Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

 
Литература
1. Аронов В.Р. Дизайн и искусство: актуальные проблемы технической эстетики.  
2. Торопова Л., Марина З. Интерьер и дизайн современной квартиры. 
3. www.Sweethome 3D.com. 
4.
 
Рунге В.Ф, Сеньковский В.В. Основы теории и методологии дизайна
5.
 
Иттен И. Библиотека дизайна. 
 
Аннотация.  Ғылыми  мақаласыңда  интерьер  дизайны  мен  оны  жобалауда  қазіргі  заманғы 
графикалық  компьютерлік  бағдарламалардың  шығармашылық  мҥмкіншіліктерін  қарастырады.  Жҧмыста 
интерьер дизайнының  даму тарихы ашылып, ондағы стиль тҥрлері қарастырылады.  
Annotation.  Given scientific  functioning  studies  the  creative  possibilities  of  the  modern  graphic  computer 
programs  in  designing  and  design  of  the  interior.  The  history  of  the  development  of  the  design  of  the  interior 
opens in functioning, are considered existing styles.  
  
 
 
 
 
 

ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, 
ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ 
 
 
ӘОЖ 59 Ж26 
 
ЛАНЦЕТ ТӘРІЗДІ СОРҒЫШТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТУДЫРАТЫН 
АУРУЫ МЕН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Мал  бауырындағы  гельминт  саны  аз  болса  ауру  белгілері  білінбейді.  Егер  бауырда  жҥздеген, 
мыңдаған қҧрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала тҥседі. Жануардың жем  – шӛпке 
зауқы  нашарлайды,  тамағында,  кеудесінде  жалқаяқ  ісік  пайда  болады,  бауыр  кӛлемі  ҧлғаяды,  іші  ӛтеді, 
кӛзге  ілінетін  мҥшелердің  кілегей  қабаттары  ақсарғыш  тартады.  Дикроцелиоз  ауруымен  ауырған 
жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, ӛт жолының бҧзылуы, ӛсу мен дамудың тежелуі. 
Дикроцелиоз  ауруы  Азия  елдерінде,  Солтҥстік,  Орталық  және  Оңтҥстік  Америкада,  Африка  мен 
Австралияда  және  Қазақстанда  да  кең  таралған.  Қазақстанның  оңтҥстік  ӛңірінде  соның  ішінде  Жамбыл 
облысында тараған гельминтоз. Ӛзен-кӛл жағасында орналасқан аудандарда, Шу, Қордай, Рысқҧлов және 
Меркіде малдар дикроцелиозға кӛп шалдығады.  
Дикроцелиозды  химиялық  жолмен  дәрі-дәрмектер  арқылы  және  биологиялық  жолмен  ӛсімдіктерді 
қолдану арқылы емдеуге болады[1].    
Паразит  қҧрттармен  кҥресу  жолдарында  олардың  биологиялық  ерекшеліктерін,  эпизоотологиялық, 
диагностикалық  және  дҧрыс  антигельминттерді  таңдау  керек.  Егер  де  бір  антигельминтті  пайдалана 
беретін  болса,  онда  паразит  қҧрттарға  әсер  етпей,  дегельминтизацияланбайды.Жамбыл  облысының 
паразит  фаунасы  және  паразитоценоздың  қалыптасуы  оның  климаттық  жағдайларына  және 
бейімделулеріне байланысты. 
Ланцет тәрізді сорғыш жалпақ қҧрттар типіне жатады.Жалпақ  қҧрттар типіне денесінен тек қана бір 
симметрия  жазықтығын  жҥргізуге  болатын  екі  жақты  симметриялы  (билатеральды)  жануарлар  жатады. 
Жалпақ  қҧрттар  ҥш  қабатты.  Онтогенез  процесінде  оларда  ішекқуыстылар  тәрізді  екеу  емес,  ҥш  ҧрық 
жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты тҥзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары 
аралығында  ҥшінші  ҧрық  жапырақшасы  –  мезодерма  дамиды.  Қҧрттардың  денесі  ҧзынша  келген  және 
арқа-қҧрсақ  бағытында  қысыңқы  (жапырақ,  тақта,  таспа  тәріздес).Ланцет  тәрізді  сорғышдигенетикалық 
сорғыштар класс тармағы – Digenea ӛкілі [4]  
Ланцет тәрізді сорғыштың морфологиясы 
Ланцет  тәрізді  сорғыш  -  бҧл  қҧрттың  денесінің  артқы  жағы  дӛңгелек  келген,  ал  алдыңғы  жағы 
ҥшкірлеу,  ҧзындығы  5-15мм,  ені  1,5-2,5мм.  Жартылай мӛлдір ақшыл  денесінде  жатыр  тҥтіктері  кӛрінеді. 
Кутикуласының  қылтандары  болмайды.  Сорғыштары  бір-біріне  жақын  орналасқан.  Ішек  тармақтары 
қарапайым,  дененің  соңғы  бӛлігіне  дейін  жетпейді.  Жҧмыртқасы  сопақша,  мӛлшері  38-45х22-30, 
скорлупасы  қалың  қақпағы  кішкене,  жетілмеген  кезінде  сарғыш,  кейіннен  қою  қоңыр.  Қой,  сиыр,  ешкі, 
қоян, шошқа және сирек адамдардың бауырында паразиттік тіршілік етеді[4].  
Құрылысы  мен  физиологиясы.  Дене  формасы  жапырақ  тәрізді.  Сорғыштары  ойыстау  болып,  шет 
қабырғалары бҧлшықет талшықтарынан қҧралған, сақина тәрізді бҧлшықеттерімен кӛмкерілген. Денесінің 
алдыңғы  және  қҧрсақ  бӛлімдерінде  бір-бір  сорғыштары  бар,  яғни  ауыз  және  қҧрсақ  сорғыштары.  Олар 
бекіну  мҥшелері  болып  табылады,  себебі  осы  сорғыштары  арқылы  қҧрттар  иесінің  денесінде  бекініп 
тҧрады[5].  
Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жҧтқыншаққа, ал ол жіңішке 
ӛңешке  жалғасады.  Энтодермальды  ортаңғы  ішек  ӛңештен  басталып,  дененің  бҥйірімен  артқа  қарай 
созылып тҧйықталған екі тармақтан қҧралады[4]. 
Зәр шығару  жүйесі  – протонефридиялы.  Денесінің  ортасында  немесе  екі  бҥйірінде негізгі  тҥтіктері 
орналасқан, олардан  ҧштарында толқындалған алаулы  жҧлдыз тәрізді  клеткалары  бар  кӛптеген тарамдар 
шығады. Негізгі тҥтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады.  
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ. 
Нерв  жүйесіжҧп  ми  ганглиясынан  тҧрады.  Одан  дененің  алдыңғы  жағына  және  ауыз  сорғышына 
қарай  нервтер,  сонымен  қатар  артқа  қарай  ҥш  ҧзына  бойы  нерв  бағаналары  тарайды.  Ҧзына  бойы 
бағаналар сақина тәрізді ӛсінділермен ӛзара байланысып, ортогон типіндегі нерв жҥйесін тҥзейді.   
Сезім мүшелері қҧрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ӛте нашар дамыған[4].  
Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған.  

Көбеюі және дамуы.Олардың салған жҧмыртқалары ӛт жолы арқылы ішекке тҥсіп, иесінің ішегінен 
нәжіспен араласып  сыртқа  шығарылады.Дикроцелияның  жҧмыртқасының мӛлшері  (0,038-0,045  х  0,022  – 
0,030мм) қара –қоңырқай тҥсті бір жақты қақпақшалы, қарапайым ассиметриялы болып келеді. Ары қарай 
даму  ҥшін  жҧмыртқа  суға  тҥсуі  керек.  Су  ішінде  жҧмыртқадан  денесі  толқынды  эпителимен  жабылған 
личинка-мирацидий  шығады.  Мирацидий  тҧмсықшасы  арқылы  ҧлу  денесіне  еніп,  оның  ішкі  мҥшесіне 
енеді. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады. 
Бҧл  кӛбею  қабілеті  бар,  жыныстық  жҥйесі  жетілген  сатысы.  Спороцистаның  денесіндегі 
партеногенетикалық  жҧмыртқалары  әрбіреуі  бӛлініп,  келесі  –  редия  деп  аталатын  ҧрпаққа  айналады. 
Спороцисталар  сияқты  редияның  денесіндегі  партеногенетикалық  жҧмыртқалары  бӛлініп,  редияның 
ішінде жаңа ҧрпақ – церкариялар пайда болады. Ары қарай дамуы ҥшін церкариялар екінші аралық иесіне 
–  қҧмырсқалардың  (Formica  туысынан)  ішегіне тҥсуі тиіс.  Қҧмырсқаларда  церкария  соңғы  метацеркария 
сатысына айналады [1]. 
Дикроцелияның  иесі.  Дикроцелиоз  паразиттік тіршілік етуіне  байланысты  дамуы  ҥш  иеде  жҥреді    - 
дефинитивті (нағыз), аралық және қосымша.  
Дефинитивті  (нағыз)  ие.  Нағыз  иеге  тҥрлі  сҥтқоректілер  (ірі  қара  малдар,  тіпті  адамдар  да  бола 
алады), дикроцелияның толық пісіп жетілуі нағыз иеде жҥреді.  
Аралық  ие.    Былқылдақ  денелілер  моллюскалар,  ҧлулар  бола  алады.  Ӛйткені  олардың  ағзаларында 
партогенетикалық  жолмен  дамыған  паразиттердің  церкариялары  қалыптасады.  Былқылдақ  денелілердің 
негізінен  25  мың  тҥрі  бар  оларға  тәжірибе  жасау  барысында  90  тҥрден  паразит  табылған.  Сондықтан 
дикроцелияның дамуына моллюскалар ӛте ыңғайлы.  
Қосымша ие. Бҧны кӛбінесе қҧмырсқалар атқарады. Олардың организмдерінде трематодтың бесінші  
дернәсілдік сатысы метацеркария дамиды. Нағыз иеде метацеркария ауруды тудыруға ӛте қабілетті болып 
келеді[6]. 
Нағыз және аралық иедегі басқа құрттармен дикроцелияның қарым қатынасы.  
Дикроцелия  жануарлар  организмінде  тікелей  және  жанама  тҥрде  басқа  гельминттер  мен 
микроорганизмдердің тҥрлерімен байланысқа тҥседі. Негізгі иенің организмінде дикроцелия фасциоламен 
және  бауырдағы  және  ӛт  жолында  паразит  тіршілік  етіп  жатқан  паразиттермен  байланыста  болады.  
Дикроцелия  бауырда  тіршілік  етуіне  байланысты  ішектің  микрофлорасының  қҧрамын  ӛзгертуге  әсер 
етеді. Иеде болатын тҥрлі паразиттерге әсер етеді[7].  
Дикроцелия  жұмыртқалары  мен  дернәсілдерінің  сыртқы  орта  жағдайларына  төзімділігі. 
Жҧмыртқаларының  тӛзімділігі.  Дикроцелияның  жҧмыртқаларының  ӛзіндік  ерекше  қҧрылысы  бар.  Ол 
топырақтың  жағдайларына  бейімделуі  ҧзақ  уақытты  қажет етеді.  Карбол  қышқылы,  концентрациясы  5% 
формалин  ерітіндісі,  тіпті  96%  этил  спирті  де  дикроцелия  жҧмыртқаларының  тіршілігін  жояды. 
Дикроцелияның  жҧмыртқалары  қҧрғақшылыққа  тӛзімді  18-20°  бір  апта  бойы  қҧрғатса  да  тіршілігін 
жоймайды.  Тоңазытқышта  сақталған  бауырда  дикроцелиоз  -  235  кҥн,  ал  мҧздатқышта  -  40  кҥн,  тҧзды 
ерітіндіде  -  3  кҥнге  дейін  тіршілігін  жоймайды.  Дикроцелияның  жҧмыртқалары  тӛменгі 
температуралардың  ауытқуларына  тӛзімді.  Қҧрғақшылыққа  да,  ыстық  климатқа  да  дикроцелияның 
жҧмыртқалары  кемі 3,5-12 айға дейін тіршілігін жоймайды[8]. 
Эпизоотологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері 
Эпизоотологиясы: дикроцелия ланцет тәрізді қос сорғышы бар кең таралған гельминт. Дикроцелиоз 
ауруы  барлық  еуропа  елдерінде  Азия  елдерінде,  Солтҥстік,  Орталық  және  Оңтҥстік  Америкада,  Африка 
мен  Австралияда  және  Қазақстанда  да  кең  таралған.Қазақстанның  оңтҥстік  ӛңірінде  кең  тараған 
гельминтоз. Дикроцелиоз малға тек қана ӛрісте жҧғады. Тау бӛктерінде дикроцелидің аралық иесі ҧлулар, 
сондай  –  ақ  трематодалардың  қосымша  иелері  –  қҧмырсқалар  жиі  кездеседі.  Дикроцели  жҧмыртқалары 
ыстық,  суыққа  ӛте  тӛзімді  келеді.  Ҧлулар  мен  қҧмырсқада  қҧрт  ҧрпақтары  3  жылдай  сақталады. 
Дикроцелиозбен тӛрт тҥлікпен қатар шошқа, және кеміргіштер ауырады[1]. 
Патогенезі:  Бауырды  жайлаған  сорғыштар  жалжып  орындарын  ауыстырып  отырады,  сӛйтіп  ӛт 
арнасын  бітеп тастайды.  Соның нәтижесінде сҧйықтықтың  кҥшеюі  бӛлініп ӛт  жолы  зақымдалады.  Бауыр 
мҥшесінде сонымен қатар бҥкіл ағзада қан айналу жҥйесі бҧзылады. Ӛт жолының зақымдалуы, ас қорыту 
жҥйесі  мен  ішкі  органдарымен    ҧлпалардың    қызметінің  бҧзылуына  әкеледі.  Дикроцелиозбен  ауырған 
жануар  организміне  гельминттер  ӛзінің  тіршілік  әрекетінде  қоректік  заттармен,  экскреттер  мен  секретте 
бӛлу  арқылы  әсер  етеді.  Дикроцелия  және  олардың тіршілігіне  қажетті  ӛнімдер  зат  алмасу  процесіне  ӛте 
қатты  әсерін  тигізеді.  Қоректік  заттар  қарын-ішек  жолдарында  физико-химиялық  және  биологиялық 
заттарды  ӛңдеуінің  тӛмендеуі  нәтижесінде  зат алмасу  бҧзылады.  Дикроцелиоздың патологиялық процесс 
зәр шығару жҥйесіне де әсерін тигізеді. Зәрдің физико-химиялық әсері ӛзгереді, нефрит, нефрос ауруының 
дамуына  әкеліп  соқтырады.  Бауырдың  ҧлпалары  мен  оның    қызметтерінің  бҧзылуы    патологиялық 
кезеңдерінің  ӛзгерістері,  ауруларының  белгілерінің  пайда  болуы  кӛптеген  факторларға  байланысты:  яғни  
дамудың стадияларына инвазияларының интинсивтілігіне, нағыз иенің, тҥрдің ерекшелігіне және олардың  
иммунитетіне, жануарлардың қорегі мен оларды кҥтіп баптау деңгейіне байланысты [1].  

Клиникалық  белгілері:Мал  бауырындағы  гельминт  саны  аз  болса  ауру  белгілері  білінбейді.  Егер 
бауырда  жҥздеген,  мыңдаған  қҧрт  болса,  мал  қатты  ауырады  және  дерт  белгілері  айқындала  тҥседі. 
Жануардың  жем  –  шӛпке  зауқы  нашарлайды,  тамағында,  кеудесінде  жалқаяқ  ісік  пайда  болады,  бауыр 
кӛлемі  ҧлғаяды,  іші ӛтеді,  кӛзге  ілінетін  мҥшелердің  кілегей қабаттары  ақсарғыш тартады.  Дикроцелиоз 
ауруымен ауырған жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, ӛт жолының бҧзылуы, ӛсу мен дамудың 
тежелуі[1]. 
Дикроцелиоз ауруын емдеу жолдары, профилактикасы 
Емдеу  жолдары:  Кҥйіс  малының   дикроцелиозына  қарсы  белгіленген  ҧсыныстар  бойынша  бірнеше  
антгельминттиктер қолданылады.Ірі қара малға дене салмағының массасына жарты литрге 0,3 г политрем 
беріледі.  Фенбендазолды  мал  ҥйірінің  қоректеріне  кг  -  массасына 22,2  мг қосып  беріледі. Тиабендазолды 
малдың  кг  –  массасына  200-300  мг  дозада  суспензия тҥрінде  дикроцелиозға қарсы  беріледі.  Фасковерм  – 
дене салмағының 10 кг-на 1 мл дозада бҧлшықетке салынады.  
Роленол (қҧрамы 5%-ды клозантел) 1 мл 10кг тірі салмаққа есебінен бҧлшық етке бір рет егіледі[2]. 
Клозантекс1 мл 10 кг тірі салмаққа есебінен бҧлшық етке бір рет егіледі[3].  
Рамектин  (қҧрамы  12,5%  рафоксанид  және  1%  ивермектин)  1мл  50кг  тірі  салмаққа  есебінен  тері 
астына бір рет егіледі[3].  
Фазинекс-триклабендазол. Қолданылатын тҥрлері  2,5-5%-дық  немесе  10%-дық  суспензия,  таблетка 
немесе  ҧсақ  тҥйіршіктер.  Қойдың  жынысы  жетілген  сорғыштарына  қарсы  1,5-2,5  г/кг  мӛлшерінде, 
қҧрттың  басқа  сатысына  5-10-12,5  мг/кг;  ірі  қараға  6-12  мг/кг  есебінде  қолданылады.  Қойға  5%-дық,  ірі 
қараға 10%-дық фазинекстің шыламасын жҧтқыздырады[2].  
Клозатерм-ірі  қара малдарға қолданылады.  Препаратты  қолданғанда  малдың  сҥтін  14 кҥннен  кейін 
ғана  пайдалануға  болады.  Бҧл  препаратты  жемге  араластырып  беруге  де  болады.  Жылға  дейін  жарайды. 
Ашылған кҥннен бастап – 28 кҥнге жарайды, температурасы – 5-25°С сақталады[3].   
Панакур  22,2%  тҥйіршікті  дәрісін  0,15г/кг  тәулігіне 1  рет,  қойлар мен  ешкілерге  0,1г/кг тәулігіне  2 
рет беру керек. Фармакологиялық құрамы: Паразит қҧрттарға және олардың дернәсілдерін жоюға панакур 
әсерін  тигізеді.  Қолданылуы  мен  дозасы.  Панакурды  қорегімен  бірге  әртҥрлі  дозаларда 
қолданылады.Құрамы  және  шығарылу  формасы:  Панакур  тҥйіршікті  ҧнтақ,  ақ  тҥсті,  иіссіз  тҥрінде 
шығарылады.  Препарттаны  222  мл  фенбендазол  заты  болады.  1000г-нан  банкілерде  шығарылады. 
Жылқыларға 1 кг 34мг, қойлар мен шошқаларға 1 кг 22 мг панакур беру керек[3]. 
Альбеннің қҧрамыныда 20% альбендозол және қосымша компоненттерден тҧрады. Препарат массасы 
1,8г  таблетка  тҥрінде  шығарылады.  Фармакологиялық  құрамы:  Альбен  жыныс  жҥйесі  толық  жетілген 
антигельмент тҥрінде қолданылады. Препараттың механизмдік  әсері қҧрттардың кӛмірсуларының  алмасу 
қызметін бҧзып, қҧрттардың ӛлуіне әсер етіп,  жануарлардың ағзасынан сыртқа шығуына кӛмектеседі[5]. 
Бендаз  плюс  535  антигельминтті  препарат.  Әрбір  таблеткада  360  мл  альбендазол  және  175  мл 
оксихлозанид  және  қосымша  компоненттерден  тҧрады.  Фармакалогиялық  қҧрамы:  Альбендазол 
трематодтарға  және  жҧмыртқаларына  осы  антигельминтті  қолданады.  Осы  препаратты  қолдану  арқылы 
зәр және қалдық заттар арқылы шығарылады. Қолданылуы: бендаз плюс 535 аш қарынға қолданылады. Ірі 
қара  малдарда  дикроцелозға  бендаз  плюс  535  жануарлардың  35  кг  салмағына  1 таблеткадан  беріледі.  Ал 
қойлар мен ешкілерге жануарлардың 45 кг салмағына 1 таблетка беріледі. 
Альбендазол.  Қҧрамы:  Альбендазол  1  мл  (10%)  100мг  және  қосымша  компоненттер 
(қоюландырғыш,  консервант,  дистельденген  су).  Әсері:  Альвет  –  суспензия  –  трематодтардың 
антигельминт  препараттары  ретінде  кӛптеп  қолданылады.  Қҧрттардың  олардың  жҧмыртқаларының 
кӛбейіп  кетпеуіне  альвет-суспензия  кӛмегін  тигізеді.  Альвет  –  суспензия  гельминттердің  фумарат 
қызметтерінің редуктаза белсенділігін тӛмендеуіне, глюкозаның тасымалдау процесінің бҧзылуына әсерін 
тигізіп,  қҧрттардың  ӛлуіне  әкеп  соғады.  Препаратты  қолданылуы:  жануарларға  қорек  берер  алдында  аш 
қарынға  трематодтарға  қарсы  альвет-суспензияны  береді.  Препаратты  қолдану  реті:  ҧсақ  ірі  қара  малға 
10% суспензия тҥрінде келесі дозада беріледі. 
Трематозол.Құрамы:  Препараттың  1  мл-де  95  мг-  оксиклозанид,  200  мг  –  пирантел  помоат 
бар.Фармакологиялық  құрамы:  оксиклозанид  және  пирател  помоат  деген  екі  белсенді  заттардың 
комбинкациялануы,  иеден  трематодтар  мен  нематодтар  қоздырғыштарына  антигельмент  ретінде  ҥлкен 
әсерін  тигізеді.  Трематодтар  ірі  қара  малдарда,  қойлар  мен  ешкілерде  паразит  қҧрттар  трематодтар 
кездеседі, соларға антигельмент ретінде беріледі. 
Оксиклазанид  –  трематодтардың  дернәсіліне,  жыныс  жҥйесі  толық  дамыған  трематодтарға  әсері 
жоғары антигельмент болып табылады (Dicrococotlium lаnceatum).  
Қолданылуы:   «Трематозол»  ірі  қара  малдарға, қойларға,  ешкілерге паразит  қҧрттары  пайда  болған 
кезде  қолданылады.  Препаратты  таңертеңгі  сауыннан  кейін  ғана  ірі  қара  малдарға  беріледі.Дозасы:  Ірі 
қара малға – дене салмағының 10 кг массасына 1 мл-ді суға араластырып береді. Егер де организм паразит 
қҧрттар  мен зақымдануы  жоғары  болған кезде,  дәрінің  мӛлшерін  25%-ға  дейін  дозаны  кӛбейтеді.  Қойлар 
мен  ешкілерге  дене  салмағының  10  кг  массасына  1,5  мл-ден  беріледі.  Алдын  –  алуы:  Ірі  қара  малдарға 
«Трематозол»  препаратты  дегельминтизациялау нәтижесінде  14  кҥнге  дейін қорек  ретінде, ал  сҥтін  – екі 

сауынға  дейін  пайдалануға  болмайды.  Егер  де  ертерек  малды  соятын  болса,  онда  етін  тамаққа 
пайдаланбай, ет қоректі жануарларға немесе ӛндіріс орындарына жіберіледі[3]. 
                              Дәрілік ӛсімдіктермен емдеу жолдары. 
Дәрілік  зоря–  биіктігі  2  метрге  дейін  жететін,  кӛп  жылдық,  шӛп  тектес  ӛсімдік.  Тамыры  ірі,  жуан, 
сырт жағынан қарағанда сары, іш жағынан қарағанда ақ тҥсті. Тамырын жылдам кесіп қараса, сары тҥсті 
сӛлдің  бӛлінетіндігін  байқауға  болады.  Сабағы  жҧмыр,  іші  қуыс,  жоғарғы  жағында  жайыла  ӛседі. 
Жапырақтары  теріс  қаратып  қойған  жҧмыртқа  тәрізді,  қалың  жасыл  тҥсті.  Қауырсын  тәрізденіп  екі 
жерінен  тілімделген,  жоғарғылары  да  қауырсынтәрізді,  шеттері  ірі.  Ҧстап  қарағанда  жапырақтары  қолға 
салқындау  болып  сезіледі.  Ол  жапырақтары  қҧрамындағы  эфир  майларына  байланысты.  Гҥлдері  ашық 
сары тҥсті, кҥрделі, шатыр тәрізденіп тҧрады. Маусым-шілде  айларында гҥлдейді.  
Дәрі  ҥшін  оның тамырын  жинайды.  Қҧрамында  эфир  майлары,  смолалы заттар,  қант,  крахмал, илік 
заттар  бар.  Зоря  ішек  қҧрттарын,  сорғыш  қҧрттарды  тҥсіру  ҥшін  қолданылады.  Ӛсімдіктің    грамм 
тамырын  стакан қайнап тҧрған суға салып 20 минут тҧндырады, 1 ас қасықтан 3 рет беру керек[2].  
Түймешетен (Tanacetum) –кҥрделі гҥлділер тҧқымдасына жататын кӛп жылдық шӛптесін ӛсімдіктер. 
Қазақстанның барлық ӛңірінде тараған 15 тҥрі бар. Орманды, далалы, кейде сортаң топырақты жерлерде, 
тастақты тӛбешік баурайларында ӛседі. Оның биіктігі 30  – 150 см. Сабағы тік, кӛп болады. Жапырақтары 
қауырсын тәрізді тілімделген, кезектесіп орналасады. Сары тҥсті ҧсақ гҥлдері бір-бірден орналасып, себет 
гҥлшоғырын  қҧрайды,  олар  сабақтың  ҧшында  жетіледі.  Шілде  –  қыркҥйек  айларында  гҥлдеп,  жеміс 
салады. Жемісі – дәнек.Тҥймешетен гҥлінің қҧрамында танацет, галлус, т.б. органикалық 
қышқылдар,илік жәнебояғышзаттар, шайыр, эфир майы 
мен 
май 
болады. Улы ӛсімдік.Медицинадаішекқҧртынтҥсіретін,бауыр және ӛт жолдарынемдейтіндәріретіндеқолда
нылады.  1 сағат  бҧрын  1 л  суға  5гр салып  15-20  мин қайнатып,  оның  марля  арқылы  сҥзіп  алып,  5-6  кҥн  
тҧнбасын кҥніне 3 рет қорек алдында 200мл-нан береміз[2]. 
Кермек Жусан  –кҥрделігҥлділер тҧқымдасына жататын кӛп жылдық. Қазақстанның барлық жерінде 
– шӛл-шӛлейтті далада, таулы жерлерде ӛсетін 81 тҥрі бар.  
Қазақстанда ғана ӛсетін бір тҥрі – дәрмененің дәрілік шӛп ретінде ерекше мәні бар.  Дәрілік мақсат 
ҥшін оның жер ҥстіндегі бӛлігінің жоғарғы жағын гҥлденген кезінде орып жинап алады, дәмі ащы болып 
келеді. Қҧрамында эфир майлары, гликозидтер, абсинтин, анабсинтин, С витамині, смолалар, крахмал бар. 
Халық  медицинасында  жусан  мҧнымен  қатар  микробтарды  жоятын,  қабынуға  қарсы  әсер  ететін,  ішек 
қҧрттары мен сорғыштарды тҥсіретін дәрі ретінде қолданылады. Тҧнба 10 грамм ӛсімдікті 1 стакан қайнап 
тҧрған суға салып 20 минут тҧндырады да, 2 шай қасықтан кҥніне 3 рет қорегін беру алдында жарты сағат 
бҧрын  ішеді.  Кермек  жусаннан  жасалған  дәрілерді  ҥздіксіз  ҧзық  уақыт  қабылдау  уландыруға  әкеліп 
соғатындықтан, емдеу аралықтарында 1 айдан ҥзіліс жасап отырған жӛн[2]. 
Құлмақ  –  қос  ҥйлі,  кӛп  жылдық,  шӛп  тектес  ӛсімдік.  Халық  медицинасында  қҧлмақты  паразит 
қҧрттарды  тҥсіру  ҥшін  осы  ӛсімдіктердің  тҧнбасын  дәрі  ретінде  пайдаланылады.Ӛсімдіктің  аналық  гҥл 
шоғырының  10  грамын  қайнап тҧрған  1 стакан  суға  салып  30  минут  тҧндырады  да,  кҥніне  1  ас қасықтан 
жануарлардың қорегіне салып 3 рет беріледі[2]. 
Дермене– биіктігі жарты метрге жететін, кӛп жылдық, жартылай бҧталы ӛсімдік. 
Ӛсімдік  улы  деп  есептеледі.  Дәрі  ҥшін  ӛсімдіктің  жерге  тҥскен  бӛлігінің  жоғарғы  жағын  және  гҥл 
корзинкаларын  толық  ашылып  кетпей  тҧрған    кезінде  жинап  алады.  Қҧрамында  сантонин,  майлар,  ащы 
заттар,  эфир  майлары  бар.  Дермене  қҧрамындағы  сантонин  организмдегі  жҧмыр  қҧрттар,  сорғыш 
қҧрттарды тҥсіреді. Дермене шӛбін 1 л суға 100гр салып 15 мин қайнатып, оның марля арқылы сҥзіп алып, 
жануарға 7-10 кҥн  тҧнбасын кҥніне 3 рет 200мл-нан қорегіне салып береміз[2].  
 
Дикроцелиоз ауруын емдеу жолдарын анықтау 
№ 
Дәрі  -  дәрмек  препараттары  (химиялық 
жолмен) 
Дәрілік 
ӛсімдіктермен 
емдеу 
(биологиялық жолмен) 
 
Дәрі – дәрмек атауы 
Бағасы 
Дәрілік ӛсімдік атауы  Бағасы 

Панакур 
2210 
Дәрілік зоря 
200 

Альбен таб 
1500 
Тҥймешетен 
150 

Тҥйіршікті Альбен 
1500 
Кермек Жусан  
300 

Бендаз плюс 535 
1500 
Қҧлмақ 
200 

Альбендазол 
1700 
Дермене 
350 

Роленол 
1100 
 
 

Клозантекс 
1000 
 
 

Рамектин 
1750 
 
 

Клозатерм 
1100 
 
 
10 
Фазинекс-
триклабендазол 
1000 
 
 

 
Дәрілік  ӛсімдіктерді  әсер  ететін  химиялық  заттары  толысып,  әбден  піскен  кезінде  жинайды.  Жер 
бетінен  жиналатын  ӛсімдіктерді  жауын-шашынсыз,  ашық  кҥні,  жауын,  шық  ылғалы  әбден  кепкеннен 
кейін  ғана  жинау  керек.  жауын-шашынды,  тҧманды  кҥндері  жиналған  ӛсімдіктер  тезе  кебе  қоймайды, 
кӛбінесе олар қарайып, бҥрісіп, немесе кӛгеріп кетеді. Ал ӛсімдіктің тамыры жиналатын болса, онда оны 
жауын жауып тҧрған кезде де қазып ала беруге болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет