Тараздың тәттісі бал татиды Құстар, құстар сызылтып


Қ.САҒЫнҒАЛИЕВА, «Қалалық перинаталдық



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#7057
1   2   3   4   5   6   7   8

Қ.САҒЫнҒАЛИЕВА, «Қалалық перинаталдық 

орталығы»  ШЖҚ  МКК бас дәрігері  

Қалалық перинаталдық орталығы алғаш рет 1970 

жылы 105 төсекке ашылып,№1 қалалық перзентхана 

атына  ие  болған.1981жылы  толыққанды  зерттеуді 

қамтамасыз ету мақсатында клинико-диагностикалық 

зертхана  ашылды,    экстрагенитальды  паталогия-

сы  бар  жүкті,  босанушы  және  босанған  әйелдерге 

жоғары білікті  көмек көрсету мақсатында 6 төсекке 

жансақтау  бөлімшесі  ашылды.  2010  жылдың  сәуір 

айынан  бастап  қалалық  перзентхана    қалалық  

перинаталдық орталығы мәртебесіне ие болды 

 барлық қайта құрулар мен оңтайландырулардан 

кейін  күні  бүгінге  145  тәуліктік  төсекке,  5  күндізгі 

стационарлық  төсекке  қызмет  көрсетеді.  біздің 

қалалық  перинаталдық  орталығында  өткен  2014 

жылқы жылында қалалық перинаталдық орталығында 

9155 сәби дүниеге келді. біздегі қызмет көрсететін 

бөлімшелер:

 -  1-ші ана мен бала бірге болу бөлімшесі;

 -  2-ші ана мен бала бірге болу бөлімшесі;

-  Ересектерга арналған  жансақтау және анесте-

зиология бөлімшесі;

-   балаларға арналған жансақтау бөлімшесі;

-  Жүкті әйелдер паталогиясы бөлімшесі;

-  Нәрестелер паталогиясы бөлімшесі;

-  Жүкті әйелдерге арналған күндізгі стационар ;

-  Клинико-диагностикалық зертхана;

-  ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі.

  Тараз  қалалық  перинаталдық  орталығы  -  45 

жыл    қызметтік  тарихы  бар  облыстық  аналарға 

босануға  көмек  беру  жетекші  емдеу  мекемесі. 

Перинаталдық орталығы – салмағы 500,0 граммнан 

бастап  шала  туылған  нәрестелерді  күтіп  жеткізуге 

бағытталған қызмет көрсетуші емдеу мекемесі. Осы 

мақсатпен №1 Қалалық перзентханасы 2010 жылы 

перинаталдық орталығы болып қайта аталды. бүгінде 

орталық  жоғары  білікті  акушер-гинекологиялық 

және  неонатологиялық  көмек  көрсетеді.  Қалалық 

перинаталдық  орталығы  жүкті,босанушы,  босанған 

әйелдерге және жаңа туылған нәрестелерге сапалы 

мамандандырылған  қауіпсіз  көмек  көрсетуді  өзінің 

миссиясы деп санайды. Қорытындысында ,  қауіпсіз 

босанулар,өмірдің салауатты бастамасы ,тірі және 

дені сау баланың өмірге келуі, перинаталды кезеңде 

тәуекелдің  басқаруға  келетін  факторларын  алдын 

ала  көру  және  олардың  қауіптілігін  ең  төменге 

жеткізу  -  орталықтың  мақсаты  болып  табылады.

Емделушілерді қанағаттандырушылық деңгейіне қол 

жеткізу үшін,  қызмет көрсетудің жоғары нәтижелілігін  

қамтамасыз  ететін  жаңа  технологиялардың    және 

медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  біліктілігі  , 

жайлылық  және қызметкерлердің мейрімді де адал 

қарым-қатынасының орны маңызды.Өз қызметінде 

орталық  тиімді  перинаталды  күтімнің  (ТПК)  және 

тек  қана  емшекпен  емізу  (ТЕЕ)  бағдарламасын 

қолданады  және  насихаттайды.  ҚПО-да  қаланың 

жүкті,босанушы және босанған әйелдеріне перина-

талды  көмекті  өңірлендірудің  барлық  3  деңгейі  де  

көрсетіледі. Жылдан жылға босану саны неғұрлым 

артуда, егер 2013 жылы  8503 босану болса, ал 2014 

жылы-9155  болды.  ҚПО-ның  қызметкерлері  өзінің 

күнделікті жұмысында емделушілердің түскен күнінен 

бастап  үйіне  шыққан  күніне  дейін  емделушілерге  

босануды жүргізу бойынша,емшекпен емізу бойын-

ша, нәрестелер күтімі бойынша, отбасын жоспарлау 

бойынша тиісті кеңестер беруге көп уақытын бөледі. 

Жыл сайын перинаталдық орталығында 9000-нан аса 

сәби дүниеге келеді, оларға қалалық перинаталдық 

орталығының    білікті  де    мейрімді  медициналық 

қызметкерлері  өз  көмектерін  уақытылы  көрсетеді. 

Қалалық  перинаталдық  орталығының  тиімді  түрде 

жұмыс  істеуіне  заманауи  медициналық  құрал-

жабдықтардың көмегімен  медициналық қызметтер 

көрсетілуде:

- у л ь т р д ы б ы с т ы қ   д и а г н о с т и к а 

аппараты,ультрадыбысты  доплерограф,  кардиото-

кограф,  CIPAP  аппараты,  пулсоксиметрімен  мони-

торлар,  нәрестелерге  арналған  кювездер,  өкпені 

жасанды  желдету  аппараттары  және  т.б.  Қалалық 

перинаталдық орталығында  барлығы 43 дәрігер, 180 

орта буын медициналық  қызметкері жұмыс жасай-

ды. Олардың ішінде: 12 дәрігер - жоғары санатты, 

10 дәрігер - 1-ші санатты, 7дәрігер - 2-ші санатты.  

Орта  буын  медицина  қызметкерінің  85-і    -  жоғары 

санатты,15-і -  1санатты, 7-і  - 2санатты. 

әрине ,біз үшін ең бірінші міндет- ана мен баланың 

өмірін сақтау. ананың амандығы мен  сәбидің дені сау 

болып өмірге келуі-  міне, осы алдымыздағы үлкен 

міндет пен парыз бізді алға жетелейді.


келбет

9

   //    «Жамбыл - Тараз»  //  №14 (1249),  1  сәуір  2015 Жыл   //



g

 Қазақ спортына  еңбегі сіңген тұлға,  жекпе-жек спорт түрлерінен тұңғыш рет 

«КсрО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алған қазақ, самбо күресінен 

122 КсрО спорт шеберін, 8  халықаралық  дәрежедегі  спорт шеберін,  2 КсрО-

ның еңбек сіңірген спорт шеберін тәрбелеп шығарған жерлесіміз – марат Жақыт                                                  

70 жаста. Оның алмас мұсабеков, Нұрбай Жармұхамедов, ағайынды ағайдаровтар 

мен байшолақовтар, сәлкен Жартыбаев, сергей Валобуев, айбатыр махмұтов, 

Нұрғали Оспанов, асқар Жақыт сынды шәкірттері әлем, Еуропа және азия чем-

пионаттарында, КсрО біріншіліктері мен спартакиадаларында топ жарды. алаш 

жұртына аты танылған марат Нұрмұхамедұлы өзінің 70 жылдық мерейтой-

ын киелі Тараз шаһарында атап өтті. Қазақстанның әр өңірінен қазақша күрес 

федерациясының басшылары арнайы келіп құттықтап жатқан сәтте Қр мемлекеттік 

жаттықтырушысы қариялыққа қадам басса да, әлі күнге уақытқа жамбасын 

тигізбеген марғасқа марат ағамен әңгімелесудің реті түсті. 



«ЖамБыл өңІрІндЕ Бағым Жанды»

-    Марат  аға,  күрес  десе 

еңбектеген  баладан  еңкейген 

қариясына дейін ішер асын қаза 

қылатын қазақ жұртына және 

талай  білекті  азаматтарға 

еңбегі сіңген спортшы һәм қыран 

бапкер атандыңыз. Ал осы елеулі 

сәтте сіздің өзіңізді алғаш рет 

спортқа  баулыған  бапкеріңіз 

есіңізде ме?

-    Әрине,  есімде.  Мені  бұл 

спортқа  баулыған  алғашқы 

бапкерім  Петр  Георгиевич                                                          

Терещенко деген азамат еді. Мен  

Семей  облысы  Аякөз  ауданы 

Ақшатау ауылында дүниеге келіп, 

сол ауданға қарасты Мамырсу де-

ген жерде мектепті тәмамдадым. 

Содан  кейін  Алматыдағы  ауыл 

шаруашылығы  институтының 

агроном  факультетіне    оқуға 

түскенмін.  Бапкеріммен  де  сол 

жерде  таныстым.  Бірақ  бәрі 

бірден  бола  қойған  жоқ.  Бізде 

академиялық оқу болды. Басында 

еркін күреске бардым. Үміткерлер 

көп болғандықтан қабылдамады. 

Сол  кезде  институтқа  қайтып 

келсем самбодан Петр Терещенко 

деген  жаттықтырушы  келіп  тұр 

екен.  Бірден  қабылдады.  Солай 

жаттығуды  бастап  кеттім.  Екі 

айдан  кейін  алғаш  рет  жарысқа 

қатыстым.  Онда  68  келі  салмақ 

дәрежесінде бірінші орын алдым. 

Сосын    институт  біріншілігіне 

қатысып, жеңімпаз атандым. Содан 

мені қалалық бірінші санаттағы 

спортшылар арасындағы жарысқа 

қатыстырды.  Ол  кезде  менде 

ешқандай  разряд  жоқ.  Бірақ  өз-   

өзіме деген берік сенім болу ке-

рек, ол жарыста да жеңіске жетіп, 

бірден бірінші разрядқа өттім. Ол 

уақытта  спорттағы мен алған атақ 

«спорт шебері» дегеннен де мықты. 

Соның өзінде спорт шеберлері аз 

еді. Бірінші разрядтағы спортшы 

деген арнайы төсбелгіні кеудеме 

тағып  жүремін.  Мақтаныш  қой. 

Кейінірек  осы  спортпен  талмай 

шұғылданып  жүріп,  Қазақстан 

құрама командасының қатарына 

ендім. Кеңестік кезеңде 103 ауыл 

шаруашылығы  институтының 

арасында  Кеңес  Одағының 

біріншілігі өтеді. Біздің команда 

сондай ірі жарыстарда алғашқы 

үштіктен  шыққан  емес.  Дайын-

далатын  залымыз  тар.  Біріміз 

жаттығып  жатқанда,  біріміз 

дәлізде күтіп тұрамыз. Ыстық су 

атымен жоқ. Бір сөзбен айтқанда 

қиын  жағдайда  өстік.  Сонда  да 

қаншама мықты жігіттер шықты. 

Қазақстан құрама командасының 

жартысы біз болдық. Институтты 

аяқтаған  соң,  бір  жыл  агроном 

болым  жұмыс  істедім.  Агроном 

болып  жүріп  те  дайындықсыз 

қазақстандық финалға қатысқаным 

бар.  Әскерде  Белорусь  елінде 

болдым.  Ол  жақта  да  Белорусь 

чемпионатын жеңдім, спартаки-

адасын  ұттым.  Елге  келгеннен 

кейін,  агрономдық  жұмысымды 

біржола  тастап,  бапкерлікті                                                                           

бастадым. Менің бапкерлігімнен 

тәжірибе  жинақтаған  жігіттер 

қандай деңгейдегі жарыс болмасын 

1-орыннан басқасын менсінбейтін.



-  Жас  кезде  шаңғы  тебуден 

облыс  жеңімпазы  атанып-

сыз? Спорттың бұл түрін неге 

жалғастырмадыңыз?

-    Рас,  мен  ес  білгеннен  бері  

осы спортпен шұғылданатынмын. 

Шаңғымен  жарысуда  аудандық, 

өзің айтып отырғандай облыстық 

жарыстарда алдыма жан салмай-

тынмын. Тек оқуға түскен кезде 

институтта ондай спорт үйірмесі 

болмады. Оның үстінде күні бойы 

тауда жүруің керек. Оқу кезінде 

оған уақыт та, мүмкіндік те жоқ. 

Сондықтан бұл құштарлығымның 

ғұмыры қысқа болып қала берді...

-  Түсінікті.  Сіз  1971  жылы 

Жамбыл  өңіріне  алғаш  келген 

кезде, өңірдегі күрестің деңгейі 

қандай еді?

-    Әскерден  кейін  мен  бірден 

Әулиеатаға  келдім.  Ол  уақытта 

еркін күрестен санаулы үйірмелер 

болды.  Бірақ  күрестің  басқа 

түрлерінен,  әсіресе  самбодан 

үйірме  болмады.  Мен  келген-

нен  кейін,  жігіттермен  бірлесіп 

самбодан  үйірме  аштық.  КСРО 

құрамасына  қарасты  ауыл 

спортының  16  жыл  бас  бапкері 

және  Қазақстанның,  Жамбыл 

облысының бапкері болдым. Осы 

өлкеден  бағымыз  жанып,  спорт 

саласында жұмыс істедім. Бір айта 

кетерлігі менде «физкультурник» 

деген  мамандық  болған  емес. 

Бірақ адамның талабы ештеңеге 

қарамайды екен. 

-  Шәкірттеріңіздің барлығын 

балаңыздай көресіз. Олар да сізді 

әкелерінен  артық  санайтын 

болар...

-    Шүкір!  Шәкірттерімнің 

барлығы  осал  емес.  Алды  өз 

күштерімен  әлем  кубогтарын 

иеленді.  Жекелеп  айта  берсем, 

жуық  арада  әңгімем  аяқталмас. 

Ке й б і р і   б ү г і н д е   а л п ы с т ы 

алқымдады.  Қатты  ұрсатын 

кездерім де болады. Оның барлығы 

жаман  болмасын,  өссін,  өнсін 

деп  өзімсінгендіктен  ғой.  Олар 

да  мені  түсінеді.  Мен  өзім  жас 

кезімде  самбо  күресінің  негізін 

салған    Анатолий  Аркадьевич 

Харлампиевтің  қол  астында  үш 

жыл  дайындалғанмын.  Өзімнің 

айтып кеткен алғашқы бапкерім 

де  байсалды,  көп  ізденетін  жан 

еді. Белорусь елінің де мектебінен 

өттім. Мықтылардың мықтылығын 

үйрендім.  Бапкерлік  те  адамға 

құдайдан беріледі. Әйтпесе мен 

«физкультура» тұрмақ «физионо-

мия» мен «анатомияны» оқыған 

адам емеспін. Бапкер ретінде менің 

өз дайындау тәсілім бар. Мен үшін 

спортшының қандай болуы тікелей 

бапкерге байланысты. 



-    Аға,  сіз    бағындырған                              

белестер  аз  емес.  Бірақ  өзіңіз 

үшін әсер қалдырған естен кет-

пес жекпе-жек?

-  Мен ең бірінші Қазақстанда 

Биткожиев  деген  азаматпен 

күрескем.  Кіммен  күресем  деп 

өзімше  жасқанып  жүргенде 

бапкерім «ой бір ауылдың бала-

сы» келді деп жұбатып тастады. 

Екі  кезеңде  өзімнің  бар  білетін 

жамбасқа салу тәсілін қолданып 

ұпай санымен алға шықтым. 3:0  

болса, айқын басымдылық болады. 

Бірақ  үшінші  кезеңде  ол  арқаға 

салып, мені жеңіп кетті. Ол кезде 

ондай  тәсілді  білмейді  екенмін 

(Күлді). Алты айдан кейін екеуміз 

Қазақстан  финалында  тағы  да 

кездестік. Ол кезде мен жеңіске 

жеттім. Содан екеуміз дос болып 

кеттік. Осы жекпе-жек әлі күнге 

менің есімнен кетпейді. 



-  Бүгінгі таңда қазақ күресі 

шетелдік  балуандардың  да 

қызығушылығына бөленіп үлгерді. 

Қазақ күресінің де насихатталу 

шеңбері  кеңейді.  Жалпы,  қай 

мемлекеттің балуандары біздің 

басты қарсыласымыз болады деп 

ойлайсыз?

-    Біздің  қарсыластарымыз 

Моңғолдың балуандары. Олар дзю-

додан да, самбодан да шебер күресе 

біледі. Бір сөзбен айтқанда спорт-

шылары әмбебап. Олардың тізесіне 

түссең,  жеңіліп  қаласың.  Бұған 

қоса өзбектер мен қырғыздардың, 

тәжіктердің  балуандары  да  осал 

емес.  Ресейдің  жуан  білектілері 

бүгінде  бізбен  тайталасқа  түсіп 

жүр. Грузия мен Иранның күресі 

де біздікіне өте ұқсас. Бізбен бірдей 

боз кілемде тайталасқа түсе алады. 

Дзюдодан жапондықтар мен Корей 

балуандары  да  оңай  шағылатын 

жаңғақ емес...

-  Күрестегі  спортшылардың 

арасында «Жамбылдық әдіс» деген 

бар. Бұл қандай тәсіл?

-  Бұрын бұл әдіс болмаған. Оны 

мен  өзім  Жамбылда  жүргенде 

ойлап  шығарғанмын(Күлді).Бұл 

негізі  бастан  асырып  лақтыру 

әдісі.  Бұрынырақта  арқадан 

ұстап  лақтырушы  едік.  Кейін 

қарсыластың бір қолын орап алып, 

екінші  қолмен  белбеуден  ұстап 

айналдырып  жіберетін  болдық. 

Оны әркім өз мүмкіндігіне қарай 

іске  асырады.  Ерекшелігі,  кез 

келген жағдайда қолдануға бола-

ды.    Әсіресе,  Алмас  Мұсабеков 

осыны партерде жақсы жасайтын. 

Қарсыласын төрт тағандатып алады 

да,  шыр  айналдырып  аунатады. 

Самбодан жастар арасында әлем 

чемпионы  Нұрғали  Оспанов  де-

ген  бала  жақсы  жасайтын.  Мей-

рамбек,  Манарбек,  Манас  атты  

ағайынды Ағайдаровтар керемет 

жасап  үйренді.  Манарбек  осы 

әдіспен КСРО ауыл спартакиада-

сын ұтты. Мейрамбек студенттер 

арасында екінші орын алды. Бұл 

әдісті толық игерген балуан қарсы 

әдіске ешқашан түспейді. Қазіргі 

таңда қолданыста бар. Ережеге сай. 

Үйреткенде де «Жамбылдық әдіс» 

деп қолданылады.

-    Аға,  жалпы  ер  азамат  еш 

уақытта көз жасын көрсетпеу 

керек  дейді.  Бірақ,  жеңімпаз 

атанған  спортшыларымыздың 

тебіреністен  көз  жасына  ерік 

беретінін байқаймыз. Бұл әсердің 

құдіретін қалай түсіндіріп бере 

аласыз?

-    Франция  мемлекетінде 

үлкен  жарыс  өтіп,  оған  бір 

шәкіртім қатысқан болатын. Сол                                                                                

жарыста ол жеңіске жетіп, Париждің 

төрінде қазақтың әнұраны ойналып 

жатқанда,  Ресейдің  қақ  төрінде 

тағы бір шәкіртім жеңіп, қазақтың 

туы көкке көтерілгенде, бұл әсерді 

басымнан  кешірдім.  Бұл  деген 

үлкен  қуаныш,  бақыт.  Спортшы 

үшін  нағыз  бақыттың  әсері  деп 

ойлаймын.

-  Бапкер үшін ең керегі не?

-  Бір жерде тоқтап қалмай іздену 

керек. Тәртіп болу қажет. Бапкердің 

әрбір  іс-қимылы,  жүріс-тұрысы, 

қабілеті тәрбиеленушіге әсер етеді.  

Екіншіден, балалармен тіл табысу 

да маңызды. Кезінде талай бұзық 

балаларды да спортқа баулып, елі 

мен жерін сүйуге, ұлттың намы-

сын биік қоюға үйреттік. Сол үшін 

бапкердің  осы  қасиеттері  басты 

орында тұру керек. 



-     З а м а н д а с т а р ы ң ы з , 

шәкірттеріңіз  сізді  «Күрестің 

академигі»  деп  құрметтейді. 

Қазақ күресінің болашағы жөнінде 

бір ауыз сөз айтсаңыз?

-  Келешекте біз Қазақ күресін 

Азия  ойындарының  қатарына 

қоссақ дейміз. Оның ішінде елу-

ден  аса  мемлекет  бар.  Осы  ой-

арманымыз  орындалса,  Қазақ 

күресі  қанатын  кеңге  серпиді. 

Арман  Шораев  деген  азаматтың 

бастамасымен «Қазақстан Барысы» 

жобасы жүзеге асуда. Бұл бағытта 

қарқынды  жұмыстар  жасалып 

жатыр. Бір сөзбен айтқанда Қазақ 

күресінің болашағы өте зор!

-  Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ

Марат Жақыт:


тіршілік

10

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №15 (1250),  8  СӘуІР  2015 ЖЫЛ 



g

 Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында телеарналардан 

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің соғыс 

жылдарында көрсеткен еңбектерін құрметтеп, оларға Елба-

сы, Үкімет және жастар тарапынан үлкен ілтипат көрсетіліп 

жатқанын көрген сайын әкем Тәліпбек сапарбековты жиі есіме 

аламын. әкемді олардың қатарынан көре алмағаным жаныма 

қатты батып, сағынып жүрегім елжірейді ... 



өшпЕйдІ ІзІң, әКЕ!

Әкем  айтып  отырушы  еді: 

«Тәрбиенің жақсысы- ақыл айту 

емес, үлгі көрсету» деп.  Ол өзінен 

өрбіген  11  бала,  25  немере,  37 

шөбереге ғана тәрбие берген жоқ. 

Неге  десеңіз,  әкем  өмірінің  46 

жылын білім беру саласына арна-

ды. Өмірінің соңына дейін Тараз 

қаласының қоғамдық өміріне бел-

сене араласып кетті.Тараз қаласы 

әкімі  жанындағы  ардагерлер 

және  ақсақалдар кеңесінің белді 

де  белсенді  мүшесі  болды.  Өзі 

тұратын  №3  округтегі  қазыналы 

қариялардың  көшбасшысы,  

қалалық  ардагерлер  кеңесінің 

президиум мүшесі, пленум мүшесі, 

Тараз  қалалық  әкімшілігі  жаны-

нан  құрылған  ақсақалдар  алқа 

мүшесі,«Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық  филиалы  жанындағы 

ауыл жастары қанатына барынша 

көмек көрсетті. Өмірінің 46 жылын 

білім саласына арнаған абзал жан 

көкірегіне түйгенін, көргенін жас 

ұрпаққа үйретуден жалыққан емес.  

Еңбек  жолын 1942 жылдан 1945 

жылға дейін Жамбыл ауданының  

«Октябрь  жемісі»  колхозында 

бригадир, тізімдеуші және колхоз 

басқармасының  мүшесі  болып 

жұмыс  істеді.  1947  жылы  Жам-

был қаласындағы педагогикалық 

у ч и л и щ е с і н   т ә м а м д а п , 

1947  жылдың  20  қазанынан                                        

бастап  Билікөл  совхозының  №3 

фермасындағы  бастауыш  мек-

теп  меңгерушісі  блып  қызмет 

етті.  1955  жылдан  1963  жылға 

дейін  «Чапаев»  колхозындағы 

«Амантүбек»  орта  мектебінде, 

содан  кейін  «Тоғызтарау»  орта 

мектебінде мұғалім болып істедім. 

1963 жылдың 20 тамызынан бастап 

екінші тың аталған малшылардың 

балаларына ашылған Мойынқұм 

мал жайылымындағы «Елқаттаған» 

мектеп-интернатында1993 жылға 

дейін  мектеп  директоры  болып 

қызмет  етті.  Әкемнің  білімгер 

кезіндегі  ғылыми  еңбектеріне 

талай  ғалымдар,  оның  ішінде 

академик Қаратай Мұхаметжанов 

тәнті  болып,  ғылым  жолын 

қуғанын  қалаған  екен.  Алайда, 

еңбекке  етене  араласып  кеткен 

әкетайымның  сол  кезде  9  ба-

ласы  болғандықтан,  ғылыммен 

айналысуды  кейінге  қалдырса 

керек.Жастарды  тәрбиелеуде 

өмірлік ұстанымын ту етіп, облыс 

орталығындағы екі жоғарғы  және 

екі арнаулы  орта білім орындары  

мен  алты орта мектепте жиі бо-

лып, білімгерлер мен оқушыларға 

лекция  оқып  жүрді.  Қаладағы 

орта мектептердің қазақ тілі мен 

әдебиет пәні мұғалімдеріне сабақ 

берудің  озық  үлгілерін  (мастер-

класс)  көрсетуден  жалықпаған. 

Әкемнің «пешенесіне жазылған» 

анамыз Күлсін әкемізді баласын-

дай мәпелеп, баптап, қас-қабағына 

қарап, нағыз отағасын сыйлаудың 

өнегесін  65  жыл  көрсетіп  келді. 

Әкем айтып отырушы еді: «Білімді 

іздесең табасың, тәрбиені көрсең 

аласың.  Ал  тектілік  дейтін  асыл 

ұғым сатылмайды да, айырбасқа 

жүрмейді,  қанға  сіңген  жақсы 

қасиеттер,  қанға  беріледі»  деп. 

Осындай  асыл  арманы,  мақсат-

мүддесі орындалған жақсылардың-

берекесі  мен  бірлігі  жарасқан, 

шаңырағы шаттықтың думанына 

айналған, ынтымағы жарасымды 

бесікте тербелген отбасының алтын 

қазығы  болған  әкем  Тәліпбектің 

төбесі  көрінсе,  жамбылдық 

жұртшылық  төрге шығаратын еді. 

Кемеліне келген шағында жұртты 

сөзіне  ұйытып,  «түбін  білмеген, 

түгін білмейді»демекші, үлкен бір 

атаның шежіресін тереңдеп талдап, 

«Шымыр  ата»  шежіресін  жазып 

беріп кетті, «Шымыр ата қорын» 

құрды.  Бұл еңбекті ол сонау жас 

кезінен  бастап  мәлімет  жинап, 

45  жыл  бойы  осы  тақырыппен 

жұмыс істеп, нәтижесін ұрпағына, 

халыққа  алтын  қазынадай  мұра 

етіп  қалдырды.Бұл  кітаптан 

«Екі  мың  жылда  қанша  ұрпақ 

өседі?  Қазақ  халқы  руды  неге 

зерделеген,  Баталардың түрлері, 

Ұлықпан Хакімнің Әзиз перзентіне 

айтқан жүз насихаты, Жыл атта-

ры  және  жыл  қайтару»  сияқты 

тақырыппен  берілген  танымдық 

және  ғибраттық  материалдар 

өскелең  ұрпақтың  зердесіне 

шым-шымдап  енсе  ұтарымыз 

көп  болар.  Тараз  қаласындағы 

қазіргі  «Асыл  әже»  халықтық 

ансамблін алғаш ұйымдастырған 

әкем.  Ал  анам  Күлсін  оның 

бишісі  болған.  Анамның    сол 

ансамбльдің сүйемелдеуімен би-

леп  тұрған  сәті  облыстық  «Ақ 

жол»  газетінде  бейнеленген. 

 

„



ЖД -158/2 мекемесінде «Терроризм және 

діни экстремизм » тақырыбындағы  және 

«Діни қызмет және діни  ілестер туралы » 

Қр заның түсіндіру туралы семинар  кеңес  

болып  өтті. 

Жиын тақырыбы – дін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет