Оқу пәнінің тақырыптық мазмұны Кіріспе ( 2 сағат ) Робототехника (ағылш. robotics - роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай оймен жазылған:
Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.
Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
LEGO Mindstorms EV3 ( 20 сағат) LEGO Mindstorms — программаланатын роботқа қолданылынатын конструктор (электронды блоктар мен кішігірім құралдар жиыны). рет LEGO компаниясымен 1998 жылы таныстырылды. 8 жылдан кейін LEGO Mindstorms NXT 1.0 моделі, 2009 жылы — LEGO Mindstorms NXT 2.0, ал 2013 жылы — LEGO Mindstorms EV3 жинақтары шықты. EV3 – бұл жай конструктор емес, ол көптеген күрделі электронды құрамдас бөліктерден тұратын роботтардың конструкторы болып табылады. EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны. «EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны береді.
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 жинағының құрамы:
1. Табан шынжырлардың жинағы;
2. Түрлі ұзындықтағы және түрдегі бөренелер;
3. Байланыстырушы сымдар;
4. Декорға арналған элементтер;
5. Түрлі байланыстырушы элементтер;
6. Түрлі көлемдегі тегершіктер;
7. Түрлі көлемдегі дөңгелектердің жинағы;
8. Түрлі ұзындықтағы белдіктердің жинағы;
9. Компьютерге қосылуға арналған USB кабель;
10. Бағдарламасы жазылған CD-диск;
11. Қос иіндер;
12. Қайта қуаттандырылатын Li-Ion аккумуляторлық батареясы;
13. EV3 микроконтроллері;
14. 2 үлкен мотор;
15. Орташа мотор;
16. Ультрадыбысты датчик;
17. Гироскопиялық датчик;
18. Жанасу датчигі;
19. Түс датчигі;
20. Қуаттандыру құрылғысы.
LEGO Digital Designer (4 сағат) LEGO® Digital Designer – бұл виртиуалды LEGO® бөлшектерімен жұмыс істеу арқасында объектілердің 3D үлгісін жасап шығаруға мүмкіндік беретеін арнайы бағдарлама. 3D-модельдеу — бұл үшөлшемді обьекті құру процесі. Үшөлшемді графика көмегімен заттың нағыз көшірмесін жасауға болады, және дүниеде мүлдем болмаған заттың моделін жасап шығаруға болады. Бұл бағдарламадағы бөлшектер нағыз LEGO® конструкторларының дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Бағдарламаның соңғы нұсқасында бөлшектердің 760 түрі бар. Жұмыс жасап жатқанда бөлшектерді үлкейтіп кішірейтуге, бір орыннан екінші орынға орналастыруға, айналдыруға болады.
ABILIX (8 сағат) ABILIX робот конструкциясы - бұл балаларға арналған STEM үйрену жиынтығы. Ол дәстүрлі пластикалық құрылыс жиынтығын да, ең жаңа технологиялар мен модульдерді де біріктіреді. Әр түрлі датчиктер мен қозғалтқыштарды қосуға болатын бірыңғай қондырғы бар жобаны орталықтандырылған басқару. Оны Android және iOS жүйелеріне арналған мобильді қосымшаның арқасында бағдарламалауға, қашықтан басқаруға болады. Бағдарлама ұялы телефондарға да, планшеттерге де тамаша. Жеке роботты құрастыру басқатырғыштар жинауға ұқсамайды. Керісінше, барлық бөлшектері білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Робот бөліктерінде бір-біріне оңай қосылатын көптеген стандартты қосқыштар бар. Қарапайым басқаруды, блоктауды бағдарламалауды немесе жетілдірілген роботты бағдарламалауды жүзеге асыруға арналған iOS пен Android үшін бағдарламалық жасақтаманың болуы да өте маңызды.