Тараз қаласы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №34 орта мектебі» мкм



Дата05.02.2023
өлшемі18,18 Kb.
#65275
Байланысты:
Латын әліпбиіне көшу-тіліміздің жарқын болашағының кепілі


Тараз қаласы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №34 орта мектебі» МКМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Муханова Бахтыгул Тагаевна
Латын әліпбиіне көшу-тіліміздің жарқын болашағының кепілі

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.
Тұңғыш Елбасымыздың «Әлеммен бірлесу» деген сөзіне назар аударатын болсақ, латын әліпбиін қазіргі таңда көптеген мемлекеттер қолдануда. Соның ішінде: Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия және Әзірбайжан сияқты түбі бір түркі мемлекеттері. Енді осы мемлекеттер қатарын Қазақстан да толықтырмақ.
Латын графикасына көшу ешқандай саясатқа негізделмеген. Ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттілігін талап етеді. Яғни, кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергі келтіруін қоймайды. Себебі, біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәржеге жеттік. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына негіздеу арқылы біз мына нәрселерден ұтамыз.
Біріншіден, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, тіл тазалығы сақталады.
Екіншіден, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, түбі мен тарихы бір түркі тілдес елдермен, мәдени, рухани және экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, тіліміздің қолданыс аясы кеңейіп, тар бұғаудан босайды және жаһанданудың жұмырында жоқ болып кетуден сақтайды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі таңда әлем елдерінің басым көпшілігі дәл осы латын графикасына негізделген әліпби нұсқасын қалыптастырып, таңдап алғаны баршамызға аян. Ақпарат алмасу үдерісінде де осы жазу үлгісінің озық екені екі бастан дәлелденіп, айқындалып қойғаны мәлім. Сондықтан да бұл реформа алдымен ұлт болашағы үшін қолға алынып отырғанын қаперден шығармауымыз керек. Жаңа әліпбиді таңдау арқылы біз кеңестік қызыл империя санамызға сыналап енгізген бодандық психологиядан арылатын боламыз. Ең бастысы да осы емес пе?
Латын графикасына негізделген әліпбидің мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін жастарға түсіндіріп, насихаттап жүру – баршамыздың асыл міндетіміз. Сол абыройлы міндетті жоғары деңгейде атқарудан еш жалықпауымыз керек-ақ. Қазақ «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөзді текке айтпаған. Ендеше мемлекетіміздің қарыштап дамуы үшін жасалған осы қадамға жұдырықтай жұмылып қолдау білдіргеніміз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет