Тарау.ӘЛ-фарабидің педагогикалық гумандылық КӨЗҚарастарын зерттеу


Студенттерге Гумандық қассиеттерінің қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері



бет4/12
Дата04.06.2023
өлшемі474,5 Kb.
#98586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дип.-ӘЛ-ФАРАБИДІҢ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ЖӘНЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-КӨЗҚАРАСТАРЫ

Студенттерге Гумандық қассиеттерінің қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері
Кесте 1



Студенттерге гумандылық
қасиеттерінің қалыптастыру өлшемдері

Студенттерге гумандық қасиеттерінің қалаптасу көрсеткіштері



Төменгі деңгей



Орта деңгей

Жоғары деңгей

1

Білімдік компонент

Гумандық қасиет, гумандылық туралы түсінігі мен көзқарасы анық емес, білуге деген қызығушылығы төмен, тәрбие туралы естіген, оқығандарын саналы

Гумандылық, гумандық қасиет туралы түсінігі мен көзқарасы (шашыранды) әркелкі, білуге ынталы болғанымен саналы меңгеруде, ойлау мен зеректігі жағынан қабілетсіздік

Гумандық қасиеттер туралы түсінігі бар, зерек, білуге қызығушылығы жоғары, естіген, көргенін саналы қабылдайтын студент.







қабылдамайтын, жәнет.б. ерекшелігі бар студент.

танытатын студент.






2

Іс-әрекеттік компонент

Әрекетінде жауапкершілік -сіздік, жалқаулық және т.б. қасиеттер орын алатын, жүріс-тұрысында үнемі ұнамсыз қылықтар бой көрсететін студент.

Жүріс-тұрысында ұнамды қасиеттер (еңбекқорлық, белсенділік және т.б.) белгілі бір жағдайға байланысты кезектесіп (тұрақты емес) байқалатын студент.

Әрекетінде үнемі жоғары жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік т.б. қасиеттері орын алған, жүріс-тұрысында ұнамды қасиеттер тұрақты байқалатын студент.

3

Сезімдік компонент

Айналадағы болған жағдайларға үнемі салқынқанды -лықпен қарайтын, сыртқы құбылыстардан әсер алуы баяу, бойында мейірімділік, жанашырлық т.б. қасиеттер сирек кездесетін студент.

Сыртқы құбылыстар ықпалынан әсер алғанымен қарым-қатынасында ұнамды (мейірімділік және т.б. сияқты) қасиеттердің тұрақсыз кезектесіп (белгілі бір жағдайға байланысты) кездесуі байқалатын студент.

Ортадағы жағдайлар мен құбылыстарға немқұрайлы қарамайтын, өзіндік әсер алатын, соған сай бойында мейірімділік, қарапайымдылық, жанашырлық және т.б. қасиеттер тұрақты орын алатын студент.


1.2. Әл-Фарабидің гумандылық көзқарастарын зерттеу.

Энциклопедист ғалым, екінші ұстаз Әл - Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» атты философиялық еңбегінде гумандылық ойлар жайында ауқымды мұралар қалдырған.


... Жақсы мінез - құлық пен ақыл-күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және жетілгенділігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттеріміздің абзалдылықпен жетілгендігін табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады...
Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Ал адамда қалыптасқан мінез — құлық болмаса,онда жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда қарама — қарсы мінез — құлыққа көшіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез – құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез - құлықтан басқа бір мінез - құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі — жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез - құлықтың өзі де әдет арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез -құлқымызды тудыратын және сондай - ақ оңбаған мінез - құлқымызды тудыратын нәрселерді әңгіме етуіміз керек.
Әдеттің арқасында жақсы мінез - құлыққа себеп болатын нәрсені мен - бұл өзі мінез - құлқы жақсы адамдарға тән әрекеттер деп білем, ал жаман мінез — құлыққа ие болуымызға себепкер нәрсе - бұл өзі мінез — құлқы жаман адамдарға тән әрекеттер...
... Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Адамның жетілуі оның мінез - құлқының жетілуіне сайма — сай келеді дейміз біз. Адамның мінез — құлқын жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын әрекетіне ұқсайды. Адамның денесінің жетілуі - денсаулық: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер болмаса, онда денді сауықтыру керек. Денсаулыққа белгілі бір мөлшерді сақтаудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшерімен ішіп - жесең денің сау болатыны, мөлшерімен еңбек етсең күш қосылатыны сияқты, жақсы мінез — құлық мөлшерлі әрекеттер арқылы келеді. Егер денсаулыққа жеткізетін нәрселер болмаса, онда денсаулықтың өзі де болмайды, нақ сол сияқты әрекеттер өзінің мөлшерінен асып кетсе және адам осыған әдеттенсе, жақсы мінез – құлық та болмайды.
Шамадан ауытқу не артық кету немесе кем түсу деген сөз. Жеген тамақтың шамадан не артық, не кем болуы денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады...
... Біз ержүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал бұл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады.
Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға қарай жомарттық туады.Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Рақатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдық жасау арқылы келеді, ішіп-жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады.
Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын - оқтын дем алуға тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рақат немесе қалай болған күнде де кеселсіз. Әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен тыс көп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі әзілдің жоқтығына әкеп соқтырады. Әзіл дегеніміз адамның сөзінен, ісінен немесе пайдалануынан көрінеді. Мұндағы шама емін — еркін, көңілді де әңгімешіл адамға сөйлеуге және тыңдай білуге мүмкіндік береді.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне- өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс - тұрысы ізгі болуынан ғана туады. /9/
Ал егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір туғандығы.
Егер адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірушілік пайда болады.
Досгерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа адамдармен тиісті шамада қарым - қатынас жасауынан тұрады, осының арқасында ол өзінің жүріс - тұрысынан, сол адамдармен әңгімесінен жақсы ләззат алады. Бұл жөнінде артық кету — жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соқтырады...
Енді бізге қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез -құлыққа жететінімімізді қарастыруымыз керек. Алдымен біз түрлі мінез — құлықтарды атап шығуымыз керек және түрлі мінез - құлықтан туатын әрекеттерді атап шығып, тек осыдан кейін өзіміздің мінез - құлқымыздың қандай екенін және өзімізде әуелден бар мінез - құлықтың не жақсы, не жаман екенін қарастырып, тұжырым жасауға тиіспіз. Мұнымен танысуымыз үшін біз қандай әрекеттер жасағанда өзіміздің жақсы қанағат алатынымызды және тағы қандай әрекеттеріміз тұсында азап шегетінімізді қарастырып, тұжырым жасап алуымыз керек. Осымен танысып болғаннан кейін, біз бұл әрекеттердің жақсы не жаман мінез - құлықтан туатынын қарастырамыз. Егер сол әрекеттср жақсы мінез -құлықтан туатын болса, онда мінез - құлқымыз жақсы екені дегеніміз, ал егер жаман мінез - құлықтан туса, онда біз мінез - құлқымыз жаман екен дейміз.Біз осылай етіп өзімізге тән мінез — құлықты білеміз./17/
Дәрігер тәннің халіне жататын нәрселер арқылы тәннің саулығымен танысады, егер тән саламат болса, онда сол халді сақтаудың тәсілдерін қолданып, ал егер ол дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін қолданады, дәл сол сияқты, егер бізге жақсы мінез - құлық тән болса, онда біз соны өз бойымызда сақтаудың тәсілдерін қолданамыз, ал егер мінез -құлқымыз жаман болса, онда оны жоюдың тәсілдерін қолданамыз.
Жаман мінез - құлық - рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.Одан соң біз өз бойымыздағы жаман мінез - құлықты қарастырамыз, оның артықшылықтан немесе жетпей жатқандықтан туғанын анықтаймыз. Содан соң тағы да жаңағы дәрігер сияқты, егер тән қызуы тым көтеріңкі болса немесе тым төмен болса, оны дәрігерлік өнерде белгіленген мөлшерге қарай өз шамасына түсіретін сияқты, нақ сол сияқты біздің мінез - құлқымызға артық кету немесе кем түсу тән болса, біз осы кітапта белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына түсіреміз.
Тең орта шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан адам өзінің мінез - құлқын нормаға келтіруге немесе мүмкіндігінше нормаға жақындатуға бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа жылылықта ұстау қиын, бұл үшін тәнді сондай жылулыққа жеткізуге мүмкін қазірше жағдай жасайтын амалдар пайдаланылады. Мінез-құлықтың орташа шамасына жету үшін қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез- құлықты қарастыру болып табылады, егер мінез - құлқымызға тән нәр артық кету болса, онда біз өзімізді осыны қарама - қарсысынан, атап айтқанда жетімсіз болудан түсетін әрекеттерге баулимыз, егер мінез – құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Біз осыны біраз уақыт жасаймыз. Содан соң біз өзімізде қандай мінез - кұлық шыққанын қарастырып ойластырамыз.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш қилы халдің бірінде болады: не орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде./21,8/
Егер ол хал орташаға жақын болса, бірақ екінші қарама - қарсы жағына қарай жақындап, онан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше, тағы біраз уақыт сол әрекеттерді жасай береміз.
Ал егер екінші шетіне қарай жақындап, орташадан ауып түссе онда бірінші қилы мінез — құлыққа тән әрекеттерді жасаймыз да, осыны біраз уақыт істеп, содан кейін істің қандай халде екенін қарастырып көреміз.
Жалпы алғанда, әрбір тұста, біз өзіміздің жан дүниемізді бір жағына ауытқып кетті деп тапсақ, біз екінші шетіне тән әрекеттерді жасаймыз және орташа мөлшерге жету үшін немесе соған жақындату үшін, сол әрекеттерді алдын - ала орындай береміз.
Әл - Фараби айтқан адамшылық қасиеттердің кейде басқа жаман әдеттерге ұқсас болуынан сақтану керектігін атап кеткен. Мысалы, көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзіл- қойлылық өткір тілге ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін - өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткеріліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан сақтануымыз керек. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады. Ал өзіміз неғұрлым бейімдірек тұратын және оның үстіне орташа мөлшерге ұқсас боп тұратын шеткеріліктен одан бетер сақ болуымыз керек. Мысалы, әзілқойлылық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалаған бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу. Осы амалды білмей тұрып пікір ғана айту, сірә, жеткіліксіз болып шығар.
Жаман әрекет жасау оңай сияқтанып көрінеді, өйткені мұндай әрекет бейне жан рақатын әкеледі, ал егер әрекет бізге жан азабын ала келеді деп есептесек, онда жақсы мінез - құлыққа ие боламыз... Сондықтан да өзіміздің бар әрекетімізбен соған жетуге тырысамыз. Сезім арқылы, есту, көру арқылы, дәм сезіну немесе иіс сезу арқылы келетін жан рақаттары бар. Ал тағы бірнәрсені түсінудің арқасында алатын рақаттар бар, мысалы, бұған жататындар үстемдік, билік ету, жеңу, білу т.б.
Біз көпшілік жағдайда әрқашан сезімдік рақатты зерттейміз. Сонан соң не өзіміз үшін, не дүние үшін керек болатын қажетті әрекеттің себебі болып табылатын рақаттар болады. Өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз - өз өмірімізге қажетті тамақ, дүние үшін қажет дейтініміз-көбею, өрбу. Сондықтан да біз өмір мақсаты осыларда тұр деп, бақыт дегеніміз, атап айтқанда, осы деп ойлаймыз, әрі бұған себеп-осы түсініктер біз үшін неғұрлым таныс, түсінікті,ұғымды. Бірақ қарап, ойластыра келгенде, игіліктердің молына жетуге бөгет жасайтындар және бақытқа ие еткізетін нәрселерге жетуге бөгет жасайтындар, атап айтқанда, осылар екені анық болады. Сезімдік рақат бізді жақсы әрекеттер жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз. Адам осы рақаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды азайтуға қабілетті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез - құлықтарға бір табан жақындатады. /10/
Әрекеттерден кейінгі көретін рақаттар, сезімдік рақаттар болса да немесе түсіну арқылы болса да не осы әрекеттердің артынша келеді немесе біраз уақыт өткеннен кейін келеді. Әрекеттерден кейін көретін жан азаптары турасында дәл осыны айтуға болады.
Әрбір рақат белгілі бір әрекеттерден тұрады: бұл әрекеттерден кейін туатын рақат жаңа ғана көрсетіп өткен формалардың бірінде, (яғни әрекеттің артынша немесе біраз уақыт өткеннен кейін көрінеді), бұларда екі жағдай болуы мүмкін, бір жағдайда әрекеттің сипаты былай болады: белгілі бір әрекеттің артынан әрқашан да тек қана рақат немесе тек қана жан азабы келіп туады. Мысалы, денеңді күйдіріп алғанның артынан ауру азабы келеді; күйдіріп алудың зардабы, мысалы, егер жан - жануарлар туралы айтсақ, азап ауру азабы болып келеді. Азап әрекет артынан дінде белгіленген жол бойынша жүріп отырады: азап сол әрекеттің салдары болып табылады... Мысалы, тұрақсыздық кісі өлтірудің артынан тек азапты ғана күтуге болады...
... Және керісінше, артынша рақатқа бөлейтін жаман істер белгілі бір уақыттан кейін қайткенде де азапқа апарып соқтыруға тиісті.
Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рақат және қандай азап туатынын біліп алуға, артынша көретін рақатымыз және белгілі уақыт өткеннен кейін көретін азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз. Өз ойымша әрекеттің артынан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көретін рақатымыз үшін біз жаман әрекеттен қашпайтын болсақ, онда біз сол рақатты әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін көретін азабымызбен салыстырамыз да, өзімізді жаман әрекетке итеретін сол рақатты тілеуден бас тартамыз. Сонда жаман әрекеттен безу бізге оп — оңай болады.
Ал енді бізге артынша азап шектіретін болғандықтан, жақсы әрекеттен бас тартуға өзіміз бейім болған кезде біз мұны әрекет артынан біраз уақыт өткеннен кейін туатын рақатпен салыстырамыз, сөйтіп осы арқылы өзімізді жақсы әрекеттен қаштыратын азапты басып тастаймыз. Сонда жақсы әрекет жасау бізге оңай болады. Нақ сол сияқты, егер артынша өзімізді рақатқа бөлейтін жаман әрекеттерге әзір тұратын болсақ, онда біз мұны сол әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін болатын теріс нәрсемен салыстырамыз./18/
Ақыл — естің тілегінен жасауға парасатты және батылдылығы жететін есті адамдар болады. Мұндай адамдарды біз әдетте, өзінің лайығынша ерікті адам деп атаймыз, ал енді өз бойында осы екі қасиеті жоқ адамдарды хайуан тәріздес адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, батылы бармайтындарды жаратылысынан құл адамдар дейміз. /9/
Бұл жағдай қабілеті болмаса да ғылым саласына жармасатын немесе философиямен айналасатын кейбір адамдарда болады, бұлар өзінің құлдық дәрежесімен нағыз кұлдыққа түскен құлға барабар адамдардың дәрежесінде болып шықты. Ал ғылым оған жармасушы қабілетсіздердің салдарынан, олар үшін ғылым негізсіз және пайдасыз болғандықтан, өзінің қадірін жоғалтады, жәбір шегеді.
Бұлардың ішінде батыл бола тұрса да, ақыл - есі кем түсетіндер бар. Бұлар үшін басқалар ақылға салып пайымдайтын болады. Бұл жағдайда мұның өзінің қамын жеуші басқа адамдарға бұл не бағынып не бағынбайды. Егер ол бағынбаса, онда бұл да хайуан тәріздес, ал егер бағынса, онда ол көп істерінде табысқа жетеді...
... Әрекеттерден туатын қайсыбіреулері анағұрлым мәлімдірек, сондықтан біз оларды жақсырақ түсінеміз, ал басқа біреулері біз үшін құпиялау. Ең мәлімділері - бұлар дереу көрінетін және сезімдік сипатта болатындары. Азаптар туралы да нақ осыны айтуға болады: бұлардың ішінде дереу көрінетін және сезім арқылы қабылданатыны біз үшін анағұрлым айқын, әсіресе бұлар дінде белгіленіп қойылған болса, соғұрлым айқын болмақ. Ал барлық басқа рақаттар мен азаптар анағұрлым құпиялау болады. Бұлардың ішінде әсіресе құпиялары табиғи болып табылатындары және белгілі бір уақыт өткеннен кейін көрінетіндері және оның үстіне мойындалмайтындары. Ал дереу көрінетіндері және табиғи болып табылатындары, белгілі бір уақыт өткеннен кейін көрінетіндері және сезім арқылы қабылдауға болмайтындары сияқты анағұрлым құпиясыздау. Ерікті адамдарға келсек, егер бұлар рақат пен азап арқасында өздері үшін абзал, жақсы әрекеттер жасауды жеңілдетіп, жаман әрекеттерден аулақ болғысы келетін болса, онда бұлар үшін ең құпия нәрселерде, ең айқын нәрселерде бірдей. Бұларды жаман істерге итеретін рақатты азапқа көну арқылы , бұл азап анағұрлым құпиялау, немесе айқындау азаптарға жататын болса да, бәрібір, басып тастайды, бұлардың ақыл- парасаты басқа көпшілік адамдар үшін құпия нәрсені айқын нәрсеге айналдырады.
... Біздің жақсы ақыл - парасат туралы айтқанымыз жөн. Алдымен біз жақсы ақыл - парасат туралы әңгіме етеміз, ал, содан кейін жақсы ақыл - парасатқа жетудің әдісі туралы сөз етеміз. Адамның білуіне тиісті барлық нәрселерді ол жақсы ақыл - парасат арқылы таниды, біледі деймін мен. Ақыл - парасаттың екі түрі болады: бірінші түріне тән қасиет тек білу ғана, бірақ әрекет бұған тән емес. Мысалы, біз дүние жаратылған деп, Алла - тағала - біреу деп білеміз. Екіншісінің қасиеті білу және әрекет ету болып табылады. Мысалы, ата-ананың сүйіспеншілігі жақсы қасиет, сатқындық - жаман қасиет, әділеттілік -жақсы қасиет немесе, мысалы, медицина денсаулыққа жеткізеді. Білім мен әрекет тән болған түрі — ақырына дейін жеткізіліп аяқтаушы әрекет. Егер бұл нәрселдерді білудің қасында әрекет болмаса, онда ол білімде негіз жоқ, мақсат жоқ. Ал (ақыл - парасаттың) білім бар да, әрекет жоқ болатын түрі тек білімде ғана ақырына жеткізіліп аяқталады. Осы екі түрдің әрбіреуі қайсыбір өнерлерді қамтиды.
Тек қана білім тән болатын ақыл — парасат түрі басқа да өнерлерге ие болады. Бұл өнерлердің де екі түрі болады. Мұның бірінші түрі арқылы біз тек біліммен ғана танысамыз. Екінші түрі арқылы біз не істеуге болатынын және соны істеуге қабілетіміздің бар-жоғын білеміз.
«Білім» деген сөз көп заттарға қолданылады, бірақ теориялық жағынан белгілі бір ізгілік болатын ол білім - болмысымен өмір сүруі адам шығармашылығына мүлдем тәуелсіз болатын заттардың болмысы жөнінде жанда пайда болатын анық білім... Бұл білім - ол заттардың әрқайсысы не жаратылысында ақыл- парасатқа мәлім бастапқы, ақиқат және жалпы алғы шарттардан құралған дәлелдемелер бойынша қандай болып шығатыны жайында білім./9,28/.
Бұл білім екі түрлі болады: 1) заттың бар екендігі, оның бар екендігінің себебі туралы және заттың өзі де, оның себебі ешқандай жағдайда басқаша бола алмайтыны туралы анық білім және 2) заттың бар болуы және оның бар болуының себебін білмейінше оның басқаша болуының мүмкін еместігі туралы анық білім...
... Шын білім — кейде емес, әрдайым ақиқат, анық болатын білім: бұл белгілі бір уақытта болатын білім және кейіннен болмауы да мүмкін білім емес, өйткені, егер біз тек қазір ғана бар, бірақ уақыт өте келе оның болмауы мүмкін нәрсені білсек, онда біз оның бар, не жоқ екенін біле алмаймыз, сөйтіп біздің сеніміміз күмәнға және жалғанға айналуы мүмкін. Ал мұндай аңғару білім де анық мәліметте бола алмайды.
Әл - Фарабидің гуманитарлық көзқарастары мен пайымдаулары «Бақытқа жету жайында» атты философиялық еңбегінде түсіндірулермен көрінген. Оның айтуынша үйрету дегеніміз — халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз. Үйрету тек сөзбен іске асырлады, ал тәрбиелеу кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс - әрекет жасау дағдысы сіңіріледі. Олар осындай іс - әрекеттерге жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесіне баурап алатындай және адамдарды осыған жан- тәнімен құштар ететіндей болады. Ал бірдеңе жасау тілегі кейде сөз арқылы, кейде іс - әрекет арқылы қоздырылады.../22/
... Теориялық нәрселерді қалың жұртшылыққа иландыру әдістерімен үйреткен жөн, ал теориялық білімдердің көпшілігі қиялдау арқылы көңілге тоқылады...
... Практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлерді алатын болсақ, бұлар адамдардың өздеріне тән әрекет жасау дағдысы арқылы ұғынылады. Бұған екі түрлі әдіспен жетеді: 1) иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөз және басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді: бұл әрекеттер мен қасиеттердің көңілге толық ұялайтыны соншалық, адамдарды осы қасиеттерге байланысты әрекеттерді өз еркімен жасауға жігерлендіреді, ал бұлардың көңілге ұялауы шешендік өнерін пайдалану қабілеті мен дағдысына байланысты; 2) өз еркімен өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге құлақ аспайтын бүлікшіл, сенімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді; сонымен бұл әдіс өздері үйрене бастаған теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық білдіруші адамдарға да қолданылады.
Демек, өмірді басқару өнерінің ізгілігі, яғни ізгіліктерге ие болып отырған адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекеттерді қолдану өнері және жеке -дара өнерлерімен айналысушы адамдардың өнері бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да өнерлі адамдарды пайдаланатын адамдардың да болуы қажетті шарт.
Осындай адамдардың екі түрі бар: бір тобы тәрбиеге өз еркімен көнетін адамдарды тәрбиелейді, ал екінші тобы күштеп тәрбиелеуге келетіндерді ғана тәрбиелейді. Мұның өзі отбасы басшыларының, балалармен жасөспірімдер ұстаздарының арасында болып отыратын тәрізді. Отбасы басшысы отбасы мүшелерінің тәрбиешісі де, оқытушысы балалармен жасөрендер ұстазының оларға тәрбиешісі де оқытушысы сияқты болатын сияқты, әкім де халықтардың тәрбиешісі мен оқытушысы.
Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте — мөте көп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал мұның мәнісі, басқасын былай қойғанда адамның өмірдегі арманы болып табылатын бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс -әрекет жасау керек болған реттерде, бағынбаған халықтар мен қалаларды жеңіп алу үшін әскерді шебер басқарып, қару - жарақ пен жауынгерлерді пайдалана білу деген сөз.../5;23/.
... Кімде - кім ғылымды зерттеуге кірісем десе, ондай адамның теориялық білімдерге жаратылысынан бейім болғаны абзал. Бұл шарттарды Платон өзінің «Мемлекет» деген кітабында баяндаған. Нәрсе біткеннің парқын түсініп ұғынуға келгенде адам мейлінше зерек болуға тиіс, ол, ол ма, ғылымды меңгеру ісінде адам шыдамды, зерек болуға тиіс, жаратылыс бойынша ақиқат пен оның күрескерлерінің, әділеттілік пен оның жақтастарын сүйетін болу керек, өзінің талап - тілегінде дөрекілік пен өзімшілдік мінез көрсетпеуі, асқа, ішімдікке келгенде ашқарақ болмауы, дирхем мен динарды, тағы сол сияқтылардың бәрін жаратылысынан жек көретін болуы керек. Жұрттың теріс деп білетін нәрселерінде ол әдеп сақтап, инабатты болуға тиіс, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынып, жамандық пен әділетсіздікке көне бермеуі керек, мұнда мейлінше естиярлы болғаны жөн./10,28/.
Әл - Фараби «Сауалдар мен олардың жауаптары» атты философиялық еңбегінде ұғынып алудың жақсы екенін айтқан. Құрғақ жаттап алғаннан гөрі үғынып алу жақсы, өйткені жаттап алу көптеген сөздермен, сондай - ақ адамдардың есімдерімен байланысты, бұлар өз кезегінде ұсақ -түйегіне дейін еске сақтауды талап етеді және мұның өзі үнемі солай болады да олардан еш пайда жоқ. Жаттап жадына сақтап қалуға ұмтылған адам мақсатына жете алмайды, мұнысы босқа кеткен еңбек болады да қояды. Ал ұғынып алу оның мәнін және заңдарды, тұжырымдауларды анықтаумен байланысты... Сондықтан егер адам осы бағытта ұмтылыс жасайтын болса, онда ол пайда табады... Егер адам өзі жатқа білетін мәнді емес қағидаларға сүйенетін болса, онда ол жаңылысулар мен қателіктерге ұшырамай қоймайды, өйткені адамдардың іс - қылығы барлық жағдайларда да бір - біріне ұқсамайды.
"Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасатгылық мынадай он нәрседен тұрады: біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан; екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек -армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие бо-лып, артық сөйлемеуден; сегізішіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан: оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан./13/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет