әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;
ынталандыра және дамыта оқыту;
оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
білім алушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;
саралап оқыту тәсілдері;
білім алушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;
зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
білім алушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;
мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
білім алушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
білім алушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;
білім алушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;
оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;
білім алушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;
жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;
білім алушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;
сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;
оқу үдерісіне білім алушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.