педагогикалық системасында тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бірінсіз- бірі жоқ органикалық, ажырамас, диалектикалык байланысы косарланып жүреді. Фараби де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап, өзінің бүкіл педагогикалық- этикалық және баска гуманитарлық көзқарастарында осы қағиданы басшылыққа алады. Өзінің "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары" атты трактатының адамзаттың өзара бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы тарауында Фараби былай деп жазады: "Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек,ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады.
Қоғамды кемелдендіру — бақытқа жетудің басты шарты болып табылады. Тек кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жете алады. Ол шартты түрде адамды бақытқа, кемелдікке жеткізудің қатар жүргізуге тиісті негізгі құралы ретінде мінез-құлық, моральдық және ақыл-ой, интеллектуалдық тәрбиелерге шешуші мән береді. Ол былай дейді: "Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз".
Фарабидің педагогикалық топшылауларында адамның еркі (ырқы) мен талап-тілегіне үлкен маңыз беріледі, олар тиісті жағдай туған кезде онда адамды жақсы қасиеттер қалыптастыруға жетелейтін мақсат пен құралдарды еркін де саналы түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Ал мұндай жақсы сипаттар табиғаттан, сырттан емес жаттығу, машықтану, әдеттену арқылы дариды. Ерік пен тілектің ең жарқын байқалатын жері- сезім мен рухани қажеттілікті таңдау кезі болып саналады, Осылай басында еркін таңдау, ерік- күшімен келетін сапа-қасиеттер бара- бара біртіндеп тәрбие арқылы адам мінез-құлқының міндетті белгісіне айналады, рухани өміріне сіңіседі.
Фараби өзінің саяси-педагогикалық трактаттарында халықты, тұрғындарды мінез-құлықты, ақыл- парасатты етіп тәрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың басшыларына үлкен орын береді. Ол былай деп жазады: "Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы қайырымды адамдар болады. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді".
Бұл Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа жеткізу жөніндегі ең басты гуманистік принципі, халықтар достығы- ырыстың басы — ғұламаның түпкі ойы, мынадай сыры міне осы қағидада жатыр. Басқаша айтқанда, адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір суруі ләзім. "Адамдар туралы айтсақ, — деп жазады ғұлама,- оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер тұтқа - адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім./32/
Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. "Біздің міндетіміз — бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт материалдық жөне рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен кұштарлықтарынан тыс та оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты — асқақ та биік мақсат — жаңа өмір жолында жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде.
Ойшыл ғұлама озінің философиялық толғаныстарында, пайымдауларында үнемі әрбір адамды өзінше жеке-жеке бақытқа жеткізетін жолдарды іздестіреді. Бұл жолдардың тоғысқан торабы ретінде Фараби толық құнды теориялық білім мен қастерлі адамдық-ақлақ (мораль) ұштасуын көрсетеді, яғни әрбір жас кісінің шама-шарқынша: гармониялық, жан-жақты дамуын ойластыруы қажет. Бұл үшін белгілі бағытта үзбей де жүйелі түрде жүргізген тәрбие мен оқыту таптырмас құрал болып табылады./60,45/
Фарабидің педагогика философиясындағы тындырған бір ірі жұмысы — ол тәлім-тәрбиелі, білім-парасатты, зиялы адамның идеалдық үлгісін жасағаны деп есептеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет