Тараздың тәттісі бал татиды Құстар, құстар сызылтып


ҰсТаздар ҰсТанымы - салауаТТылыҚ!



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#7057
1   2   3   4   5   6   7   8

ҰсТаздар ҰсТанымы - салауаТТылыҚ! 

g

 Тараз қаласындағы орталық стадионда білім және ғылым мекемелері мен 



ұйымдары қызметкерлері арасында VII аймақтық спартакиада жалауын көтерді.   

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 

мен  қазақстандық  салалық  білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің кәсіподағы Жамбыл облыстық 

ұйымының ұйымдастыруымен өткен шараға 800-

ге  тарта  облыс  аумағындағы  білім  саласының 

қызметкерлері қатысты. Өз кезегінде аталмыш 

шара  биылғы  жылы  жоспарланып  отырған 

атаулы  мерекелеріміз  -  Қазақ  хандығының 

құрылғанына 550 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы 

мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай 

ұйымдастырылыпты.  Спартакиаданың  ашылу 

салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары 

Бекболат Орынбеков, жергілікті мемлекеттік билік 

органының басшылары, спорт ардагерлері мен 

кәсіподақ белсенділері қатысты.   

-Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегисындағы 

басым бағыттардың бірі – саламатты өмірді жүзеге 

асыру,  ел  тұрғындарын  дене  тәрбиесі  және 

спортпен  жүйелі  түрде  айналысуына  жағдай 

жасау,  жергілікті  жерде  дене  шынықтыру  мен 

бұқаралық спорттық шараларды жетілдіру бола-

тын. Ұлтымызда «Шынықсаң - шымыр боласың», 

«Тәні - саудың жаны сау» деген аталы сөздер бар. 

Осы бағытта өткізіліп отырған білім және ғылым 

қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы бір ау-

ыздан құптарлық іс. Бұл жарыстың сонау 2002 жыл-

дан бастау алып, бүгінде дәстүрге айналғандығы 

да қуанарлық жағдай. Ұлтымыздың болашағы 

осындай сан қырлы, білімді де білікті ұстаздардың 

қолында,-деген облыс әкімінің бірінші орынба-

сары  жарысқа  қатысушыларға  сәттілік  тіледі. 

Бұдан әрі осы шараның жоғары деңгейде өтуіне 

тікелей мұрындық болған, облыстық білім және 

ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы 

Гүлсін Орынбаева, сондай-ақ спорт ардагерлері 

кезегімен сөз алып, спорттағы және қызметтегі 

мамандарға  тілеулестік  лебіздерін  айтты.  Ал 

жарысқа барлық 10 ауданның ұстаздар команда-

сы, Тараз қаласы мектептерінің ұстаздары мен 

облыстық  білім  басқармасына  қарасты  білім 

мекемелері ұстаздарынан құралған командалар, 

М.Х.Дулати атындағы ТарМу-дің, ТарМПИ-дің 

және ТиГу профессор-оқытушылар құрамынан 

жасақталған команда қатысты. Аймақтың 800-

ге  жуық  білім  саласының  қызметкерлері  бақ 

сынасқан дода спорттың армрестлинг, кір тасын 

көтеру, жеңіл атлетика, үстел теннисі, баскетбол, 

волейбол,  тоғызқұмалақ  пен  бильярд  сынды 

8  түрі  бойынша  өтті.  Сайысқа  Халықаралық 

дәрежедегі төрешілер, ҚР спорт қайраткерлері, 

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылардан құралған 

қазылар алқасы төрелік етті. Аталмыш спартаки-

ада алғаш рет «Денсаулық жылы» аясында 2002 

жылы Тараз қаласының 2000 жылдығына орай 

ұйымдастырылған  екен.  Содан  бері  араға  екі 

жыл салып дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Биылғы 

спартакиадаға  барлық  аудандар  мен  Тараз 

қаласы бойынша үздіктері анықталып, арнайы 

іріктеулерден  өткендер  қатысты.  Жарыстың 

қорытындысы  бойынша  жалпы  командалық 

есепте Тараз қаласының қызметкерлері 1-орын-

нан көрінді. Шу, Меркі, Қордай аудандарының 

мамандары 2-орынды қанжығаға байласа, Байзақ 

ауданының білім саласы қызметкерлері жүлделі 

3-орынға  лайық  деп  танылды.  Сондай-ақ,  бұл 

жарысқа зейнеткерлер де қатысып, бабына қарай 

бақ  сынасты.  Мәселен  «Ардагер  спортшы» 

номинациясын иеленген Жүсіпбек Сүлейменов 

1947 жылы дүниеге келсе де, үстел теннисінен 

шебер  ойын  көрсетті.  53  жастағы  қордайлық 

Сапура Янтузова волейболдан шебер ойыншы 

екендігін мойындатса, 57 жастағы Айша Мулеева 

спартакиадаға арнайы Мойынқұмнан келіп, үстел 

теннисінен жақсы нәтижелер көрсетті. Сарысу 

ауданынан келген Дархан Әбдіраймов (волейбол) 

пен таластық Ануар Шаймерденов (баскетбол) 

«Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Жарыс 

соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 

арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс 

етілді.

 

„



Қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында бас 

бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарды жұмыспен 

қамту және уәкілетті органның жұмыс берушілермен қарым-қатынас 

жолдарын шешу мақсатында дөңгелек үстел  өтті.

Жазасын өтегендерге де жұмыс бар

Айсана нұрбАп

 

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту 



және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі 

және  Жамбыл  облысы  бойынша  ҚАЖК 

Департаментінің қалалық пробация қызметі 

бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен шараға 

аталмыш  ұйымдастырушылардың  басшы-

лары, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы 

басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы 

Еркін Ибраимов, қалалық ішкі істер басқармасы 

басшысының орынбасары Талғат Сәулебаев 

және  жергілікті  атқарушы  органдардың 

қызметкерлері  мен  пробация  қызметінің 

есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру 

орындарынан  босаған  азаматтар  қатысты. 

«Шараның  басты  мақсаты  -  аталмыш  аза-

маттарды  қала  бойынша  бос  жұмыс  орын-

дарымен таныстыру және олардың тұрақты 

жұмысқа  орналасуына  ықпал  ету»  дейді 

қалалық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің мамандары. Шараны 

аталмыш  бөлімнің  басшысы  Гаухар  Олжа-

баева ашып беріп, бос жұмыс орындарының 

бірсыпырасымен таныстырып өтті. Алайда, 

күні  бүгінге  дейін  осы  аталмыш  жиындар 

өткізіліп, бірнеше рет бос жұмыс орындары 

ұсынылған екен. Бірақ, жазасын өтеген жандар 

бұл  жұмыстарға  ниет  білдірмеген.  Кейбірі 

басқа салада жұмыс жасап жатқандығын айтса, 

кейбірі бейхабар. Ал ҚР «Халықты жұмыспен 

қамту туралы» Заңының 5-бабы, 2-тармағына 

сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы проба-

ция қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ  бас 

бостандығынан айыру орындарынан босаған 

азаматтар нысаналы топқа жатқызылған және 

оларға басымдық тәртіппен жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді қызметтік шарала-

ры  бар.  Атап  айтқанда,  оларды  жұмыспен 

қамту,  кәсіби  даярлау,  қайта  даярлау  мен 

біліктілігін арттыру, әлеуметтік жұмыс орын-

дары мен ақылы қоғамдық жұмыстарға орна-

ластыру. Жиын барысында осы мәселе кеңінен 

талқыланды.  Қазіргі  таңда  тиісті  жазасын 

өтеген азаматтар жалдамалы жұмыстар мен 

жеке шаруашылықтарға жұмысқа орналасқан 

көрінеді. Десек те, жиынға қатысушылардың 

басым көпшілігі жұмыссыз. Шара барысында 

нақты уақытта маманға мұқтаж бірқатар жұмыс 

берушілердің тізімі айтылып, азаматтарға тара-

тылды. Жастар жағы бос жұмыс орындарына 

қызығушылық  білдірсе,  ересектері  қайта 

даярлауға, кәсіби біліктілікті арттыруға ниет 

білдірді. Расында, қазіргі таңда дәнекерлеуші, 

аспазшы мамандары некен саяқ. Осы орайда 

қалалық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімі мол мүмкіндіктер жасап 

отыр. Ниет білдірген адамға жұмыс бар. 

 

„



Наурыз айының 

26-28 жұлдызы 

аралығында әл-

Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық 

университетінде 

«Журналистика» 

мамандығы бойынша 

студенттер арасында 

республикалық 

VII пәндік 

олимпиада өткен 

болатын. болашақ 

журналистердің 

қарымы мен қабілетін жан-жақты сынға алған байқауда м.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Фемида» командасы 

жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Жас журналистер жарады



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

Команданың құрамында «Журналистика» 



мамандығының  студенттері  Майра  Елес, 

Ерғали  Қартайған,  Шынболат  Күзекбаев 

кірді. Команда жетекшісі «Филология және 

журналистика» кафедрасының аға оқытушысы 

Зәуреш Қойгелдиеваның айтуынша, байқауда 

республикалық  «Егемен  Қазақстан»  шо-

лушысы  Айнаш  Есали,  «Айтуға  оңай» 

бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, 

фотожурналист  Асылхан  Әбдірайымұлы, 

радиожурналист  Нұртай  Лаханұлы  және 

блогшы,  SММ-маманы  Дінмұхамед  Зия-

дин  сынды  белгілі  журналистер  қазылық 

еткен. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 

барлығы 12 команда келіп қатысқан. Сайыстың 

алғашқы күні қатысушылар «Журналистика» 

мамандығының  студенттері  үшін  міндетті 

түрде оқытылатын төрт бағыттық пәннен тест 

тапсырып, екінші кезең шарты бойынша «Ең 

үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік 

радиохабар», «Ең үздік онлайн жазба» сынды 

аталымдарда бақ сынады.


отандық өнім

5

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250),  8 сәуір  2015 Жыл 



70 пайыз өнім өзімізге

 

„



Өзі арзан, өзі сапалы бәтеңкені қайдан табуға болады? Базарда Қытайдан келетін бізтұмсық һәм биікөкше бәтеңкелер қаптап тұр. 

Кисең болды бір кілтипаны шыға келеді. Америкалықтарда мынадай сөз бар: «Мен арзан тауар алатын соншалықты бай емеспін». Қайта-

қайта тез жыртылатынын, арзанын алғанша, ұзаққа шыдас беретін қымбатын алу керек дегені.

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ 

Қонағын  қыдыр  көретін  қазақ  халқы 

ең  алдымен  дастарханды  тәтті-

пәттілермен толтыра бастайды. Қонақ 

күткендегі ең басты қам осы. ал қонаққа 

барғандағы  амандық-саулық  сұрау  да 

осы  тәттілер  тізілген  дастархан  ба-

сында айтылады. бүгінде дастарханға 

қойылатын  тәттілердің  мыңдаған 

түрлері  бар.  ас  атасы  наннан  ба-

стап,  бидай  өнімдерінен  өндірілетін 

өнімдердің  сан  атауын  саусақпен 

санап тауыса алмайсың. бұл тұрғыда 

адамның көру қабілеті мен иіс сезу, дәм 

тату сезімдерін ерекше баурап алатын, 

ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді 



Арсен бАЙЗАҚ

бірақ бұл сөз Қытайдан келетін аяқкиімдерге қатыссыз. 

Өйткені Қытайлық киімнің арзанын алсаң да, қымбатын 

алсаң да бәрібір, көпке ұзамайды. мұндайда өзіміздің 

отандық  аяқкиімге  жететін  ештеңе  жоқ.  Шүкір,  соңғы 

кездері отандық аяқкиім фабрикаларына жан бітіп келеді. 

әрине, аяқкиім нарығында біздің отандық өнімнің ала-

тын үлесі аздау. бірақ отандық өнім өндіруде мақтанар 

тұсымыз  да  жоқ  емес.  мысалы,  Тараз  қаласындағы 

«Тараз  былғары  аяқкиім»  мекемесі  былғары  аяқкиім 

өндірумен айналысады. 

-  біздің компанияның артықшылығы шикізаттан бастап 

дайын өнімге дейінгінің бәрін өзі өндіреді. бізде «Вет-

блю», «Краст» секілді жартылай фабрикаттар, былғары 

тауарлар,  жұмыс  және  арнайы  аяқкиімдер  шығады. 

бұдан бөлек әскер мен қарулы күштер құрылымдарына 

арналған  және  күнделікті  өмірде  киетін  аяқкиімдер 

өндіреміз. балаларға арналған бәтеңкелеріміз де бар. 

біздің өнімдер шетелдің импорттық аяқкиімдерінен кем 

емес,  бағасы  да  қолжетімді.  Фабрикамызда  зертхана 

жұмыс жасайды. барлық зерттеулер сол жерде жасала-

ды. бүгінде фабриканың өндірістік қуаттылығы сондай, 

жылына 600 мың сыңар балқытылып бекітілген аяқкиім, 

100 мың сыңар басқа да тәсілдермен өндірілген аяқкиім 

шығара  алады,  -  дейді  компанияның  бас  технологы 

Жанболат  Құрмашев.  бұл  компанияның  іргесі  сонау 

1961  жылы  қаланған.  Ол  кезде  «Жамбыл  былғары 

комбинаты» бүкіл Кеңестер одағына белгілі ірі былғары 

киім өндіріс ошағы болатын. 2002 жылдан бастап оның 

атауы «Тараз был¬ғары аяқкиім» ЖШс болып өзгеріп, 

отандық өнім өндіруді қолға алды. сөйтіп, 

айналдырған бірер жыл ішінде облыстағы 

аяқкиім  өндіретін  негізгі  кәсіпорынға  ай-

налды. «Тараз былғары аяқкиім» өндірген 

тауарлардың  70  пайызы  республиканы 

қамтыса,  30  пайызы  Италия,  Пәкстан, 

біріккен араб әмірлігі секілді елдерге экс-

портталады екен. мұндағы жалпы көлемі 

67 500 шаршы метр болатын цех 700-ден 

астам  технологиялық  құрылғылармен 

жабдықталған. Фабрикада немістің зама-

науи «Десма» агрегаты, италияндық «мо-

скони», «рицци», «Картигльяно», «Джимат-

то», «Карлесси» сынды былғары өндіруге 

арналған  аппараттары  бар.  бәтіңкелер 

көбіне  жаңа  италияндық  гидрофобты 

технология  бойынша  тігіледі.  Гидрофоб-

ты  технологиямен  өндірілген  аяқкиімнің 

артықшылығы сол – су өткізбейді. мұндай 

бәтеңкелерді 7 сағат бойы суға салып қойсаң да, еш жері 

бүлінбейді екен. мұнда өндіріске қажетті қосымша ма-

териалдар мен химикаттар шетелден келеді. Цехта тек 

аяқкиім ғана тігілмейді, былғары өнімдерін өндіру, таза-

лау, бояу жұмыстары да жүргізіледі.  «Компания 1,3 млн. 

шаршы метр былғары жартылай фабрикаттарын, сапасы 

жағынан еуропалық стандарттарға сай келетін 3 млн. 

шаршы метр жоғары сапалы былғары, сондай-ақ 300 

мыңнан аяқкиім шығарады. Өндірісті толықтай жаңарту 

үшін  мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетілген.  соның 

арқасында,  барлық  жұмысты  жоғары  технологиялық 

қондырғылармен жасаймыз. біздегі аяқкиім өндірісіндегі 

бірінші мәселе – тері өнімдерінің көбіне өзге елдерде 

өндірілетіні. бірақ бұл «Тараз былғары аяқкиім» компа-

ниясы үшін қиындық тудырмайды. себебі тері өнімдері 

түгелдей  өздерінде  дайындалады.  Екіншіден,  біздегі 

аяқкиім фабрикаларының көпшілігі өнімдерін тек қана 

арнайы  тапсырыспен  істейді,  сол  себепті  өнімдерін 

еркін саудаға шығара бермейді. әрине, «Тараз былғары 

аяқкиім»  де  ұлттық  компаниялардың  тапсырысы  бой-

ынша өнім дайындайды. бірақ көбіне қарапайым халық 

тұтынатын  өнімдерді  өндіруге  мән  береді.  Үшіншіден, 

импорттық аяқкиімдерге қуатты бәсекелес бола алады. 

бұл жағынан отандық бәтеңкелердің сапасы да, бағасы 

да бұқараға тиімді» - дейді бас технолог.



тараздың тәттісі бал татиды

 

„



Қазақ - тоқсан тараулы тарихынан қонақжай халық. Пейілі де, даласы да, дастарханы да кең. Отыз 

күн ойын, қырық күн тойын, алпыс күн ас беру деген ұғым кейбір өңірлерде әлі де бар. Тіпті еліміздің 

оңтүстігіндегі тойларға мыңдаған қонақ шақырылып та жатады. Осыншама халыққа, бәленбай күн  

дастарханын жайып отыратын қазекеңнің мырзалығында шек жоқ қой шіркін... 

даярлаушылардың да еңбегі айтарлықтай. 

Тараз  қаласы  тұрғындары  «Қант  за-

уыты» аумағында орналасқан «Карпаты» 

жеке  кәсіпкерлігінің  өнімдерін  күнделікті 

тұтынып жүр. біз отандық тәттілердің иісі 

тартып, өндіріс ошағына ат басын бұрған 

едік.                                                       

 –біздің шағын кондитерлік өндіріс 2002 

жылы өз жұмысын бастаған болатын. Ол 

кезде мүмкіндігіміз аз, өндірістің өрісі тар 

еді. материалдық жағынан да қысылдық. 

Негізінен дүкен ретінде ашылдық. бірақ нан 

өнімдерін ол кезде қасымызда орналасқан 

наубайханадан сатып алып отырдық. Кейін 

ол наубайхана өз жұмысын тоқтатты. На-

убайханашылар  бізге  келіп,  бірлесіп  нан 

өндіру  туралы  ұсыныстарын  айтты.  біз 

келістік. барлық қаражатымызды жинап ескі 

наубайхананы сатып алдық. Оның күрделі 

жөндеу жұмыстарына да бірталай қаражат 

керек болды. Ол уақытта күніне жүз дана 

нан,  300-400  тәтті  тоқаштар  өндірдік. 

Небәрі  3-4  ақ  жұмысшымыз  бар.  содан 

бері  кондитерлік  ұн  өнімдерін  өндіруге 

ден қойдық. бұл біз үшін отбасылық кәсіп. 

бәріміз  жан-жақтан  атсалысып,  өндірісті 

аяқтан  тұрғыздық.  бүгінде,  күн  сайын 

таңертең 100-ден аса Тараздың дүкендеріне 

өнімдерімізді  тапсырыспен  жеткізіп  оты-

рамыз.  20-дан  аса  жұмысшымыз  бар. 

барлығы өз ісінің білікті мамандары. Жуыр-

да тағы қосымша цех аштық. Италияндық 

заманауи техникаларды сатып алып, іске 

қостық.  Қазір  біздің  тәттілерге  сұраныс 

өте жоғары. Тараздың шалғай аумағында 

орналассақ  та,  тұтынушылар  арнайы 

келіп, сатып алып кетеді. Тіпті аудандар-

да,  Қазақстанның  басқа  өңірлерінде  де 

тәттілерімізге сұраныс жоғары. астаналық 

дүкендерге де өнімдерімізді тапсырыспен 

жеткізіп  тұрамыз.  менің  студенттік  жыл-

дарым украинада өтті. Польшада туыста-

рымыз  тұрады.  Ол  жақтың  тәттілерімен 

жіті  таныспын.  Өз  өнімдерімізді  даярлау 

кезінде  солардың  ас  мәзірі  құрамын  да 

пайдаланамыз.  бүгінде  нан  өндіру  ісін 

доғарып,  толықтай  кондитерлік  тәтті 

ұн  өнімдерін  өндірумен  айналысамыз. 

Күніне  печеньенің  40  түрін,  торт,  кекс, 

тәтті  орамалардың  көптеген  түрлерін 

өндіреміз. Тұтынушыларымыздың қатары 

күннен күнге көбеюде. бәсекелестер де аз 

емес.  Жалпы,  Тараздың  тәттілері  басқа 

өңірлерге  қарағанда  ерекше  болады. 

Және  тұрғындардың  талғамы  да  биік. 

әр  түрлі  мерекелер  қарсаңында  алдын 

ала  дайындалып,  әйелдер  қауымының 

жұмысын жеңілдетуге әрқашанда әзірміз,- 

дейді  «Карпаты»  ЖК  директоры  Ирина 

Гуль.  расында,  Наурыз,  айт  мерекелері 

қарсаңында  «Қант  зауыты»  тұрғындары 

осы  өндіріске  жүгінеді  екен.  Кәдуілгі 

бауырсақтан  бастап,  тәттінің  жеті  ата-

сын  тез  арада  дайындап  беруге  әбден 

машықтанған өндірістің жұмысшылары да 

өз істерін беске білетін мамандар. мәселен 

светлана  малинка  осы  өндірістің  алғаш 

іске  қосылуынан  бері  жұмыс  жасайды. 

Тұтынушылардың  талғам-тәбетін  баурап 

алатын  тәттілердің  талай  түрлерін  біліп 

қана  қоймай,  оларды  дайындаудың  да 

қыр-сырын  жетік  меңгерген.  23  жастағы 

жас маман  Витали Красинов та бұл іске 

әбден  қанық.  Өзінің  айтуынша,  өндіріске 

алғаш  келгенде  ештеңе  білмеген.  алай-

да,  тәжірибелі  апайларының  арасында 

жүріп, тез арада барлығын меңгеріп алған. 

Оның әзірлеген тәтті бауырсақтары дәмін 

татқанның есінде қалары сөзсіз. аталмыш 

өндірісте дайындалған өнімдердің бағасы 

да  қала  дүкендеріндегідей  айқайлап 

тұрған  жоқ.  Өндіріс  басшысы  Ирина 

михайловнаның  қолдан  келгенше  аян-

байтын  қайырымдылық  жасау  әдеті 

де  бар  екен.  Ол  жағын  қанша  жерден 

жасырғанмен,  аумақ  тұрғындары  айтып 

отыр.  басты  мақсат  -  отбасылық  кәсіпті  

отандық  ірі  өндіріс  ошағына  айналдыру 

дейді өздері. Жуық арада қаланың орталық 

аумақтарынан  жаңа  өндіріс  нысандарын 

ашуды  да  жоспарлап  қойыпты.  Қалай 

дегенмен,  Тараздың  тәттілері  брендке 

айналатын күн де алыс емес. ләйім солай 

болғай!


зерде

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250),  8 сәуір  2015 Жыл 



Қазақта «Қасым салған қасқа жол, Есім салған 

ескі жол» деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен 

әз-Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде 

әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі 

Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, 

жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа 

ру-тайпалар құрған күшті мемлекет моғолстанға 

келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға 

хан Шу-іле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін 

бөліп берген. сол заманның көне көзіндей болып, 

күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан 

тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан 

мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту 

көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, 

күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, 

батысында әмір-Темір әулеті билеп тұрған сырдария 

мен әмудария арасындағы күшті мемлекет маурен-

нахрдан, солтүстігінде сібір хандығынан қауіптенетін 

моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. 

Хандық жылдары

Қалайда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының 

туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң, билік 

Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде 

болғанмен,  отырықшы  елдердегі  тәртіп,  заңға 

ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті тұрмыс-

тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай 

жаңа заң-тәртіп орнатты. «Қасым салған қасқа 

жол» дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі 

мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, 

жерін кеңейту-тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан 

түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі 

алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досы-

нан да, қасынан да одақ таба білді. соның нәтижесінде 

Қазақ хандығының жері сарыарқаны қосқанда со-

нау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан 

өзінің бақталасы өзбек ханы мұхаммед Шайбаниді 

тізе бүктіріп, сыр бойындағы қалалардың басым 

көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, 

алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы 

князі Василий ііі-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс 

орнатқан.1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін, оның 

мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, 

Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында 

(Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы 

тақтан түспеген Хақназар (ақназар) «қазақтар мен 

қырғыздардың патшасы» аталған. сол тұста ыдырай 

бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен 

бірге Кіші жүз — алшын одағына енген тайпалар 

түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. 

Тіпті Ноғай ордасының астанасы сарайшық қаласы 

да Хақназарға қарағанын айта кету керек. әйтсе де 

сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық 

екені анық. Ташкент билеушісі баба сұлтан астыр-

тын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны 

Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен 

қоса өлтірген. Екі жыл өткен соң, баба сұлтанның да 

басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі 

ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы баба 

сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған. 

Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім 

хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел 

ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға 

қатысып, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған еді. 

Тәуекел бұхараны қоршағанда, ол 20 мың әскерімен 

самарқандты билеп тұрған. ауыр жарақаттан қайтыс 

болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл 

бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін 

қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған 

жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында 

бұхара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. 

Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға 

салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған 

қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де 

550

жыл


 

„

Есім хан (1598-1628) 



қазақ тарихында «Еңсегей 

бойлы ер Есім» деген атпен 

әйгілі болды, оған бұл атақ 

1598 жылы  ағасы Тәуекел 

ханмен бірге Мауреннахрға 

жасаған жорықта ерекше 

көзге түскені үшін берілген 

екен. Есім хан — Шығай 

ханның баласы, ол бұрын 

қазақ хандығының 

Түркістан қаласындағы хан 

ордасында тұрған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет