Аннотация. В статье рассматриваются проблемы и преспективы практической психологии в
условиях рыночной экономики.
Annotation. The article deals with the problems and perspectives of practical psychology in a market
economy.
_____________________
1.Выготский Л.С. Собр.соч.: В 6 т. Т.5. Общие врпросы дефектологии. М.-Педагогика,1982. 1983.
2.Асмолов А.Г. Над пропостью, без интеллекта: Рубенс против Дюррера \\ Асмолов А.Г. Культурно-
историческая психология и конструирование миров.М.: МОДЭК, 1996
3.Зинченко В.П., Моргунов Е.Б. Человек развивающийся. Очерки российской психологии.- М., 1994
4.Ярошевский М.Г. Психология в ХХ столетии: Теоретические проблемы развития психологической науки.-
Изд.2-е.доп.-М.: Политиздат, 1974
5.Франкл В. Человек в поисках смысла.-М., 1994.
К.Ж. Бҧзаубақова
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ
«МЕН» ТҦЖЫРЫМДАМАСЫ
ӘОЖ 37.01
«Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық ҿрлеу – Қазақстанның жаңа мүміндіктері» атты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Адам -
елдің басты байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстығы ең алдымен
қазақстандықтардың біліміне, ҽлеуметтік жҽне дене болмысы, кҿңіл-күйіне байланысты» деп атап
кҿрсеткендей, тез ҿзгермелі бүгінгі ҽлемде ой-ҿрісі биік, интеллектуалды тұлғаны тҽрбелеу, бүгінгі
күннің ҿзекі мҽселесі [1].
20
Үшінші мыңжылдықта, бізге халықаралық денгейде ҽлемдік бҽсекеге тҿтеп бере алатындай
білімді де білікті мамандар керек.
2008 жылдың 30 қаңтарында Елбасының қатысуымен ҿткен «Болашақ» бағдарламасы
стипедианттарының Форумында ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың шетелде білім алған жастар
елдің экономикасын ҿркендетумен қатар ҽлемдегі алдыңғы қатарлы елге жету мақсатында
жұмыс істеу қажеттілігіне тоқтала отырып, ҿзінің «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы
туралы идеяны ұсынды.
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының басты масаты
– ұлттық
құндылықтарымызды жоғары қойып, оны қастерлейтін ұрпақ тҽрбиелеу, жас ұрпақтың бойында
рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру [2].
Қазақстанның ҽлемдік білім кеңістігіне жол ашуына 2010 жылдан бастап еліміздің
Еуропадағы қауіпсіздік жҽне ынтымақтастық ұйымына жетекшілік етуі де зор мүмкіндік туғызып
отырған басты фактор.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына сҽйкес, еліміз 2009 жылы адам даму
индексі бойынша 182 елдің арасында 82 орынға тұрақтап, адами дамуы жҿніндегі жоғары
деңгейлі елдер қатарынан кҿріне алды. Аталған ұйымның дерегі бойынша, Қазақстандағы
сауаттылық халықтың 99,6 пайызын құрайды. Бұл ҿте жоғары кҿрсеткіш [3 ].
Соңғы үш жылда білім беру жүйесіндегі талдау барысы кҿрсетіп отырғандай отандық білім
беру жүйесінің қызметі, оны ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім беру үдерісін ұйымдастыру
жҽне іске асыру бағытында ҽлеуметтік-экономикалық жағдай туғызу деңгейі бойынша бірқатар
нҽтежелерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нҽтежесінде барлық денгейлі білім
беру ұйымдарының материалдық базалары нығайтылды [4].
Білім беру жүйесін ҽлемдік білім беру жүйесімен кіріктіру үшін Қазақстан Республикасының
2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы
ҽзірленіп, кҿпшілік талқысына ұсынылды [5].
Балаларды мектепке дейінгі тҽрбие жҽне оқытумен қамтамасыз ету жҿніндегі 2010-2014
жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл жоба бойынша
балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 5 кезең арқылы сатылай жүргізіліп, 2014
жылға қарай бүлдіршіндердің 70 пайызын қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні елімізде 4972
мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оның 2003-і балабақша. Мектеп жанынан ашылған шағын
орталықтар мен балабақшалар 373160 тҽрбиеленуші қамтылған, олар мектепке дейінгі балалар
санының 38,7 пайызын құрайды [6].
Мектепке дейінгі тҽрбие мен білім беруді жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылы
тҿмендегідей баламалық оқу бағдарламалары бекітілді:
1-3 жастағы балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам»;
3-5 жастағы балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға арнаған «Зерек бала»;
5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды
тҽрбиелеумен оқытуға арнаған « Біз мектепке барамыз» [7,8,9 ].
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы мектепке дейінгі тҽрбие мен
оқытудың баламалық оқу бағдарламалары баланың тұлғалық дамуын жҽне оның мектепте оқуға
дайындығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру ҚР МЖМБС 1.001-2009 Мектепке дейінгі тҽрбие мен оқыту стандарттын мектепке дейінгі
білім берудің базистік мазмұнын анықтайды[10 ].
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігі ҽлеуетін ашу үшін жағдайлар
жасауды, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім жүйесін қалыптастыруды, ҽлеуметтік
ортада дұрыс қарым- қатынасқа қабілетті шығармашылық тұлғаны қабілетті шығармашылық
тұлғаны тҽрбиелеуді қарастырады.
Мҽселен, мектепке дейінгі ересек жағдайы балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға арналған
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасының басым бағыттары:
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында маңызды шешуші құзіретіліктерді
қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пҽндік дамытушы орта құру;
-Қазақстанның патриоттық жҽне мҽдени-тарихи дҽстүрлері негізінде жалпы адамзаттық,
мҽдени жҽне адамгершілік құндылықтарды дарыту;
21
- Салауатты ҿмір салтын қалыптастыру мақсатында баланың толыққанды дамуы үшін
қолайлы тҽрбие кеңестік құру;
- Ҽр баланың тұлғалық қасиеті жҽне оны тез ҿзгермелі ҿмір жағдайына ҽрі қарай сҽтті
дамыту мақсатында ҿзін-ҿзі тану, ҿз ойын еркін білдіру жҽне оны іске асыру дағдыларын
жетілдіру;
- Ҽр баланың интеллектуалды қабілеттері мен шығармашылық ҽлеуетін дамыту.
Ҿткен ғасырдағы педагогика тарихына кҿз жіберсек, ҽл-Фараби, Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцций, К.Д.Ушинский,
В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев жҽне т.б. ғалым-ағартушылардың бірде-бірі
рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мҽніне кҿңіл бҿлмей ҿткен
емес.
Мҽселен, М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде «Тҽрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда
болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс ҿсуіне кҿмек кҿрсету деген сҿз. Ал
енді, адамзат туралы айтқанда, азамат баласын, кәмел жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша,
тиісті азық беріп, ҿсіру деген мағынада жүргізілді», -деп жасҿспірімдердің тҽрбиелеуде аға
буынның рҿлін баса айтады [11].
Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Мен» тұжырымдауының маңызы зор.
Психология жҽне педагогика ғылымдарында «Мен»тұжырымдамасының ҽртүрлі тұрғылары
бар. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.И.Божовичтің зерттеуінде баланың тұлға
ретінде дамуы тұлғаның сапалық жаңа қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.
«Мен» тұжырымдамасы дегеніміз – адамның ҿзі туралы түсініктерінің жүйесі, ҿзіне-ҿзінің
беретін бағасы, адамның ҿзін-ҿзі бағалауы, адамның ҿзге адамдармен салыстырғанда ҿз қасиетін,
мүмкіншілігін бағалайды, ҿзге адамдар арасында ҿз орнын таба алуы, адамның ҿзіндік санасының
қалыптасуы.
«Мен» теориясын бір жүйеге келтіріп, одан ҽрі дамытатын АҚШ психологы Мид Джордон
Гербарт болды. Мид бойынша,адамның жеке тұлға болып қалыптасуына оның ҿз қабілеті мен
мүмкіндігін айқындайтын ҿзіндік сапасы үлен рҿл атқарады.
«Мен» тұжырымдамасы – бұл ҽркімнің ҿзін басқалардан ажырата алуынан кҿрінетін, ҿзінің
жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.
«Мен» тұжырымдамасы – адамның ҿзі туралы түсініктерінің жүйесі, ол басқа адамдармен
ҿзара ҽрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады жҽне ҿзіне-ҿзі сол тұрғыдан қарайды.
Ғалым З.Успанованың пікірінше, «Мен» - тұжырымдамасы ҿзідік сана-сезімнің негізін
қалайды жҽне құрамдас бҿлігі болып табылады. Ҿзін-ҿзі бағалау тұлғаның ҿзін, ҿзінің сыртқы
бейнесін, ҿзге адамдар арасындағы орны, ҿз қасиеті, мүмкіншілігін бағалау болып табылады [12].
«Мен» тұжырымдамасының құрамды бҿліктері:
Ҿзін-ҿзі тану;
Ҿзін-ҿзі бағалау;
Ҿзін-ҿзі басқару;
Ҿзін -ҿзі реттеу (1-сурет ).
Ҿзін-ҿзі тану жеке тұлғаның ҿзіндік санасының қалыптасуымен ерекшеленеді:
-тұлғаның ҿз дене бітімі туралы түсінігі;
-ҿзгелер мен ҿзі туралы түсінігінің қалыптасуы.
Ҿзін-ҿзі бағалау тұлғаның ҿзіне сын кҿзбен қарауы, ҿзінің жетістіктері мен сҽтсіздіктерін
айқындай алумен анықталады
22
1-сурет. Мектепке дейінгі балаларды тҽрбиелеу мен оқытудағы «Мен» тұжырымдамасы
Ӛзін-ӛзі тану
Ӛзін-ӛзі
бағалау
Ӛзін -ӛзі басқару
Ӛзін-ӛзі реттеу
Өзіндік сананың
қалыптасуы:
Мен кіммін ?
Мен қандаймын?
Менің неге қабілетім
бар?
Менің қандай жақсы
қасиеттерім бар?
Тұлғаның өзіне
сын көзбен
қарауы:
Менің
қолымнан не
келеді?
Мені басқа
адамдар қалай
бағалайды?
Ҿзіндік
қарым-қатынас
Тұлғаның бойында
жоғары адамгершілік
сананың қалыптасуы:
Жақсы қасиеттерді
игеру
Жаман қасиеттерден
арылу
Тұлғаның өзінің
психологиялық
және
физиологиялық
күйін реттеу және
бағалау:
Ҿзіне-ҿзінің есеп
беруі
Ҿзін-ҿзі ұстай
білуі
Ӛзін-ӛзі дамыту
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу
Ӛз бетінше жҧмыс жасау (ізденіс)
Ҽрбір адам ҿзін-ҿзі бағалап қана қоймай ҿзін-ҿзі басқаруы да керек, яғни ҿзінің кҿңіл-күйі,
сана-сезімі, дара қасиеттерін реттеп, дамытып отыруы қажет.
Ҿмірде ҿз орнын табуда ҿзін-ҿзі тҽрбиелеп, ҿз бетінше оқып, біліп алу, ҿз білімін жетілдіру,
ҿзін-ҿзі шектеу, ҿзіндік бақылау, ҿзін-ҿзі ынталандыру ҽдістерін тұлға уақыттылы пайдалана алғанда
зор нҽтижеге жеткізіп ҿзін-ҿзі бағалай алудың аясы кеңейеді.
Ҿзін-ҿзі бағалау - адамның ҿзіне сын кҿзбен қарап, ҿз мүмкіндігі, ҿз қабілетін бағдарлай
алып, ҿз мақсатын нақтылау, ҿз ойын түйіндей алу қабілеттілігі.
Білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беруде күтілетін нҽтиже балалар бойында
қалыптасатын ҿмірлік дағдылар болуы кҿзделеуде.
Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру негізгі мақсат - баланың мектепке оқу ҽрекеті
табысты игерудің алғы шартын жасау. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, ҿзіндік «Мен»-ұғымын
қалыптастыру.
Мҽселен, 2-3 жастағы баланың (балабақшадағы сҽбилер тобы), ҿзіндік «Мені» кҿрініс береді:
бала кҿргендерін жекелей еске түсіре алады, ол «неге?», «қалай?» «неліктен?» с.с сұрақтар қояды;
таныс жҽне ҿзіне таныс емес заттарды бақылайды, қабылдайды; ҿздік қоры молаяды оқиғаны
қосымша сұрақтар қою арқылы баяндап бере алады.
Ал, 4-5 жастағы бала (естиярлар тобы) қоршаған заттармен құбылыстардың қарапайым
ҿзгерістерін таниды жҽне белгілейді. Айналасындағы жҽне кҿрген заттарын сыртқы ұқсастығына
ғана емес, нақты белгілеріне қарай жинақтап топтастыра алады салыстырады, ажыратады, ҿз
ҽрекетін жоспарлай алады, үлкендермен танымдық, интеллектуалдық қарым-қатынас жасауға
талпынады.
Ересек тобындағы 5-6 жастағы бала айналасындағы қоршаған заттар мен құбылыстар зейінін
саналы, ерікті түрде шоғырландыра алады.Оларды сыртқы белгілеріне қарай ажырата алады,
салыстырады: кеңістікті бағдарлай біледі, ҽртүрлі заттарды қасиетіне қарай топтастырады,
заттарды бҿліктерге бҿле алады, ҿз атын жүйелі түрде баяндап береді, ҽртүрлі жағдайларда ҿз
ұсынысын айтады, қарапайым логикалық қортынды жасай алады.Ҿздеріне таныс заттарды сипатта
айтып бере алады, оқиғаны жүйе жҽне жоспарлы сипаттап айтады, ҿз бетінше шағын ҽңгімелер
құрай алады, ҿз бетінше мақсат қойып, соған жетуге талпына бастайды, басқа адамдар арасында
ҿзін қалыпты ұстай аалады, ҿз іс-ҽрекетіне баға бере алады, қарапайым шешімдер қабылдай алады,
қойылған шарттарға ҿз іс-ҽрекетін бағындыра алады.
«МЕН» тҧжырымдамасы
23
Қорыта келе айтарымыз, мектепке дейінгі тҽрбиеде балалардан күтілген нҽтижені ҿмірлік
дағдылар тұрғысынан қарастыру оқу-тҽрбие жұмысында білім беруді ұйымдастыруды жаңаша
сапада қарастыруды қажет етеді.
Аннотация. В статье рассматриваются основные направления дошкольного воспитания и обучения в
современных условиях, а также концепция - «Я», в которой определяются пути совершенствования
самопознания, самооценка, самоуправление, саморегулирование детей дошкольного возроста.
Annotation. This article investigates the basic directions of pre-school education and teaching in the modern
conditions, also the ―I am – conceptions‖ in which defines the ways of self-knowledge perfections, and self-
evaluation, self-management of pre-school aged children
_____________________
1.Назарбаев Н.Ҽ.Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық ҿрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер / Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы / Егемен Қазақстан, 30 қаңтар 2010
жыл.
2.Назарбаев.Н.Ҽ. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс / ҚР
Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың ҽл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессор мен оқытушылары
жҽне студенттеріне оқыған дҽрісі / Егемен Қазақстан, 14 қазан 2009 жыл.
3.Түймебаев Ж.Қ. Білім беру жүйесіндегі серпінді жобалар мен жаңа мүмкіндіктер / Егемен Қазақстан,1
қыркүйек 2010 жыл.
4. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуды 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. – Астана,2004.
5. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бадарламасы .Жоба.- Астана, 2010.
6. Балаларды мектепке дейінгі тҽрбие жҽне оқытумен қамтамасыз ету жҿніндегі 2010-2014 жылдарға
арналған ―Балапан ‖ бағдарламасы. –Астана, 2010.
7. Мектепке дейінгі ересек жастағы 5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі, балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға
арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. -Астана ,2010.-107 б.
8. Ерте жастағы (1жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам»
бағдарламасы.-Астана,2009.
9.3-5 жастағы балаларды тҽрбиелеу мен оқытуға арнаған «Зерек бала» бағдарламасы. –Астана, 2009.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беу стандарты: ҚР МЖМБС 1.001-2009
Мектепке дейінгі тҽрбие мен оқыту.Негізгі ережелер.-Астана, 2009
11. Жұмабаев М. Педагогика . -Алматы :Ана тілі, 1992.-160 бет.
12. Успанова З.У. Ҿзін-ҿзі бағалау жҽне «Мен» тұжырымдамасы .-Қызылорда: Тұмар, 2009.-88 бет.
М.Б. Джанаев
12 – ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ ПӘНІНЕН
ОҚУ ЖҦМЫСТАРЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ
ӘОЖ 373.67
Д 40
Жалпы 12-жылдық білімді енгізу мен оның жаңа бағыттарын түзудегі стратегиялық мақсаттар
мұғалімге аса жоғары талаптар жүктейді. 12-жылдық білім жүйесіне кҿшу мақсаттары оқушы білімін
ғана емес олардың рухани, мҽдени-кҿркемдік, дүниетанымын дамыту, тҽрбие мен ҽлеуметтендіру
мҽселелерінде оңтайлы шешім табуды кҿздейді.
Осы бағыттағы білім беру реформасы жаңа қоғамдық формациядағы мұғалім кҽсіби қызметінің
жаңа сапасына серпіліс тудырып отыр. Жоғарғы дҽрежедегі экономикалық жҽне мҽдени жаһандану,
халықаралық интеграциялар, азаматтық, мҽдени, демократиялық құндылықтар, жеке тұлғалық жҽне
ҽлеуметтік даму құндылықтары мен үрдістері қоғамның индустриалды-инновациялық дамуы
жағдайында жаңа білім жүйесін құру міндеттерін жүктейді.
Осы тұрғыда оқыту, тҽрбиелеу мен ҽлеуметтендіруді жаңаша дамыту үрдісі 12 жылдық білім
мақсаттарымен сҽйкес, қазіргі мҽдени-ҽлеуметтік, экономикалық ҿзгермелі жағдайларда ҿмір сүруге
бейім жҽне оны дамытуға игі ықпал ете алатын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды кҿздейді.
24
Ал бұл мҽселелер ҿз кезегінде мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, жаңа талаптарға
бейімділігін талап етеді. Педагогикалық кҽсіби шеберлік мҽселелері, білім-білік негіздері ғалымдар
В.А.Афанасев, Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, Н.В.Кузьмина, Ш.Т.Таубаева,
М.Ҽ.Құдайқұлов т.б. еңбектерінде түрлі бағыттарда кҿрсетілген. Ғылыми философиялық,
психологиялық, педагогикалық, зерттеу нҽтижелері жеке тұлғалық жҽне ҽлеуметтік дамыту
мақсаттары, мұғалімнің жеке дара жҽне кҽсіптік позициясымен шеберлігіне тҽуелді екендігін
кҿрсетеді. Қазіргі қоғамдық жаһандану, ірі серпілістер мен күрделі ҿзгерістер жҽне оның
модернизациялануы кезеңінде оқу-тҽрбие, білім мақсатының міндеті - білімді, ҽлеуеттікті,
мҽдениетті, мҽдени құндылықтарды жаңарту жҽне жаңғырта отырып білім процесінде қолдану.
Осылайша жаңа оқыту, білім жүйесіне кҿшу талаптары – оқытуда оқушының жас жҽне
психологиялық ерекшеліктеріне, жеке
қабілетіне, потенциялдық мүмкіндіктеріне, ішкі
қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, мҽдени-ҽлеуметтік талап тілектеріне қарай білім берудің
жеке дара бағыттарын жүйелі үйлесімде қолдануды қажет етеді.
Қазіргі уақыттағы оқу-тҽрбие процесінің негізгі функциясы мен мақсаты жеке дара тұлғаны
қалыптастыру мен дамыту. Абай ойымен ұштастыра айтқанда ұлттық қағида - «Талап, еңбек, терең
ой, қанағат, рахым ойлап қой – бес асыл іс кҿнсеңіз» - бойынша талапты, еңбекқор, сана-сезімі
жоғары, қанағатшыл, рахымды, салауатты, ҿмірлік позициясы берік қоғам адамын ҿсіру. Мұнда Абай
бұл ойды жеке бастың ҿзіне бағыштап ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу мҽселесін, ҽр адамның ҿзіне мҽн беруін,
ҿзінің дара тұлға болып қалыптасыуына, оны түсінуіне уағыздайды. Ал, бұл жеке тұлғалық
бағдарлы оқыту идеяларына сҽйкес осы тұжырымдарды жүзеге асыруда жаңа оқыту
технологияларын, инновацияларды қолдану қажеттігін нұсқайды.
Бала білім-білігін рухани, мҽдени құндылықтарға бағдарлау: рухани-адамгершілік, ізгілік,
имандылық; интеллектуалдық – білім танымдық, қабілеттілік; коммуникативтік жҽне мҽдени-
ҽлеуметтік, біліктілік бағыттарын кҿрсетеді. Білім беру жүйесін философиялық тұрғыда
ҽлеуметтендіру, қоғамдық ҿзгерістерге бағдарлау жеке тұлғаның адами, танымдық, жауапкершілік,
ұстамдылық, белсенділік, жанашырлық, талапкершіл қарым-қатынас тҽртібін, мінез-құлқын, мҽдени-
ҽлеуметтік іс-ҽрекетін қалыптастырып қоғамға, қоршаған орта ҽлеміне енуіне мүмкіндік туғызады.
Кҿрсетілген тұжырым оқушының жеке тұлғалық-бағдарлы жҽне ҽлеуметтік даму мақсатын
анықтайды.
Бұл мҽселелерді шешудегі басты талап - оқушының осы білім мазмұны мен талаптарын
қажетсінуі, талабы, құлшыныс-қызығушылықтары, осы білім-білікті игеруде жҽне мҽдени ҽлеуметтік,
жеке тұлғалық құндылықтарға қанағаттануы мен қанағаттанбауына қарай білім-білік, тҽрбие беру
арқылы қажеттілік туғызу.
12 жылдық білім беру жүйесіне кҿшу негізінен оқушылар жеке дара ерекшеліктеріне мейлінше
мҽн беріп, оқушылардың алған білімдерін ҿмірде қолдана алатындай ҿмірге бейімдеу жҽне
мамандыққа бағыттау негіздерін қарастырады.
Мұндағы мотивациялық компонент бұл, оқушылардың жеке бас ерекшелігі – баланың оқу
ҽрекетіне, сыныптастарына, мұғалімге, ҿзіне деген қарым-қатынасы, ойымен ҽрекеттестігі, ҽлеуметтік
кҿзқарасы. Оқушының ынта – жігері, қызығушылығы, қанағаттануы, ҽсерленуі, сүйсінуі, т.б. анықтап
осыған оңтайлы жағдайлар туғызу. Ол бейнелеу ҿнері сабақтарында оқушыларға түрлі мазмұндағы
шығармашылық сурет тапсырмаларын орындатып оларды талдау, арқылы анықталады. Кҿркем
образдық бейнелеуде бала ҿз мінез-құлқы мен танымдық іс-ҽрекетін, ҿз сезімі мен ойын бейнелейді.
Ал мазмұндық компонентте, оқушы интеллектуалдық деңгейін, мүмкіндіктерін еске алу –
баланың алдыңғы білім қорының, дүниетанымының негізінде - сана-сезімі, түсінігі, ой жүйесі
қамтылатын кҿркем бейнелік ҽдістемелер қолдану арқылы оқушының жеке дара ерекшеліктері
дамытылады. «Оқушыға не таныс, содан бастау керек, жҽне олардың алдында неғұрлым күрделі
құбылыстарды оқушының ҿзіндік белсенділігіне сүйене отырып біртіндеп ашу қажет» [1, 20 б.].
Бұл оқушылардың кҿркем туындыларды, бейне суреттерді қабылдауы процесінде оларды
композициялық, кҿркем образдық талдап түсінуі, ҿз мүмкіндіктерінше кҿркем образдық бейне
орындауы арқылы анықталады. Мұнда оқушы ҿзінің кҿркемдік талғамы мен мҽдениетін кҿрсетеді.
Келесі компонент оқушылардың мҽдени-ҽлеуметтік, психологиялық деңгейлері мен
мүмкіндіктерін еске алу – бұл баланың ҿзін қоршаған ортаға бейімделуіне, қарым-қатынасымен оған
жауабына, басқа дос-жарандарымен, сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата-анамен қарым-
қатынасының ерекшеліктері, тҽртібі мен мҽдени-салауаттылығы, ҽдептілігі, ҽсерленушілігі,
құмартушылығы, ҽуесқойлығы, қанағаттылығы, рахымдылығы, талап тілегі, кҿркемдік, сұлулық,
25
ҽсемдік талғамдары жеке дара тұлғаны қалыптастыру ҽдістерін айқындайтын негізгі компоненттер
болып табылады. Жаңа адамды, жеке дара тұлғаны қалыптастырып дамыту - ҽлемдік білім
кеңістігіндегі оқытумен тҽрбиенің озық жаңа технологияларын қамтып жаңа білім мазмұнын
анықтайды. Ақыл-ой ҽлеуетін барынша дамытуға жол ашады.
Қазіргі білім беру парадигмасы, қағидасы – жеке дара шығармашыл тұлғаны қалыптастыру,
дамыту, республикамыздың білім беру басымдығында кҿрсетілген «жалпыға білім беру» моделінен
«ҽр адамға білім беру» моделіне кҿшу талаптарын айқындайды. Жаңа мазмұндағы білім жүйесі білім
жҽне тҽрбие алудың, оқыту мен тҽрбиелеудің педагогикалық процестегі біртұтастығы мен бірізділігін
басшылыққа алуы тиіс.
Білім мазмұнының жаңа бағытта ҿзгеруі, оқытудың «ҽр адамға білім беру» моделі жеке дара
шығармашыл тұлға қалыптастыруды кҿздеп, интеграциялы, профильді мақсаттарды алға қойып,
инновациялық процестер мен жаңа технологияларды меңгеру мен қолдануды мектеп мұғалімдеріне
жауапкершілікпен жүктейді.
