«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №15 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Әдістемелік кеңестің
шешімімен бекітілген
«___» _____ 2020 ж
№_____ хаттама
Мектеп директоры
_____ Р.Б.Булекбаева
«Робототехника» гимназия компонентінің оқу бағдарламасы
6 - сынып
Құрастырған:С.Б.Ермаханова
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп білім алушыларына арнап «Робототехника» курсы бағдарламасын әзірлеп шығарды.
Білім алушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында LEGO WEDO, LEGO Mindstorms EV3, ABILIX, LEGO Digital Designer бағдарламаласымен әртүрлі роботтардың үлгілерін әзірлейді. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі жобаларды дайындайды. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады. «Робототехника» гимназия компоненті аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа 6 – сынып білім алушыларына арнап құралған.
Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.
Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр. Бағдарлама білім алушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.