VІ. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға теңге туралы қысқа- қысқа мәтіндер беріледі.
Оқушылардың әрекеті: оқиды, талдайды, талқылайды, бір- біріне сұрақтар қояды, өз ойларын айтады
2.топ: « Доллор» Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы (Абай, Сүйінбай, Құрманғазы, Әл- Фараби, Әбілхайыр хан, Шоқан Уалиханов т.б.) тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған
3.топ: «Евро» 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.