Бұл қағиданы терең философиялық антропософиялық жҽне экзистенциалдық тұрғыдан қарап
ҿнер циклы пҽндерін оқытуда білім - тҽрбие моделі ретінде пайымдауға, Абай тану ілімінің кҿркем
танымдық мазмұны зор мүмкіндік береді. Мұндағы терең логикалық-поэзиялық сарында сомдалған
ой-тұжырымдар қазіргі жаңа қоғам ҿзгерістеріне сай жаңа таным, жаңа ой, жаңа сезім туындатып
ҽрбір жеке тұлғаға арналып ұлттық тҽрбие тҽжірибесіне негізделіп ҽрқашан жаңа құнды мазмұнға ие
болып отырады. Ғылыми ой-таным мен ұлттық кҿркемдік сана-сезім тоғысында субъективті
қызығушылық, құлшыныс, серпінділік мҽні тиянақталып жаңа дҽуірге оңтайлы бағыт-бағдар
ұсынады, оның тҽлім-тҽрбиелік мҽні мен тҽсілдерін анықтайды.
Жоғары ойлы, кҿркем бейнелік тіл мен сезімдік пішін, қоғам тарихи тҽжірибесімен ҿрнектеліп
берілуі бұл қағиданы жаңа қоғамдық ҿзгерістерге оңтайлы қолдануға мүмкіндік беріп, ұлттық білім
мен тҽрбиенің бұлжымас моделіне айналдырады. Адамзат тарихында ҽлемдік таным мен қоғамдық
болмыстан туындаған бұл қағиданың, нақты объективті ғылыми ой -тұжырымдары мен оның тарихи
ҽлеуметтік жағдайларда ҽлемдік дүниені тану, кҿркем ой, сана-сезім тоғысында пайда болуы, оны
ҿнер циклы пҽндерінің білім моделі ретінде ұсынуға болатындығын дҽлелдейді.
Абай ұлттық педагогикалық кҿзқарастары, ой-танымы бұл тұжырымның, ғылым мен ҿнер
салаларындағы бірдей, ортақ жалпы мазмұндық жҽне диалектикалық ҿрбу жолы мен сабақтастығын
дҽлелдейді.
Бұл қағиданың туындау мақсаты, тҽлім-тҽрбиелік мазмұны, қоғамдық болмысы осы үш арнада
– жеке шығармашыл, интеллектуал тұлғаны дамыту категорияларын негіздейді. Қағиданы кҿркем
білімнің ұлттық моделі ретінде танып қарастыруға болатындығын оның қоғамдық болмыстан,
ҽлеуметтік жағдайдан туындауы жҽне ғылыми ой-тұжырымы мен кҿркемдік болмысының
философиялық құбылыс екендігі мойындатады.
Негізгі мҽселе – оқушының оқу қызметіне белсендіру, ҽрекетті тұлға ретіндегі оның
мұғаліммен қатынасын қызметтес серіктестік түрінде жандандыру, білім-тҽрбие процесінде оқушы
мен мұғалім қатынасын демократияландыру жҽне ізгілендіру.
Жаңа педагогикалық технологиялар тек білім, білік беру жолдарын кҿздеп қана қоймай,
оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып жеке дарыны мен білім-білігін ұштауы тиіс. Түп ҿзегі
шығармашылық қызметтен бастау алатын бейнелеу ҿнері пҽні оқушы дүниетанымын, рухани ҽлемін,
ынтасы мен қабілетін дамытып оның оқыту, білім-тҽрбие нҽтижелері қазіргі жаһандану үрдісінде
мемлекетіміздің білім саясатының бағыттарымен ұштасуын қамтамасыз етеді.
Ҿркениетті даму, жаһандану кезеңінде ҿзгермелі үрдістегі ҿмірге қажетті білім мазмұны
игерілуі тиіс. Сондықтан бейнелеу ҿнерін оқыту үрдісін белсендіру жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатындығын мектеп оқыту тҽжірибесі кҿрсетіп отыр.
Оқыту технологияларын пҽн мазмұнына, құрылымына жҽне сабақ тақырыбына сай таңдап қолдану
мұғалім педагогикалық шеберлігін талап етеді. Бейнелеу ҿнері пҽнінің ҿзіндік болмысына тҽн білім-
тҽрбие қызметі, іс-ҽрекеті мазмұны мен тапсырма мҽні де, танымдық жҽне шығармашылық сипатта
болуы оқыту технологияларын оқушылардың жас жҽне жеке дара танымдық ерекшеліктеріне сҽйкес
интеграциялы қолдану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай оқыту бағыты оқушыларды саналылыққа
тҽрбиелеп, сыртқы кҿркем мҽдениетінің жҽне ішкі рухани жан-дүниесінің үйлесімді жетілуіне ықпал
етеді. Оқушы оқу-білім процесінде белсенді іс-ҽрекет етіп ҿмірге қажетті білім мазмұнын
шығармашылық деңгейде игереді. Бейнелеу ҿнері пҽнінің мазмұны мен негізгі қасиеті
26
шығармашылық болғандықтан оқушының жеке тұлғалық қабілетін анықтап, оны ҿз білімін ҿмірде
саналы қолдануға бейімдеу шарт.
В.А.Сухомлинский «Балалар шығармашылығы – бұл олардың рухани ҿмірінің ҿзіндік ерекше
терең сферасы, ҽр баланың ҿзіндік жеке даралық қасиеттері айқын кҿрініс табатын, ҿзін кҿрсете білуі
мен ҿзін айғақтауы. Мұндай ҿзіндік ерешелікті қандай да бірыңғай жҽне бұқараға міндетті
ерекшеліктермен қамту мүмкін емес» [2, 51-52 б.].
Ол үшін оқушының жұмыс нҽтижелерін сабақ, оқыту процесінде (мадақтау, үлгі, кҿрнекілік,
сынып кҿрмесі, іші-ара конкурс т.б.), мектеп мҽдени-тҽрбие іс-шараларында (мектеп кҿрмесі, кҿркем
безендіру, кештерде қолдану, қабырға газеттері мен стендттерінде қолдану, олимпиада жарыстарда
ең қымбатты сый ретінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға, журнал-
газеттерде, басылымдарда жариялау т.б.), ҿмірде (түрлі мерекелік іс-шараларда, жиындарда қолдану,
аукциондарда, жҽрмеңкелерде, кҿрме, шеберханаларда, ҿнеркҽсіп қажетіне жарату, жариялау т.б.)
қолдануға қажетті жағдайлар туғызу қажет. Бұл оқушы белсенділігін, ынтасын арттырып
жігерлендіреді, ҿмірде пайдалы іс-ҽрекеттік мақсаттар қоюға, оны орындап іске асыруға итермелейді.
Бала іс-ҽрекеттік белсенділігі артады. Істеген шығармашылық еңбек нҽтижесінің қажеттілігіне, оның
рухани – заттық мҽдени мҽні бар екендігіне иландырып, баланы жаңа жетістіктерге ұмтылдырып оқу-
білім алудың ықтималдық жағдайын, серпілісін туғызады.
Мұғалімнің – оқушымен сыбайлас кҿркем шығармашылық қызметі, қызметтестік ізгілік ҽрекет
қалыптастырып баланы еңбекке, ҿмірге, айналасындағы адамдармен жарасымды қатынасқа
бейімдейді. Оқу-білім процесінде ҿмір шындығын танып, оны игеруде ҿнер туындысын сомдап, оны
қабылдауда оқушы мен мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту ҽдістемесінің негізгі
қағидасы. Мҽселен, табиғат құбылыстарын – мұғалім мен оқушы оны бірге тамашалап, оның ҽсерін,
мотивін ҽңгімелеп, талдап, сезіне отырып бейнелеу тҽсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ жҽне
кҿркем жұмыс мақсатына жетуге бірге тырысуы т.б.
Оқушылардың қоғамдық ой-пікірдің, жаңа сананың, халықтық рухтың негіздерін ҿз бейнелік
дүние танымы арқылы бейнелеуіне жҽне тарих кезеңдеріндегі қолҿнер шеберлері, суретшілері
кҿркем еңбегі мен есімдерін, олардың шығармашылық мазмұнын жаңғыртып еске ала отырып
қабылдауына жаңа оқыту технологиялары зор мүмкіндіктер береді. Осы орайда, оқушыларға ұлттық
ҿнер, тарих, ұлттық сана, болмыс туралы түсінік, мағлұмат-деректер беріп оны бейнелік, музыкалық,
ҽдеби кҿркемдік тҽсілдер кҿрсетумен ұштастыру олардың шығармашылық қызметін ынталандырады.
Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары ҿмір ұсынған мҽселелердің, уақыт туғызған
жаңа ой-пікірлердің, ҽлем тану үрдістерінің бала санасында тұрақты, жан-жақты дамуына ықпал
етеді. Жаңа оқу технологиялары оқушылардың қоршаған ортаны тануына, одан ҽсер алып дамуына,
мұғалім қолдауы арқылы екі тараптың, оқушы мен мұғалімнің бірлесе отырып белсенді қызметі
арқылы мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушы бір-бірінің пікірлерін, қонымды ұсыныс-тілектерін
бірлесе отырып, танымдық жҽне кҿркемдік рухани мұқтаждықтары мен сұраныстарын
қанағаттандыруға мейлінше бейімділікпен бірге бағдарлап отыруы қажет. Мұғалім оқушының
кҿркем-ҽдістемелік жҽне мҽдени мұқтаждықтарын, сұраныстарын қанағаттандыруға, білімді игеруі
мен шығармашылық қызметіне мейлінше ұтымды жағдай жасап отырады.
Мұғалім мен оқушы тараптардың арасында тығыз байланыс, шынайы шығармашылық қарым-
қатынас орнауы бейнелеу ҿнері пҽнінің «бейнелік кҿркем-образдық» оқыту ҽдістемесі мазмұнында
іске асады. Жалпы, оқушыларды түрлі ынталандыру, марапаттау, тҽсілдері мен кҿркем танымдық,
сана-сезімдік ҽдістер шығармашылықта жүлделі болуға итермелейді. Олардың ҿнерге деген
белсенділігін арттырады. Бұл мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты. Ал мұғалім
шеберлігі жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс меңгеруіне тҽуелді. Сондай-ақ мұнда үлкен
диалектикалық дүниетанымдық байланыс бар. Ол ең алғаш бейнелеу ҿнері пҽнінің шығармашылық,
ҿнер тҽнділік мазмұнында яғни, мұғалімнің кҿркем педагогикалық шеберлігі де, оқушы іс-ҽрекеті де
ҿнер шығармашылығындағы ҽдіс-тҽсілдердің бірлігінде. Педагогикалық шеберлікте, оқушы іс-
ҽрекеті де ҿнер тҽсілдеріне бағынышты, тҽуелді. Осы негізде біз бейнелеу ҿнері пҽні ерекшелігіне
тҽн, оны оқытудағы жаңа педагогикалық технология ретінде «бейнелік кҿркем образдық» ҿнер үштігі
ҽдістемесін қарастырамыз. Бұл олардың ҿнер тҽнділік байланысында. Олардың терең тізбектік
құрылымындағы жүйелі бір тұтастық: ол, оқушы бойындағы жеке бастапқы жҽне меңгерілетін
таным, білім-білігі; ҿнер жҽне сабақ түрлері мен ҽдіс-тҽсілдері; мұғалім кҿркем педагогикалық
шеберлігі.
27
«Оқушы-оқу, білім-білік», - «ҿнер – құралдар, ҽдіс-тҽсілдер, түр, пішін», - «мұғалім – оқыту-
ҽдістемелері, педагогикалық шеберлік», бұл бірлік ҿнердің кҿркем образдық ҽдіс-тҽсілдері арқылы
тұтастық жүйеде қызмет етеді. Мұндағы ортақ қасиет дүниені кҿркем қабылдап тану, игеру, оны
кҿркем образдық тұрғыда сомдауда ҿнер тҽсілдеріне жүгіну арқылы кҿркем шығармашылық қызмет.
Бұл дүниетанымдық қалып – форма жҽне процесс - оны игерушілік, оның пішіндік бейнеленуі, оны
таныту, игерту, оқыту жҽне оны ҿмірде, ҿз қызыметінде пайдаланушылық ҽдіс-тҽсілдер тұтастығы.
Мұндай процесстердің барлығы философиялық категориялар, қағидалар, құрылымдар түрінде
дүниетанымдық диалектика негізінде жүзеге асады. Осылайша ҿмір құбылыстарын жҽне адам
танымын игерудің жүйелі бір тұтас шығармашылық процестері қалыптасады. Мұндағы басты
мҽселелер оқушы – таным – білімі жҽне педагог оқыту, тҽрбиелеу қызметтері, ҿнер жҽне
шығармашылық процестер.
Ал негізгі нысандар ол, қоршаған орта ҽлемі - ҿнер, сабақ түрлері – шығармашылық қызмет.
Дидактикалық диалектика тұрғысынан бұл бейнелеу ҿнерін оқытудың ҿзіндік шығармашылық, өнер
тәнділік оқыту технологиясы, ҽдістемесі болып қалыптасады.
Қоршаған орта, ҿнер, шығармашылық, білім мен тҽрбие заңдылықтары мен процестерінің
оқушы – білімді игеру ҽдіс-тҽсілдерінің, ҿнер – орындалу ҽдіс-тҽсілдерінің, мұғалім - оқыту,
тҽрбиелеу ҽдіс-тҽсілдерінің, құралдарының жүйелі біртұтас бірлігі, бір-бірімен тығыз байланыста
қызмет, іс-ҽрекетте нақты нҽтиже кҿрсетеді. Оқушы танымдық іс-ҽрекеті, қызметі, ҿнердегі кҿркем
образ ҽсері, мұғалім педагогикалық іс-ҽрекеті, қызметі бір-бірімен тікелей шығармашылық
байланыстағы ҽдістемелер жүйесінің бір тұтас нҽтижесі жан-жақты гармониялық жеке бас,
шығармашыл тұлға дамуының заңды кҿрінісі.
Бұл ҽдістеме жүйесі оқушының ҽрбір тапсырманы, жұмысты, хош кҿңілмен қабылдап, ҿнер
түрлерінің тҽсілдеріне ыждахаттылықпен зейін қойып игеруіне мүмкіндік жасайды.
Оқушы ҿмірді ҿзінше, ҿзіндік танымдық кҿркем-эстетикалық негізде бағалап бейнелеуге
тырысады. Бала суретінде, біз одан кҿріп тұрған бейнеден молырақ сезім, түсінік, ой-қиял
бейнеленеді. Оқушы бейнелеу еңбегінде түрлі қызмет түрлері қабаттасып біртұтас бағытта
орындалады. Мҽселен мұнда бейнелеу еңбегіне таным, білім, қатынас, сұхбат, диалог, сұрақ-жауап,
сҿйлесу, ҽңгіме, ойын қатар қабаттасып ҿмірді қабылдау, тану, бейнелеу, дүние сұлбасын, келбетін
жаңаша бейнелеу сияқты түзілімдер тізбегінде оригиналды түпнұсқалық образ сомдалады.
Сондықтан оқушы мен мұғалім тұтас педагогикалық қызметінде ең алғаш оқушы тарапынан, содан
соң мұғалім тарапынан шығармашылық байланыс орнауы тиіс. Бастауыш сынап оқушылары ҿмірді,
болмысты берілген күйінде түсініп, оны интуитивтік түрде бейнелейді. Оқушылар кҿркем танымдық
шығармашылық еркіндігі адамның, табиғаттың, ҿмірдің, табиғи мазмұнын таным, сезім, түйсіну
арқылы ашып қабылдаудан тұрады жҽне оның сезімдік материалдық формасы мен мазмұндық
мҽнімен сабақтас. Жеке бас дамуы жалпы ғылымдар тҽжірибесінен алып қарағанда тҿрт сатылы
процестен тұрады – олар:
-
дүниені – сезіну, қабылдап тану; оған құлшыныс, талпыну;
-
білу, түсіну – біліп игеру;
-
қызмет, еңбек ету, күресу;
-
нҽтижені қолдану, тұтыну.
Оқушылардың шығармашылық, мҽдени ой-пікірлер алуандығын дамыту сабақ мүдделеріне
адалдықты туындатады. Ілгерілеуге ұмтылдырады. Жаңа дҽуірдегі оқушы мен мұғалім болмысын
айқындайтын нақты істер мұғалімнің оқушыларға қызмет етуі, оқушыны дамыта отырып, оны
шығармашылық нҽтижеге ҽрекеттендіру. Оқылып игерілетін сабақ мазмұнына, оның орындалуы мен
нҽтижесіне орай кҿзқарастар мен пікірлер ҽр түрлілігіне, ой еркіндігіне мҽн беру бағдарымен сабақ
ҿткізу. Оқушылар ой-пікірлерін сараптау, қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру ой еркіндігіне
үйретеді.
Тақырып мазмұнына қарай сабақты, сабақ құрылымын, жоспарын мұғалім оқушылармен бірге
талдай отырып құрғаны жҿн. Мұнда сабақ процесі мен оқушылар кҿркем қызмет процесі жүйелі
бірлікте бір тұтастыққа енеді. Бейнелеу ҿнері пҽніндегі бұл жүйе мұғалім оқыту қызметі мен оқушы
оқу, білім алу қызметінің кҿркем образдық шығармашылық тҽсілмен ұштасуына себепші болып,
біртұтастықта ҿрбіп, осы ортақ қызметтің ҿнімділігі мен сапалылығын ҽрі нҽтижелілігін арттырады.
Ғалымдар Б.П. Юсов, М.Н. Семенова, Г.С. Лепский, Н.Д. Минц «Бейнелеу ҿнерін оқыту негізі белгілі
бір дағдылар мен білімдерді меңгеру барысында шығармашылық проблема мазмұнына еніп, осы
сабақта ҿз шешімін табатын оқу жҽне шығармашылық міндеттердің органикалық бірлігі болып
28
табылады» деп кҿрсетеді [3, 9 б.]. Сҿйтіп сабақ құрылымының ҿзі оқу-оқыту қызметі
құрылымдарының жүйелі бірлігін орнатады. Ынтымақтастық оқыту технологиясы негізінде кҿркем
образдық оқыту ынтымақтастығы ҽдістемесін қолдану жүзеге асады. Ынтымақтастық технологиясы
ерекшелігі мұғалім оқушының тұтас жеке тұлғалық дара ерекшелігіне жҽне сезімдік эстетикалық,
рухани тұлғалық даму қызметін жүйелі ұйымдастыруына бағытталады. Оқыту қызметінде негізгі
тұлға оқушы. Жеке тұлғаны – бағдарлы оқыту ҿзінің философиялық жҽне психологиялық мазмұны
жағынан гуманистік бағыттағы оқыту технологиясы. Ынтымақтастық технологиясы бойынша кіші
топтарда бірге оқыту арқылы сабақ құрылымын, жоспарын мұғалім оқушылармен бірге талқылап
жасайды.
Сабақты - сабақ құрылымын, жоспарын, тақырыбын мұғалім оқушылармен бірге талқылай
отырып жүргізгені дұрыс. Сонда сабақ процесі мен оқушылар кҿркем қызмет процесі жүйелі бірлікте,
бір тұтастыққа енеді.
Бұл тұтастық мұғалім оқыту қызметінің де, оқушы оқу қызметінің жҽне ортақ кҿркем образдық
тҽсілдердің де, біртұтастықта ҿрбіп ортақ қызметтің ҿнімділігін, сапасын, нҽтижелілігін
жоғарылатады. Сҿйтіп сабақ құрылымының ҿзі тақырып, оқу-оқыту қызметі құрылымдарының
жүйелі бірлігін орнатады. Белгілі ынтымақтастық оқыту технологиясының негізінде кҿркем
образдық оқыту ынтымақтастығы - ҽдістемесін қолдану жүзеге асады.
Ынтымақтастық технологиясының кіші-гірім топтарға бҿле отырып оқыту ҽдістемелік
ерекшелігі ол, мұғалім оқушының тұтас жеке тұлғалық дара ерекшелігіне жҽне сезімдік эстетикалық,
шығармашылық рухани тұлғалық даму қызметін жүйелі ұйымдастыруына бағытталады. Мұғалім
оқыту қызметінде негізгі тұлға оқушы екендігін оқу тапсырмалары шешімін ізденуде іздену,
ойластыру, талдау қызметінде оған бірнеше оқушы тобының бірге ұмтылуы, оқушының ҿз бетінше
ізденуі, оқушының психологиялық, жас жҽне жеке дара даму ерекшеліктерін ескеруі, осы
ынталандыру технологиясының жҽне жеке дара бағдарлы оқыту ҽдістемесінің тұлғалық негізі
екендігін, тұтас тұлғаны қалыптастырудың ҿзі оқытуда дифференцияциялау, оқушы жеке тұлғасына
бейімдей оқыту жүйесін қарастыратындығын кҿптеген педагог, ғалымдар Б.С.Гершунский,
М.С.Каган, А.Г.Ковалев, В.С.Леднев, М.Н.Берулаева, Г.К.Селевко, Н.К.Тихомирова, т.б. дҽлелдеп
кҿрсетеді. Мұнда ғалымдар оқытуда психиканың функционалдық құрылымдарына, жеке тұлғаның
ҿмірдегі бұрынғы білім дҽрежесінің, тҽрбиесінің, жалпы мҽдени дамуының, ерекшеліктеріне кҿп
кҿңіл бҿледі. Осы ғалымдар - оқушылардың топқа бҿлініп, оқу қызметін ынтымақтаса отырып кіші
топтарда бірге атқаруы оқушылардың білімді меңгеруі ғана емес олардың коммуникативтік
икемділіктерін, қызметтестік ынтасын, шығармашылық белсенділіктерін артыратындығын
дҽлелдейді. Мұнда негізгі мҽселе ҽр топтың бір мақсатқа жетуі, ҽр оқушыға еңбегіне байланысты
бағаланатындығы жете түсіндіріледі. Қойылған мақсатты бірге шешуде, ҽр оқушының білімі, еңбегі
арқылы топ мүддесі, мақсаты анықталатынын олар түсіне отырып жұмыла қызмет етуге тырысады.
Кіші-гірім топтарда бірге оқыту түрліше жүзеге асырылады. Мысалы 3-4 адамнан ойын
түрінде, т.б.
Білімді бірге игеру, дүниені бірге тану ҽрқайысысының танымға, проблеманы шешуге қосқан
үлесі топ мүддесін ақтайды. Мұнда біз ынтымақтастықта оқытудың Дж.Дьюи жоболар ҽдістемесі
мен білім философиясы теориясына сүйеніп отырмыз. Бұл ҽдістеме жеке тұлғалық бағдарлы оқыту
ҽдістемесімен байланысты қарастырылады.
Біздің жұмысымызға ғалымдардың теориялық жҽне практикалық тҽжірибелері енгізілді.
Оқытудың қазіргі жетілген парадигмасында мұғалім оқушы оқуында, оқу еңбегінде, мұғалімнің де
қызметтестік қатынасымен бірге ізденушілік қылығымен, ҽрекетімен жҽне оқушының ҿз жұмысын
танымдық қызметін ҿз бетінше белсенді ұйымдастыруы, осы қызметтегі бірлесе еңбектенуі кҿмекші,
себепші ретінде қарастырылады. Мұғалім қызметі оқушы еңбегінің нҽтижесін бағдарлап, оны
бағытқа салушы қызметтестік рҿлінде болуы керек. Бейнелеу ҿнері сабақтарының кҿркем қызмет
түрлерінде тұтас жеке тұлға қалыптастыру оқушының, сана-сезіміне, рухани дүниесіне жүгінеді.
Оқушының топтағы жеке-дара кҿркем шығармашылық жұмысы ерекше сипатқа ие болады.
Қазіргі информационалдық технологиялар, немесе постиндустриалдық жетістіктер дҽуірінде
қоғам мейлінше тез, ҿз бетінше шығармашылықпен ойлайтын, ҿмірдің ҿзгермелі жағдайына тез
бейімделетін, белсенді ҽрекеттенетін, батыл шешім қабылдайтын қоғам мүшелерін тҽрбиелеуге
құштар.
Біз кҿптеген инновациялық технологиялар мен бағыттар ішінде жобалар ҽдістемесі мен жеке
тұлғаны бағдарлы, интеграциялы оқыту тҽсілдерін сабақ процесінде бейнелеу ҿнері пҽнінің
29
мазмұнына сҽйкес қолданамыз. Бұл жеке тұлғалық – бағдарлы оқыту психология, педагогика жҽне
білім философиясының гуманистік – ізгіліктік бағытына жүгінеді. «Егер жобалар ҽдістемесі туралы
оны педагогикалық технология ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология ҿзіне ҿз мҽніндегі
шығармашылық зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық ҽдістемелер жиынтығын қамтиды» [1, 67 б.].
Бейнелеу ҿнерін оқытуда бұл тҽсілдер ҿзіндік дидактикалық жүйені негіздеп оқу, білім алуда,
оқытуда оқу білім алудың, ҿнер түрлері арқылы тҽрбиелеу мен оқытудың шығармашыл ҽдістемесін
құрады.
Жобалар ҽдістемесі америка философы жҽне педагогы Дж.Дьюи жҽне оның оқушысы
В.Х.Килпатриктің білім философиясындағы гуманистік бағыттағы кҿзқарастарымен байланысты
болды. Ол оқытуда оқушының мақсатты қызметінің сол қызметтегі білімге деген қызығушылық пен
оқытуды белсенділік негізінде жүргізу. Осылайша олар оқытуды оқушының мақсатты қызметінің осы
білімге деген қызығушылығында оқытуды белсенді негізде құруды ұсынды.
Оқытудың жобалар ҽдістемесін, бағдарлы, ынтымақтастық инновациялық технологиясын
бейнелеу ҿнері сабағы түрлерін оқытуда интеграциялы қолдану, 12 жылдық білім беруде оқушының
кҿркем танымына, шығармашылық дамуына мол рухани практикалық мүмкіндіктер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |