Сабақтың тақырыбы: «Ұрпақтар сабақтастығы». (Әл-Фараби мен Абай арасындағы педагогикалық сабақтастықтар).
Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпақты бүкіл әлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз Әл-Фараби бабамыздың үлгісінде тәрбиелеу, Әл-Фараби мен Абай ұқсастықтарын талдау, олардың педагогикалық мәнді идеяларын оқушылар санасына ендіру, сол арқылы тәрбие беру. Әл-Фараби мен Абай ой-пікірлерінің сабақтастығын айқындау. Әл-Фараби педагогикалық мұраларының тәрбиелік мүмкінділіктерін айқындау және оның идеяларын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Білімділік мәні: Жаңа тақырыпты меңгерту, оқушылардың Әл-Фараби мен Абай туралы білімдерін анықтау және белгілі бір қорытынды шығару.
Тәрбиелік мәні: Гуманизмге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушы ой-өрісін шыңдай отырып, оның ақыл-ойын, интеллектісін, сөйлеу тілін дамыту, іскерлік пен белсенді іске, адамгершілікке шақыру. Ғылымға, көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Әл-Фарабидің қанатты сөздері жазылған плакаттар, сызба, буклеттер.
Сынып сағатын өткізудің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, диспут.
Сабақтың барысы: Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназия мектебінің 9А сынып оқушылары 2 топқа бөлінді.
І кезең. Сабақ тақтадағы Әл-Фарабидің қанатты сөзін оқып, танысумен басталады. Осыдан кейін осы сөздің мәнін ашатын кіріспе сөз айтылады. Екі топ жетекшілері келіп, өз топтарының қай нөмірлі екенін анықтайды. Дайындықты пысықтайды.
ІІ кезең. 1-топ: Әл-Фараби туралы мағлұматтар іздестірді. Сұрақ-жауап даярлады.
2-топ: А.Құнанбаев туралы мағлұматтар іздестірді. Оның өмірбаяны, еңбектері туралы сұрақ-жауап даярлады.
ІІІ кезең. Әрбір топ оқушылары бір-біріне сұрақ қойып, жауаптармен алмасты.
Әл-Фараби еңбектерін 9А сыныпта оқытуға 4 сағат бөлінді. Мен осы сабақтарды әр аптада өтілетін тәрбиелік жұмыстарды төмендегідей бөлдім:
Сабақтар
Сабақ түрлері
Сабақ тақырыбы
Сабақ типтері
Сабақстағы тәрбие түрлері
1-сабақ
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
Әл-Фарабидің өмірбаянымен танысу
Таныстыру
Ақыл-ой тәрбиесі
2-сабақ
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
Әл-Фараби еңбектерін оқыту, оның ерекшеліктерін талдау
Дәріс түріндегі әңгіме
Еңбек тәрбиесі
3-сабақ
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
Әл-Фарабидің тәлімдік ойлары туралы әңгімелесу
Әңгімелесу, пікірталас
Адамгершілік- имандылық тәрбиесі
4-сабақ
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
«Ұрпақтар сабақстастығы» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын ұйымдастыру