Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Лебедев, Н.А. Длиннопалый  рак – хозяйственно  ценный  объект промысла и аквакультуры: 
практикум для студентов специальности «Биология» с дополнительными специальностями, 
2008. – 50 б. 
2.
 
Власов,  В.А. Разведение  пресноводных  рыб  и  раков  /  В.А.Власов,  С.Б.Мустаев;  М.:  ООО 
«Издательство Астрель», 2004. – 256 б. 
3.
 
http://www.vashaibolit.ru/4613-polza-rakov-dlya-zdorovya-cheloveka.html
  
 
Аннотация. Данная статья рассматривает роль речного рака  в природе и жизни человека, а так же 
химический  состав  и  пищевую  ценность.  Представлена  переработка    и  транспортирование  
 продукта. 
 
Annotation. This article examines the role of crayfish  in nature and human  life, as well as the chemical 
composition and nutritional value. Presented processing and transportation of the product. 
 
 
ӘӚЖ 59 
      Қ  45 
 
ӚЗЕН  ШАЯНЫН ҚОЛДАН ӚСІРУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Әбдіқадір К.Б., Шолпанқҧлова Г.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
           Ӛзен  шаяндары    экожүйенің  ажырамас  бӛлігі.  Бұл  тұщы  судағы  жалғыз  тағамдық   
омыртқасыз  жануар.  Жоғары  сапалы  дәміне  байланысты  әлем  нарығында  айтулы  тағам  ретінде 
есептеліп,  тұрақты  сұранысқа  ие  бірегей  жануар.  Соңғы  15  жылда  ӛзен  шаяндарын    жасанды 
суаттарда ӛсіру  үлкен назарға  түсіп отыр. Қазіргі таңда ӛзен шаяндарын жасанды ортада  ӛсіруден 
Греция  мен  Италия  алдыңғы  орындарда.    Бұл  елдерге  шаяндар  кезінде    басқа  елдерден  алынып 
келінген. Сол себепті ӛзен шаяндарын кез-келген ӛңірде ӛсіріп, шаян шаруашылығымен айналысуға 
болады.  Бастысы экологиялық таза судың болуын ескеру. Осы себептен боуы керек, ӛзен шаяндары 
экологиялық  таза  тағамның  бірегейі  ретінде  танылған.  Ал  елімізде    ӛзен  шаянын  ӛсіру 
шаруашылығы  дамымаған,  артемия  салина    секілді  уылдырығы  ӛте  бағалы  шаяндарды  елімізден 
заңсыз шет елдерге сатып жатудың  бір себебі осы болар. 
Ӛзен шаянын қолдан ӛсіру ерекшеліктері мен тиімділігіне тоқталмас бұрын, ӛзен шаянының 
табиғаттағы  биологиясын  білу  маңызды.  Ӛзен  шаяны  –  омыртқасыз  жануарларға  жататын 
шаянтәрізділердің түрі. Бірнеше типтері бар: европалық (кең иықты, ұзын кеуделі), қиыр шығыстық 
(амур),  кубалық  (кӛгілдір),  флоридалық,  ергежейлі  мексикалық,  мәрмәр  және  басқалары.  Бір 
суайдында тек бір түр ғана тіршілік ете алады. Шаяндар  ӛзендер мен кӛлдерді, тоғандарды мекен 
етеді.  
Ӛзен  шаянының денесі  екі  бӛлімнен  баскӛкірек  және  құрсақтан  тұрады.  Баскӛкірек 
бӛлімінде сипап сезу,  иіс сезу қызметін атқаратын бірі қысқа, екіншісі ұзын екі  жұп мұртшалары 
бар.  Одан  соң  1  жұбы  үстіңгі  жақ,  2  жұбы  астыңғы  жақ,  3  жұбы  жақаяқтар  деп  аталатын  түрі 
ӛзгерген  аяқтардан  тұратын  ауыз  аппараты  және  5  жұп  жүретін  аяқтар  орналасқан.  Жүретін 
аяқтардың бірінші жұбы жемін ұстайтын және жауынан қорғанатын қысқышқа айналған. Су түбінде 
шаян  осы  жүретін  аяқтардың  кӛмегімен  басын  алға  қаратып  баяу  жылжып  қозғалады.  Ӛзен 
шаянының  құрсақ  бӛлімінде  жүзуге  қатынасатын  және  түрлі  басқа  қызмет  атқаратын  5  жұп 
кішкентай құрсақ аяқтары бар. Құрсақ бӛлімі бунақты және жақсы дамыған құрсақ ұшында құрсақ 

123 
 
аяқтарының  алтыншы  жұбы  соңғы  бунақпен  бірігіп  жүзу  қанатын  түзеді.  Шаян  денесін  қатты 
хитинді  жабын  қаптағандықтан,  ол  су  түбінде  бунақтанған  жүру  аяқтары  арқылы  жүреді,  суда 
бунақтанған  құрсағын  лезде бүгіп,  құйрық  жүзбеқанатын  қатты  серпу  арқылы  жүзеді.  Су  түбінде 
қозғалғанда  -  алға  қарай,  суда  жүзген  кезде артқа  қарай  қозғалады.  Бұл  кезде  хитинді  жабынмен 
қапталған  аяқ  немесе  құрсақ  бунақтары  сауыттың  ішкі  жағындағы  бұлшықеттер  арқылы 
қимылдайды. Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады,  ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылы 
буындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.  Құрлықта ӛзен шаяны бас бӛлігімен де, 
құйрық бӛлігімен де алға қарай жүрсе, суда жүзгенде   тек құйрық бӛлігімен алға басады. [3] 
Елімізде    ӛзен  шаяндарының  екі  түрі  кӛбірек  кездеседі.  Олар  еуропалық  және 
қиыршығыстық.  Ӛнеркәсіптік  мақсатқа  жиі  пайдаланыланатын  түріне  еуропалық  жатады.  
Еуропалық  шаяндардың  ӛзі  кең  иықты  және  ұзын  кеуделі    болып  екі  түрге  бӛлінетіні  белгілі. 
Осылардың ішінде кең иықты шаяндарды табыспен ӛсіруге болады. Аты да айтып тұрғандай, ол кең 
иықты, аяқтары етті болып келеді. Денесінде де ет мол кездеседі.  
Түсіне  қарай  ӛзен  шаяндарының    жасыл,  кӛкшіл,  қоңыр,  қызыл  және  қара  түстілерін 
кездестіруге  болады.    Жоғары  температурада  (мысалға,  қайнатқанда)  кӛпшілік  пигменттері 
бұзылып, тек қызыл пигметі қалады, бұл шаянның қызыл түске айналуына себеп болады.  
Ӛзен шаяндарының еті  елеусіз  мӛлшерде майлы және тӛмен калориялы керемет дәмге ие  
диеталық тағам рентінде белгілі.  Етінің құрамында кӛп мӛлшерде кальций, йод, толыққанды белок 
және  Е,  В  топтарындағы  витаминдер    кездеседі.  Осы  пайдалы  қасиеттердің  жиынтығын  ескере 
отырып,  ӛзен  шаянын,  тағам  ретінде  пайдаға  асыру    үшін,  шаруашылықта    ӛсіру  орынды. 
Сауытындағы кейбір заттар косметология мен медицинада да қолданылады (мысалға, хитозан).  
Ӛзен шаяндары табиғи жағдайда баяу ағынды суда, ӛзендерді, ағыстарды,  ірі бұлақтар мен 
арықтарды,  сонымен  қатар  кӛлдер  мен  кӛлеңкелі  жағасы  бар  ағынды  тоғандарды    қоныс  ете 
отырып, суат жағалауындағы апандарда, суда ӛскен ағаш бұталарында, не болмаса үлкен ағаштың 
тамырында жасырынады. 
 
Күрделі  құрылысты  желбезектері  арқылы  тыныс  алады,  ал  атмосфераның  ылғалдылығы 
жоғары болса, біраз уақыт ауамен тыныс алу мүмкіндігі бар.  
 
Ӛзен шаяндары судың сапасына ӛте талғампаз келеді. Егер су ластанып немесе балдырдың 
кӛп  ӛсуі  әсерінен  су  түсі  ӛзгеріп  кетсе,  суайдынын  тастап,  қолайлы  ортаға  аусады. Экологиялық 
таза тағам деп аталуының бір себебіне осыны жатқызуға болады. Орта жағдайына аса талғампазы  
кең иықты ӛзен шаяны, сол себепті ол ӛзендер мен ағыстарда, және үлкен кӛлдерде тіршілік етеді.  
 
Әсіресе судың  құрамындағы оттекке талғампаз, мӛлшері  5,4—9,1 мг/л шегінде болуы тиіс. 
Сонымен    қоса  олар  қышқылдық  ортаны    нашар  кӛтереді,  сол  себепті  сутек  иондары  бейтарап 
немесе ақырғы шегінде аз сілтілі болуы қажет (pHV 7—9). Кӛбею және ӛсу кезеңдерінде оңтайлы 
температура 17—18°С,  дегенімен ересектерінің бейімделген температурасы кеңірек: 4—28°С.  [1] 
Қысқы  уақытта  судың  сапалылығының  нашарлауы,  ӛзен  шаяны  популяциясының 
қырылуына  алып  келеді.  Сол  себепті,  аулалық  шаруашылықта  ӛзен  шаянын  ӛсіру  жағдайында, 
судың  сапалылығына  мұқият болып,  сырттан  ағып  келетін  суаттарға  назар  аудару  қажет.  Әсіресе 
ауыл, саяжайлардан келетін лас ағын сулардың қосылмайтындығына кӛз жеткізген жӛн.  
Кең  иықты  шаян  құмдауытты  немесе  тастақты  су  түбінде    (ізбесті  жерлер)  тіршілік 
ететіндіктен,  апанды  сирек      қазады,    ал  пана  ретінде    су  түбіндегі  бұталарды,  тас  арасындағы 
қуыстарды пайдаланады. Минералдық заттар су құрамында кӛп болғаны жӛн, әсіресе кальций ионы 
(10-60 мг/л) ерекше орын алады.  Минералды заттардың мӛлшері суда  аз болса,   ӛзен шаянының 
сауыты жұмсарып кетеді.  
Кең иықты шаяндарға қарағанда, ұзын кеуделі шаяндар  жыл бойы белсенді. Сол себепті қыс 
кезінде де аулау мүмкіндігі бар. Олар кӛбіне жұмсақ, сазды топырақтарды қазу арқылы, апандарда 
қорғанады.  Ӛзен  шаянының  екі  түрі  де  бахтах  пен  сига  балығы  тіршілік  ететін  суаттарға  тез 
бейімделіп,  олардың  қоректік  бәсекелесі  болмайды,  себебі  бахтах  жылжып  жүрген  организмдерді 
таңдаса, ал ӛзен шаяндары олармен  тек су түбінде қоректенеді.  
Бұл  жануарларды    қолдан  ӛсірудің  тиімділігінің  бірі,    ӛзен  шаяндары  – талғаусыз  қоректі. 
Тек қорегі синтетикалық, химиялық қоспалардан тұрмаса болғаны. Табиғатта ӛзен шаяндары  майда 
балықтармен,  балдырлармен,  тұңғиық  тәрізді  ӛсімдіктермен,  қырықбуынмен,  элодеямен,  майда 
омыртқасыз жануарлармен және фитопланктондармен қоректенеді. 
Ӛзен  шаяндарын  аквариумдарда,  тоғандарда,  ӛнеркәсіпте  ӛсіретін  жағдайда,    қоректену 
рационы толыққанды болуы үшін,  тағам түрінде кез-келген түрдегі ет болуы маңызды.  Олар  шикі, 
піскен,  майдаланған,  тіпті  ескіріп  қалған  еттерді  де  талғамай  жей  береді.    Ӛзен  шаянының 
қозғалысы  баяу  екенін,  және  қолдан  жасалған  тоғандарда    қозғалыссыз  тірі  организмдердің  аз 

124 
 
мӛлшерде  кездесетінін  ескеретін  болсақ,  шаянға  жылдам  қозғалатын  тірі  қоректі  ұстау  қиынға 
туады,  салдарынан  ӛзен  шаяны  етті  қорек  қабылдай  алмауы   мүмкін.  Сол  себепті  жауын  құртын 
ӛсіріп,  ӛзен  шаянына  беруге  болады.  Сонымен  қатар,  шаяндарға  жасалған      арнайы  құрама 
азықтарда  бар.  Бұдан  бӛлек,  шаяндарды  нан  қалдықтарымен,  кӛкӛністермен,  дақылдардың 
ұнтақталған  түрімен,  қалақаймен,  күнжарамен  және  ас  мәзірінен  қалған  кез-келген  қалдықтармен 
қоректендіруге болады. 
 
Қолдан    ӛсіру  барысында  қорек  кӛлемін    ескеріп  отырған  дұрыс.  Берілген  қоректің 
барлығын  қалдықсыз жеп қоюы қажет, болмаса қорек қалдықтары  суды ластап, ӛзен шаянының 
қалыпты тіршілік етуін бұзады.  Ӛзен шаянының  тәуліктік қорек  тұтыну мӛлшері ӛз салмағының 
шамамен 2-3 %-ын құрауы керек. [2] 
 
Ӛзен шаяндарын қолдан ӛсіру кӛбіне  екі тәсілмен жүзеге асады: тоғандық және зауыттық.
 
Ӛнеркәсіпті  ұйымдастыру  жағынан  қарасақ,  тоғандық тәсіл  тиімдірек.  Себебі  салым  аз  мӛлшерде  
кетеді. Тоғандық тәсілдің тағы бір артықшылығы – ӛзен шаянына қажетті мекен орнының қолда бар 
болуы (табиғи пана, жасырынатын табиғи ортасы). 
 
Қолда ӛсіруде кең таралғаны – еуропалық. Оның кең  иықты түрі ұзын кеуделіге қарағанда 
ірірек және етті, ал екінші түрі (ұзын кеуделі) ұсақтау, бірақ ӛсімталдығы ( шамамен 6 есе ) жоғары. 
Салған  уылдырығының  саны  маңызды  рӛл  атқарады,  себебі  табиғи  жағдайда  ӛзен  шаяны 
дернәсілдерінің  тірі  қалу  мүмкіндігі  20%-дан  аспайды.  Су  қоймасына  қойылатын  басты  талап  – 
оттекпен қаныққан таза су. Тоған лайланбаған болуы аса  маңызды.  Егер суаттарда шаян кездесетін 
болса, ол су кіршіксіз таза деген ұғым қалыптасқан. Шаяндар таза суды ұнатады, бірақ белгілі бір  
уландырғыш заттар бар болған жағдайда, біраз уақыт лайлы суда улы заттарды сезбей ӛмір сүруі 
мүмкін. Әсіресе, ӛзен шаянына, ағып келіп қосылған су мен қышқылдық орта жағымсыз келеді.  
 
Тоғанды    әзірлегенде,  ӛзен  шаяндарының    әкті  топырақты,  су  ӛсімдіктердің  болуын 
ұнататынын  ескерген  жӛн.  Шаяндар  ӛздеріне  жаз  айларында  су  бетінен  1,5  метрдей  қашықтықта  
апан қазып, ал қыс айларында апанын оданда тереңдете түседі. 
 
Тоғандардан басқа  ӛзен шаянын  қолдан ӛсіруге  арналған хауыздар мен аквариумдар бар. 
Судың алмасуы қарқынды болуы үшін, суаттың пішіні сопақтау болуы керек.  Тереңдігі 8 метірден 
аспауы  да ескерілуі  тиіс.    Хауыздар  мен  аквариумдер     уылдырықтан  дернәсілдің  ӛсуі  мен  1  жас 
аралығында  уақытша  ғана  қоланылатынын  түсіну  керек.  Ал  ересектерін  тоғандарда  ӛсірген  жӛн. 
Ұрпақтарын бӛлек тоғандарда, сонымен қоса қыста  бӛлек суаттарда қыстап шығаруға болады. 
 
Аталық ӛзен шаяндары үш жылда жыныстық жетілсе, аналықтары үш-тӛрт жылда жетіледі. 
Ӛзен шаяндарының шағылысуы күз айлары  мен ерте кӛктемде жүріп, шамамен 2 аптаға созылады, 
ұрықтануы  сырттай.    Ұрықтанған  уылдырық  аналығының  құрсағында  жабысып,  сол  жерде 
шығарылады. Уылдырығы орта есеппен 100-150 шамасында, эмбрионның ӛсуі екі ай ішінде жүзеге 
асады. 
Дернәсілі  алғашқы  кезде  аналығының  құрсағында,  сарыуыз  қалдығымен  қоректеніп 
отыратын болса,  10 күннен кейін түлеп, ересек формасына ұқсас түрленеді. Ал 15-20-шы күндерге 
қарай  ӛздігінше,  тәуелсіз  тіршілігін  бастайды.  Түлеу  процесінде  қорған  іздеп,  сол  жерде 
жасырынады.  Балықтардың  кӛптеген  түрлері,  су  құстары  және  басқа  да  жануарлар    ӛзен 
шаяндарымен  қоректенетін  болғандықтан,  дернәсілінің    аз  ғана  пайызы  тірі  қалады,  сонымен 
аналықтары да каннибализмге бейім келеді. 
Тауарлық  жасқа  ӛзен  шаяндары  тӛрт  жаста,  10  см  шамасына    жеткенде  келеді.  Ӛзен 
шаяндары  тіршілігінің  соңғы  жылдарында  кем  дегенде  17-20  см  (ұзындығы)  және  тірі  салмағы 
шамамен 250-300 граммға жетеді, яғни ӛмір бойы ӛседі.    Шекті сыртқы  келбеті  8 сантиметрден 
тӛмен болған жағдайда, шаяндарды аулаудың пайдасы жоқ.   
Аналық ӛзен шаяндары аталық шаяндарға қарағанда ірірек келеді. Шаян ӛскен кезде сауыты 
тар болады да, түлеу процесі жүреді. Ескі сауыт түсіп, жаңа сауыт түзіле  бастайды. Балдырлар мен 
ӛсімдіктерді  қорек  ету    арқылы,  сауыттың  түзілуіне  қажетті  кальцийді  алады.  Тіпті,  шаянның 
организімінде,  түлеу  процесінде  сауыттың  тез  қатаюына  керекті          кальцийдің  артық  қорын 
сақтайтын  арнайы  орындары  болады.  Сауыты  қаншалықты тез  ауысып  тұрса,    шаян  соншалықты  
бұлшықет массасын тез жинайды. [1] 
 
Ӛсіргелі  отырған  шаяндарды  хауызда  ӛсіру  үшін,  тазалағыш  жүйені  пайдалану  маңызды, 
жылытқыш және су сүзгіші, сонымен қоса арнайы тастармен апандар жасап қою қажет. Егер ӛзен 
шаяндары аквариумда болса, су түбіне құм тӛсеуге болады. 
 
Аквариумды  қолан  жасауға  немесе  тапсырыс  беруге  болады.  Аквариумды  жасағанда, 
металлдан  жасалған  қаңқасы  суға  тимеуіне,  не  болмаса тек  шыныдан  жасалғандығына  мән  беру 
керек. Аквариум мейлінше табиғи шыныдан жасалғаны абзал. Су түбіндегі жер ретінде құм немесе 

125 
 
қиыршықтасты  топырақ,  ал  қорған  ретінде  тастар  мен  ағаштарды  қолдануға  болады.  Аквариум 
шаруашылығына  дұрыс  кірісу  үшін  пневматикалық  компрессорлар,  фильтрлар  және    басқа  да 
зоодүкеннен алуға болатын құралдар қажет.  Ӛзен шаяндары оттекті аквариум суынан сіңіріп, оны 
зиянды  газдармен  толтыратын  болғандықтан,  судың  тәулік  сайын  фильтрация  мен  аэрацияланып 
отырылуы маңызды. 
 
Ең  бастысы,  аквариумда  ӛзен  шаянының  ӛсуі  мен  дамуына  әсерін  тигізетін    судың 
температурасын, судың кермектігін, басқа да маңызды параметрлерін  оңай  назарда ұстап отыруға 
болады. Аквариумда ұстау, ӛзен шаянының дернәсілдерін судың қолайсыз ортасынан, жауларынан 
сақтап, ауру мен аштықтан опат болу мүмкіндіктерін  едәуір тӛмендетіп,  сонымен қоса дернәсілдің 
даму  мерзімін  қысқартады.  Дамуының  ұзақтығы  мен  жылдамдығы  басқа  да  пойкилотермді 
жануарлар сияқты температураға байланысты.  Аквариумда дернәсілдерінің тесіп шығуы  20 – 24°С 
жақсы  жүзеге  асады.  Уылдырықтан  дернәсіл  жарып  шыққаннан  кейін,  аналықтарын  тоғанға 
отырғызады.  Жоғарыда айтып кеткендей, уылдырықтың табиғи жағдайда дамуы, температураның 
тӛмен болуына байланысты, 7-8 айға дейін ұзақ созылуы мүмкін.  Сондықтан,   уақытты қысқарту 
үшін,  уылдырықтың  аналық  құрсағында  жүрген  уақыты  мен  дернәсілдің  ересек  формаға  ұқсаған 
уақытына дейінгі кездер  аралығында аквариумдағы  судың температурасын қадағалап,  18  – 20°С 
шамасында ұстау керкек. Осы айтылған жағдайларды жасаса, эмбриондық даму  табиғи жағдайдағы  
7-8 айдан,   қолдан ӛсіруде  3-4 айға дейін қысқарады.  Ақпан мен наурыз айларында тесіпшыққан 
дернәсілдер  тіршілікке  бейім,  аквариумда  тез  дамып,  маусым айының  соңында  123-915  мг  жетеді 
(табиғи  жағдайда  мұндай  масса  қыркүйек-қазан  айларында  болады).  Сонымен  қоса,  кӛптеген 
суаттар мен тоғандарда, маусым айының соңына таман судың температурасы 20°С  жетіп қалады 
да,  19-20°С  аквариумда  ӛсірілген  жас  шаяндарға  мұндай  орта  қауіп  тӛндірмейді.  Осылайша, 
дернәсілдердің тесіп шығуы маусым-шілде айларында емес, аналығы  уылдырық  салғаннан кейін 1-
1,5    айда  жүзеге  асады. Сонымен  қоса,  аквариудағы  температураның  ауытқуы    тәулігіне  1°С-тан 
аспауы  маңызды.  Олай  болмаған  жағдайда  уылдырығы  аналық  құрсағынан  түсіп  қалуы  мүмкін. 
Шаянды аквариумға орналастыру
 
жиілігі 250 литр суға шамамен  50 данадан келеді. [2] 
 
Суатта мүмкіндігінше  судың қалыпты деңгейін сақтап отыру керек: жазда – 1,5 м; қыста – 3 
м.  Ортаның жағдайын да бақылауда ұстау маңызды: қышқылды орта жас шаяндардың ӛсуіне және 
түлеуіне  кедергі  келтіріп,  сауыты  жұмсақ  және  жұқа  болады,  сондықтан  ортаның  жағдайын  да 
бақылауда  ұстау  маңызды.    Аммиактың  концентрациясы  3,5  мг/литрге  дейін  жиналуы  ӛте  зиян, 
ӛсуін  тоқтатып,  ӛзен  шаяндарының  ӛлуіне  алып  келеді.  Ӛзен  шаяндарын  хауыздарда,  аквариуда 
ӛсіруде аммиактың  судағы концентрациясы 1,25 мг/литрдан аспауы қажет. 
 
Қыста ӛзен шаяндары суатта ұйқыға кетіп, аз қоғалып, қоректенбейді. Осы кезеңде оттектің 
мӛлшерін  қатаң  бақылауда  ұстап,    судың  аэрациясы  үшін    жиі    пневматикалық  компрессорлады  
қосып отыру керек.  [1] 
Жалпы,  шаян  ӛсірудің  тоған  салудан  басқа  кӛп  шығыны  жоқ.  Тоған  әзірлегеннен  кейін 
шаяндарды басқа су кӛздерінен аулап әкеліп, оны ӛз тоғанға жіберуге болады. Ал мұндай мүмкіндік 
болмаған жағдайда шаяндарды сатып алынады. Шаян шаруашылығымен айналысуда, бірінші кезек 
үшін  10  килограмм  тірі  шаян  жеткілікті.  Бір  аналық  шаян  жылына  60-900-ге  дейін  жұмыртқа 
шашады. Орта есеппен алғанда бір аналық 400 жұмыртқа шашады, нәтижесінде 10 килограмм тірі 
шаян бір жылда кем дегенде 20 мың жұмыртқа береді. Бұдан 1 мың килограмм шаян етін ӛндіріледі.  
[4] 
Елбасымыз,  алған  білім 
   
тұрмыс  игілігіне    жарата  білумен  бағаланатынын  айта  кетіп,  әр 
азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз ӛзінің дамуына қарқын қосарына сенімі мол екенін 
айтып ӛтті. 
 
Сонымен қатар, ол еліміздің әр ӛңірінде үздік шаруашылық үлгісінің бар екенін  айтып, алға 
жылжып, шаруашылықпен айналысу керектігін айта келе,"Біз шынымен де әлемнің ең дамыған 30 
елінің  қатарына  кіреміз  дейтін  болсақ,  индустрияны  дамыту  қажет.  Ол  бұдан  да  артық  ӛнімді 
шығаруы тиіс", - деуі бекер емес. [5] 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Лавровский,  В.  В.  Мировая  аквакультура  (статистические  данные)  /  В.  В.  Лавровский  // 
Рыбоводство и рыболовство. – 2000. – № 2. – 18 б. 
2.
 
Козлов,  В.  И.  Аквакультура:  учебник  /  В.И.Козлов,  А.Л.Никифоров-Никишин,  А.Л. 
Бородин; М.: КолосС, 2006. – 446 б. 
3.
 
Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы,"Жануартану"(1998), 85 б. 
4.
 
http://imurat.kz/shayan-osiru/  

126 
 
5.
 
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-sharualarga-kolhozshyi-bolyip-jurud-
dogaru-kajet-264667/         
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  выращивания  речного  рака  в 
хозяйственных  условиях. А так же биология исследуемого вида, характеристика различных прудов 
и факторов, влияющих на рост и развитие раков. 
 
Annotation.  This  article  deals  with  the  cultivation  of  crayfish  in  economic  conditions.  As  well  as  the 
biology investigated species characteristic of various ponds and factors influencing the growth an 
 
 
ӘОЖ 372.854 А52 
ХИМИЯДАН ҚОСЫМША ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ 
Бутинчиева Т.С., Амантайқызы Ә. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
ХХІ-ші  ғасырдағы  алдыңғы  қатарлы  бәсекеге  талас,  ӛркениетті  елдер  қатарына  қосылу 
мақсатында  Қазақстан  ғылым  мен  білімді  әлемдік  деңгейге,  ұлттық  ерекшелікке  сай  үйлесімді 
дамыту  жолдарын  қарастыруда.  Қазақстанның  болашақ  дамуына  арналған  «Қазақстан  –  2050» 
бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы ӛзінің қоғамдағы алатын орнын 
саналы түсінуі жәнеел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы 
қажеттігіне 
баса 
назар 
аударылған. 
Қазақстан  Республикасы  және  ғылым  минстрлігі  дайындаған  бағдарламасында  ―Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы‖ бойынша бәсекеге қабілетті 
маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет[1]. 
Оқушылар  шығармашылығын  дамытуда  қосымша  жұмыстар  үлкен  рӛл  атқарады.  Ол  үшін 
қосымша жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін  іріктеп ала білудің 
маңызы зор. 
Қосымша жүргізілетін  жұмыстар химия пәнінің  негіздерін  оқушыларға үйретіп қана қоймай, 
сонымен қатар болашақ жастарды ӛмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне кӛп септігін 
тигізеді. Мұның ӛзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан 
қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болады. 
Қосымша  жұмыстар  белгілі  бір  мақсатқа  сай  жүелі  де  нәтижелі  болуы  керек.  Оқу-тәрбие 
барысында  сабақ  пен  қосымша  жұмыстардың  ӛзара  байланыстылығын  жетілдіру;  мұнымен  бірге 
оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы 
еңбекке  неғұрлым  белсенді  қатыстырып,  белгілі  бір  кәсіптік  мамандықты  игеруге  әзірлеу  – 
мұғалімдердің негізгі міндеті. 
Қосымша  жұмыстар  оқушылардың  химиялық  білімін  дамытып  қана  қоймай,  оларды  жан-
жақты  тәрбиелеудің  де  міндеттерін  шешеді.  Әрбір  оқушы  ӛзінің  еріктілігімен  қатар,  ӛз  бетінше 
жеке  дара  жұмыс  істейтінін  де  ұжым  алдындағы  жауапкершілігінде,  жақсы  сезінуі  керек.  Оқу 
жоспарынан 
тыс, 
оқушылардың 
қалауы 
бойынша 
ұйымдастыралатын 
оқу-тәрбие 
жұмысын қосымша  жұмыстар  деп  атайды.  Сабаққа байланысты мұғалімнің  тапсырмасы  бойынша 
бүкіл  бір  сыныптың  оқушылары  орындайтын  сабақтан  тыс  жұмыстар  бар.  Бұлар  күнделікті 
сабақпен,  зертханалық  және  сарамандық  жұмыстармен  байланысып  жатады.  Қосымша  жұмыстар 
мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, ӛз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы 
жүргізіледі.  Бұл  оқу  бағдарламасынан  ӛзгеше  танымдық,  іскерлік  пен  дағдылар  қалыптастыруы 
оқушылардың  ӛз  беттерінше  қоғамдық  пайдалы  жұмыста  атқаруын  кӛздейді.  Оған  қатысатын 
оқушылардың  білім  дәрежесі,  сыныптағы  жас  ерекшелігі  бірдей  болмауы  мүмкін,  осыған  орай 
орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады. 
Қосымша  жұмыстар  мынадай  түрлерге  бӛледі:  жекелеген  оқушылармен  жүргізілетін 
жеке – дара, топтық, кӛпшілік жұмыстарға бӛлінеді.  
Бұл  жұмыстардың  түрлері  мен  бағыттары  оларға  қатысатын  оқушылар  санымен, 
мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді[2]. 
Оқушылардың  хим ияға  қызығуын  біршама  қанағаттандырғанымен  қосымша 
сабақтардың  да  мазмұны  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  шектеледі.  Оқушылар 

127 
 
бағдарламадан  тыс  кӛптеген  мәселелерді  білгісі,  үйренгісі  келеді.  Мұның  ӛзі  химияның 
тұрмыстағы  және  халық  шаруашылығындағы  маңызының  күн  сайын  артуымен  де 
байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен қосымшажұмыстар жүргізіледі. 
ӛзінің  атынан  кӛрініп  тұрғанындай  бұл  жұмыстар  –  оқушылардың  қалауы  бойынша 
мұғалімнің  жетекшілігімен  сабақтан  тыс  жүргізілетін  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  бір 
түрі. 
Қосымша  жұмыстардың  түрлері,  мазмұны  және  әдістері  сабақтағыдан  ӛзгеше  болып 
келеді.  Олардың  мазмұны  бағдарлама  арқылы  шектелмейді.  Мектептің  жағдайына 
оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми- 
кӛпшілік  кітаптарын,  мерзімді  баспасӛзді  оқығанда  туады.  Қосымша  жұмыстарды 
ұйымдастырғанда  еріктілік  негізі  сақталады  және  оларды  жүргізудің  негізгі  әдісі- 
оқушылардың ӛздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл- кеңесін беріп, бағыттап отырады. 
Қосымша  жұмыстардың  міндеттері  мен  ұйымдастырылу  негіздері:  оқушылардың 
химияға  құштарлығын  жоспарлы  дамыту;  сабақта  ӛтілген  материалдармен  байланысын 
қамтамасыз  ету;  қосымша  жұмыстарға  қоғамдық  мән  беру;  теориялық  және  сарамандық 
жұмыстарды  ұштастыра  жүргізу;  жұмыстың  түрін  таңдаудағы  оқушылардың  еріктілігі  мен 
орындаудағы  міндеттілігін  ұйымдастыру  жұмыстарындағы  белсенділігі  мен  дербестігін 
қамтамасыз  ету;  кӛпшілік  және  жеке  жұмыстарды  ұштастыру;  қосымша  жұмыстармен 
оқушыларды  шамадан  тыс  шұғылдандырмау;  қосымша  жұмыстарға  кәсіптік  бағдар  беру. 
Қосымша жүргізілетін  жұмыстар химия  пәнінің  негіздерін  оқушыларға үйретіп қана қоймай, 
сонымен  бірге  боашақ  жастарды  ӛмірге  әзірлеп,  мамандықты  еркін  таңдай  білулеріне  кӛп 
септігін тигізеді. Мұның ӛзі жеке мемлекет болып, білім  берудің жүйесіне жаппай жасалып 
жатқан  қазіргі  уақытта  ӛте  маңызды  болып  отыр.  Сыныптан  тыс  топтық  жұмыстардың  ең 
маңыздысы – химиялық үйірмелер. Химия пәніненсыныптан тыс жұмыстар әр салалы үйірме 
ұйымдастырудан  басталады.  Ол  жүйелі  турде  жургізіледі.  Еркімен  келген  окушылар 
курамының турактылығы, олардың жумысын біріктіретін жалпы тақырыбынын болуы химия 
үйірмесінің  ерекшеліктеріне  жатады.  1970  жылы  жеке  сыныптарда  химиядан  жүргізілетін 
үйірме  жұмыстарының  шамамен  алынған  бағдарламасы  ұсылынады.  Онда  зертханалық 
техниканың  негіздері,  препарат  әзірлеу,  электрохимия,  химиялық  технология,  геохимия, 
органикалық  химия,  аналитикалық  химия  үйірмелерінің  тақырыптары,  бағдарламасы 
берілген. 
Бір  үйірмеге  қатысатын  оқушылар  саны:  10-12-ден  аспайды. Бірінші  жылы  оқушылар 
зертханада  жұмыс  істеу  және  қауіпсіздік  техникасын  сақтау  шараларымен  толығырақ 
танысады.  Заттарды  тазарту,  ерітінділердң  дайындау,  химия  зертханасында  қажетті  кейбір 
заттарды  алумен  шұғылданады,  сарамандық  біліктер  мен  дағдылар  игереді.  Химияның 
тұрмыста қолданылуымен байланысты тәжірибелер жасайды, киімдегі дақты, ыдысқа жұққан 
кір мен жабысқан қақты кетіру жұмыстарымен танысады. 
Химияның  тарихымен  шұғылданатын  үйірменің  ашылу  тарихымен,  кӛрнекті 
ғалымдардың  ӛмірі  және  еңбегімен  танысады,  кӛрмелерге  ӛндіріс  орындарына  топсеруенге 
барады. 
Аналитикалық  химия  үйірмесінде  судың,  ауаның  минералдардың  және  ауыл 
шаруашылығы ӛнімдері құрамына химиялық анализ жасалады
Агрохимия үйірмесінде топырақтың құрамын касиеттерің ӛсімдіктерге қажетті қоректі 
заттарды  зерттейді.  Ӛсімдіктерді  зиянкестерден  қорғайтын  заттардың  пайдасы  мен  зиянын 
анықтайды. Агрохимиялық анализдер және тәжірибелер жүргізеді. 
Электрохимия  үйірмесінде  химияның  осы  маңызды  саласының  шығу  тарихын, 
электролиз әрекетінде, гальваникалық элементтер және металдар коррозиясы кезінде жүзеге 
асатын әрекеттерді тәжірибе жүзінде зерттейді[3].
 
Химиядан жүргізілетін қосымша жұмыстар кӛпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп 
үшке бӛлінеді.  
  Кӛпшілік  жұмыстарға  жататындар:    жас  химиктер  қоғамы,    хим иялық  шектер,  
олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б. 
  Топтық  жұмыстар:    химиялық  үйірмелер,  жас  химиктер  клубының  және  қоғамының 
сексиялары, химиялық бюллетень шығару, кӛрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары. 
  Жеке жұмыстар:  кітаппен  жұмыс,  хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу,  құрал 
және кӛрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер және  т.б. [4]. 

128 
 
  Сыныптан 
тыс  жұмыстардың  түрлері  кӛп,  олар  біртіндеп  қалыптасады. 
Жиырмасыншы    жылдарда  химиядан  қосымша  жұмыстар  техникалық  станцияларда 
жүргізіледі,  оқушылар  тәжірибе  жасау,    құралдар  мен  кӛрнекі  құралдар  әзірлеумен 
шұғылданады.  Отызыншы  жылдарда    химиялық  үйірмелер  жұмыс  істеді,  оларды  
ұйымдастыру  жӛнінде    оқу  құралдары  жарық  кӛрді.    Қырқыншы  жылдарда  алғашқы 
химиялық    қоғам  ұйымдастырылды,    бұлар  кейінгі  жылдарда  қосымша  жұмыстардың 
әдістемесін баяндайтын  бӛлім ашылды,   ғылыми зерттеу жұмыстары дамыды. Алпысыншы 
жылдарда  Д.И.Менделеев  атындағы  Бүкілодақтық  химия  қоғамы  жас  химиктер  сексиясын 
ұйымдастырды.  Оған  орта  мектептің    оқушылары,    арнайы    орта  және  жоғары    оқу 
орындарының  студенттері  мүше  болып,  қосымша  жұмыстар  жүргізуге  белсене    араласты.  
Жас  химиктер  шығармашылығын  насихаттауға  арналған    Одақтық    кӛрмелер 
ұйымдастырылып,  бәйгелер  жарияланды.  Жас  химиктер  сексиясының    жұмысына  ірі 
ғалымдар,  жоғары  оқу  орнының  оқушылары  қатысты. Осының  бәрі  қосымшажұмыстардың 
кең  ӛріс  алуына  зор  ықпалын  тигізді.  Бұрынғы  КСРО  Ғылым  Академиясының  «Химия  и 
жизнь»  журналында жас химиктерге арналған тартымды материалдар үзбей жарияланды[5]. 
Соңғы  уақытта  жастарды  қоғамның  жан-жақты  жетілген  белсенді  азаматы  етіп 
тәрбиелеу үшін  химия  пәні бойынша сыныпта ӛтілетін   бағдарлама материалын  қазіргі ӛмір 
талабына  сай  оқытумне  қатар,  оқытудың  білім  беру,  тәрбиелік  және  одан  әрі  дамыту 
міндеттерін жүзеге асыруда қосымшажұмыстардың сапасын жақсарту жолға қойылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет