Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
5
ТАРИХ – ИСТОРИЯ – HISTORY
ӘОЖ 378:001
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР: БАРЫСЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
Ж.Б. Аширбекова, т. ғ. к., доцент
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылым
жүйесіндегі реформалар және олардың барысы, нәтижелері туралы мәселе қозғалады.
Жаһандану жағдайындағы білім беру саласындағы ауқымды өзгерістер заңнамалық
нормативтік құжаттары негізінде дәлелді тұжырымдармен дәйектелген. Қазіргі заман
талабына сай педагог рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған
әдіснамалық,
зерттеушілік,
дидактикалық-әдістемелік,
әлеуметтік
тұлғалы,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдіреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуын жан-жақты талдаған. Қазақстандағы білім,
ғылым саласындағы реформалар жаңа ұлттық үлгіні құруға негізделгендігін және
мақсатын ерекше атап өткен.
Түйін сөздер: білім беру жүйесі, реформа, жаңа формация, педагог, құзыреттілік.
Қазақстан Республикасының жаһандану үдерісіндегі орны мен рөлінің өсуі,
еліміздің дамыған мемлекеттермен қатар үлкен әлемдік сайыстарға араласуы Тәуелсіз
Қазақстанның жаңа әлемдік белестерді бағындыра алатындығын дәлелдейді. Жаһандану
жағдайындағы ауқымды өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізді. Білім беру
– Қазақстан-2050 стратегиясының маңызды басылымдарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев елімізді бәсекеге барынша
қабілетті 30 елдің қатарында көріну туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесі
осы ел алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізуде маңызды саяси рөл
атқарды. Егер халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, адами капиталдан білім беруге
бөлінетін инвестицияның экономикаға, қоғамға елеулі қайтарылымы болатыны
дәлелденіп отыр.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп
– үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы
ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру
сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлексияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-
әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа
құдіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық
жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
6
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында
жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері
туындап отыр.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге бет алуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен
меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде мәселенің шешімін таба алатын,
ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби
икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін» үнемі
оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Осыған
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен
бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен
жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде
берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне
байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім
беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір
әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну
– қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының 12 жылдық
білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін
қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог
төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Білім саясатындағы
түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет
екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге
үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық
қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі
заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім –
қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің
жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы
күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер
бар: макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің,
табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр.
Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті
дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Қазақстан Республикасында ел
басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп,
білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
7
көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып
отыр.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары»
бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Дарынды
жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске
асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды [2]. Қазақстан
қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі
халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – жалпыға бірдей адам
құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде
жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон
декларациясы және т.б. Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Білім
беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен
мақсаттар бар. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты
жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар
жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш
деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – PhD докторы. Мамандықтардың
ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді. Тәуелсіз сыртқы бағалау
элементтерін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық
бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ),
талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі
құрылды [3]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы
«Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім
беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсетті.
Әлемдік білім кеңістігіне енуге жасалған алғашқы қадамдардың бірі: 12 жылдық білім
беруге көшу және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» болып отыр. Бағдарламада орта білім
берудің мақсаты мен міндеттері айқындалған [4]. Мақсаты: Жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі дамыған және рухани
жетілген азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттігін қанағаттандыру. Еліміздің экономикалық игіліктері үшін
бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. Жалпы, Қазақстанның білім жүйесіндегі
өзгерістердің басты мақсаты – әлемдік білім жүйесіне интеграциялану және елімізде
қабылданған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жобаларының сұранысына
сәйкес мамандар дайындау. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру
бағдарламасын қабылдаумен басталған бұл өзгерістердің басты ерекшелігі – кешенділігі.
Біріншіден, құрылымдық өзгерістер білім жүйесінің барлық салаларын қамтуда.
Жаңғырту үдерісі балабақшадан докторантураға дейінгі барлық салада жүзеге асуда.
Және де әрбір саланың ішкі құрылымы да өзгерістерге ұшырады. Орта білім беру
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
8
саласында бейіндік және Назарбаев мектептері, техникалық және кәсіптік білім беру
саласында әлемдік деңгейдегі колледждер, жоғары білім саласында зерттеу
университеттері – барлығы күрделі құрылымдық өзгерістердің басталғандығын
көрсетеді. Екіншіден, институционалдық өзгерістер, яғни білім кеңістігінде барлық
субъектілердің қызмет жасау ережелеріне өзгерістер енгізілді [5]. Мысалы, «Ғылым
туралы» заң ғылымды қаржыландыру жүйесіне жаңа ережелер енгізсе, ал мұғалімдердің
білімін көтеру саласында ваучерлік жүйе қабылданды. Тек қана «Білім туралы» заңға
енгізілген толықтырулар мен өзгерістер білім саласына 200-ден астам жаңалық алып
келді. Үшіншіден, мазмұндық өзгерістерге жол ашылды. Назарбаев мектептері негізінде
құрылып жатқан педагогикалық шеберлікті жетілдіру орталықтарының негізгі мақсаты –
білім сапасын көтеру. Сонымен бірге, электрондық оқыту «E-learning» бағдарламасы
тұжырымдалып, пилоттық жоба ретінде жүзеге аса бастады. Ал енді жоғары білім
саласында оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының
академиялық еркіндігі кеңейтілді. Төртіншіден, осы өзгерістердің барлығының
қаншалықты дәрежеде орындалуына бақылауды күшейту үшін ұлттық бағалау жүйесі
ұйымдастырылуда [6].
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың 15 қазанында ҚазМҰУ-дің
ғалым-ұстаздары және студент-жастарымен болған кездесуінде оқыған «Қазақстан
дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты дәрісінде: «Біз
дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз,
инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ біз экономикасы тұрақты дамыған
елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын
бізге ешкім де әншейін бере салмайды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға
және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет. Біздің ендігі
міндет – қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге,
Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту», – деген еді. Сондай-ақ
бұл мақсатта мемлекет тарапынан «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасы жүзеге
асырылып жатқанын атап айтуымыз керек [7]. Аталмыш жобада қазақстандық
интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудың негізгі үш аспектісі: яғни, Қазақстанның білім
беру жүйесінде серпіліс жасау; ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін
арттыру; инновация жүйесін дамыту аспектілері қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда
қазақстандық интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда шет елдердің атақты жоғары оқу
орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан білімді жастарға,
еліміздегі зияткерлік мектептердің оқушылары мен «Назарбаев университеті»
студенттеріне үлкен сенім артылуда. Елбасының тікелей бастамасымен құрылған
зияткерлік мектептердің жұмыс істеп жатқанына үш жылдан астам уақыт болды.
Мектептер желісі өз жұмысын бастағалы бері 13 000-нан астам балалар тестіленіп,
қазіргі таңда ауқымды жобаның аясында ашылған алты мектепте төрт мыңнан астам жас
буын білім алуда. Осы уақыт ішінде зияткерлік мектептерге «Мұрагер», «Зерде»,
Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебі, Астана, Талдықорған
және басқа қалалардағы алдыңғы қатарлы білім ұяларынан үздік оқушылар ауысып
жатыр [8].
Тәуелсіздік жылдары еліміздің жоғары білім жүйесінде көптеген реформалар
жүзеге асырылды. Бұл біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүниежүзілік тәжірибеде бар
нәрсе. Мұның ең бірінші себебі – жоғары білім алуға ұмтылғандар көбейді. Жоғары
білім бүкіл қоғамға керекті болғаннан кейін оған қойылатын талаптар да өсті. Екіншіден,
бұрын жоғары білім беру мәселесінде әр мемлекеттің өзінің ішкі саясаты болатын. Қазір
заман өзгеріп, жаһанданудың әсерінен тек экономикалық қана емес, білім беру жүйесінің
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
9
де бір-бірімен байланысы күшейді. Бұл жоғары білім беру сапасын жақсартуға,
дамытуға, жетілдіруге міндеттейді. Қазақстанда байқалған өзіндік ерекшеліктерді ескере
отырып, тәуелсіз еліміздің жоғары білім беру жүйесінде жүргізілген реформаларды
шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсетеміз:
Бірінші кезең (1991–1998 жж.). Егемен ел ретінде жоғары білімнің заңдылық және
нормативті-құқықтық базасының қалыптаса бастауы, сондай-ақ жоғары білім жүйесін
жетілдіріп, оның мазмұнын жаңарту;
Екінші кезең (1999–2005 жж.). Білімді басқару мен қаржыландырудағы орталық
мекемелердің кейбір міндеттерін жергілікті мекемелерге тапсыруы, білім ұжымдарының
академиялық бостандықтарының кеңеюі.
Үшінші кезең (2005 жылдан бері). Жоғары кәсіби білім жүйесінің стратегиялық
дамуы.
Ал енді осы көрсетілген кезеңдердің өзіндік ерекшеліктері мен негіздемелеріне
тоқталсақ. Оны былайша сипаттауға болады: алғашқы кезеңнің негізгі міндеті егемен
елдің кадрлар дайындаудағы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, нарықтық экономика,
облыстар мен аймақтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жоғары оқу
орындары жүйесі мен жоғары білімнің мамандықтарын жаңарту болды. Бұл кезеңде
жүргізілген шаралардың заңдылық тұрғыдан Қазақстан Республикасының «Жоғары
білім туралы» (1993 ж.) Заңымен нақтыланды. 1994 жылы ҚР жоғары білімнің
Мемлекеттік стандарты бекітіліп, елдегі жоғары білім берудің көпсатылы деңгейі,
академиялық бакалавр және магистр академиялық дәрежелері құрылысы анықталды.
Сонымен бірге бұл кезең жоғары білім жүйесінің дамуын тұжырымдамалық анықтаумен
сипатталады. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат
Тұжырымдамасынан, жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативті-
құқықтық ережелерінің қабылдануынан көрінді. 1995–1997 жылдары жоғары кәсіби
білімнің 310 мамандығы бойынша алғашқы қазақстандық білім стандарты қабылданды.
1996 жылы 342 мамандықты қарастырған республикадағы жоғары білім мамандықтары
жүйесінің жаңа редакциясы бекітіліп, білім берудің мемлекеттік емес саласы белсенді
даму алды. Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басқару жүйесіндегі орталық
мекемелерінің кейбір міндеттерін жергілікті мекемелерге тапсыру шынайы түрде
жүргізілді. Жоғары оқу орындарына қабылдау принципі түбегейлі өзгеріске түсіп,
жоғары кәсіби білікті мамандарды мемлекеттік білім тапсырысы негізінде дайындауға
көшу жүзеге асты. 1999 жылдан бастап талапкерлерге конкурстық негізде мемлекеттік
білім гранттары мен кредиттерін беру арқылы жоғары оқу орындарының студенттері
құрамын құрудың жаңа үлгісі енгізілді. Осы кезде жоғары білім беру жүйесі жаңа «Білім
туралы» (1999 ж.) Заң аясында кеңінен дамып, республикадағы жоғары оқу
орындарының қызметін реттейтін аса маңызды нормативті құжаттар қабылданды.
Бірыңғай еуропалық білім аясына тартылу мүддесінде барлық жоғары оқу орындарында
кредиттік жүйеде білім беру жүйесі жүзеге аса бастады. Ал 2005 жылдан басталатын
соңғы кезеңде ХХІ ғасырдағы жоғары кәсіби білімнің қарқынды дамуының негізгі
бағыттары анықталды және бұл үрдіс қазіргі кезде одан әрі жалғасуда.
Осы заманғы бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мен жоғары білім беру ісін
дамыту ең алдымен еліміздегі жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық
қуаттылығына байланысты. Республика жоғары оқу орындарындағы профессор-
оқытушылар қатарының өсіп шығуы, олардың кәсіби шеберлігінің артуы мәселелері
әрқашанда жоғары мектеп саласындағы саясаттың ажырамайтын бөлігі болып табылды.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
10
Соңғы кезде Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі
дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,
жоғары оқу орындарында үш сатылы білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ол бакалавриат-магистратура-докторантура. Бакалавриат жүйесіне көшу негізінен
аяқталған. Оған қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар, жаңа бейіндер, оқу
стандарттары, бағдарламалары жоғары оқу орындарында дайындалған. Жоғары оқу
орындарында 4 жылдық бакалавриаттан кейін 2 жылдық магистрлік бағдарламасын
жүзеге асыру көзделген. Оны бітіргендерге жоғары білімді мамандық бойынша диплом
беріледі. Ал 2005 жылдан бастап, тұңғыш рет доктор дайындау бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс
өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен
ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институты, Ғарыштық зерттеу, Механика және
машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық мәселелерді зерттеу және тағы
басқа да институттар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Инженерлік
академиясы жұмыс жасаса, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық
академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелерді тағайындау және ғылыми
атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика
Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.
Бұл өз кезегінде ғылымның одан әрі дамуына, оның нарықтық қатынастар
процесіне қосатын үлесін арттырып, республика алдында тұрған шұғыл әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси проблемаларды шешуге елеуі әсер етуде. Яғни,
интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды
міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық
жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға:
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары»
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен
бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген)
жатады. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды
кәсіби қалыптастырудың тиімділігі теориялық тұрғыда негізделіп, оны пайдаланудың
ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда олардың кәсіби қалыптастыру деңгейі
жоғарылайды, өйткені жоғары оқу орындарында әр маманның білім беруге деген
қызығушылығы артып, бағдарлылық, жүйелілік, инновациялық және іс-әрекеттік
аспектілері жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің
ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына, оның ішінде жоғары оқу орындарында
білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әртүрлі болжамдардың сан
алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту
үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты
шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көптүрлілігімен ерекшеленетінін
мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды
дамыту аясында жүзеге асырылып отыр. Жоғары оқу орнының басты мақсаты – алдыңғы
қатарлы жастарды тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-
өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жоғары білім – маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға
қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері – әлемдік
білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім беру, кәсіби қалыптастырудың сапасын
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
11
жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылым-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту.
Сонымен қатар, педагогикалық оқытудың әдістері мен түрлерін ұйымдастыруды өзгерту,
ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның
сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру
үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық,
рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті
көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу
нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттейді.
Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару
Н. Асанов, Ш.Т. Таубаева, С.С. Хасенов, Е.Ш. Қозыбаев, жалпы орта білім беру
жүйесіндегі мектепті басқару Н.А. Әбішев, К.Д. Қарақұлов, экономикалық білім беруді
басқару Қ.Ж. Аганина, А.М. Мүсілімов, Г.Т. Хайруллин [9] және тағы басқа
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым,
профессор Н. Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім
беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты
бір бөлек қызмет», – деп көрсетеді [10]. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін
ақпараттандыру телекомуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал
білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және
дамыту арқылы шешіледі. Олар: ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету
процесін жоғары деңгейге жеткізу; жасалынған және дамып келе жатқан
телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте
интеграциялау; біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен
алмасуды қамтамасыз ету; білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, қашықтықтан
оқытудың мүмкіндігін жасау. Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім
беру қызметкерлерінің біліктілік ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Қоғамды
ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім
беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып
табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің
біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-
коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық
курстарын ұйымдастыруымыз қажет. Қазақстанда білім беру реформасын жүргізудің
алғышарттары біржақты бағаланбайды. Бір жағынан, білім беру әдістемесі мен оқытушы
кадрларды даярлау деңгейі тұрғысынан бұрынғы кеңестік мектептің базалық негіздері
сақталған. Оның өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қазақстан ел сыртына
немесе қоғамдық өндірістің басқа сферасына ғылымда және білімдегі талантты
кадрлардың «ағып кету» кезеңінен сүрінбей өтті. Бірақ, оқытушы кадрлардың «алтын
қоры» баяғыдай көп емес, соған байланысты кеңестік іргелі білімнің жағымды жақтарын
«Болондық процесте» бекітілген білім алудың жаңа технологиясын шығармашылық
негізде біріктіруге қабілетті жоғары мектептің жоғары маманданған оқытушыларын
даярлау мәселесінің өзектілігі арта түседі. Білім беру саласындағы инновацияны жасау,
игеру және тарату – жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
12
тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының
жаhандық жүйесі. Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау
саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл
жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Халықаралық
адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы Декларациясы,
Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Қазіргі таңда білім беру жүйесін
дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2050 жылға дейін білімді дамыту
стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты –
дүниежүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия
елдерінің тарихы жайындағы ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүниетанымдық
синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын жоғары
білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Осылайша Қазақстанда білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге асырылып, білім
беруді одан әрі дамыту мен реформалаудың стратегиялық мақсаты мен басты бағытын
анықтауға, оның жаңа ұлттық үлгісін құруға негіз берді.
Достарыңызбен бөлісу: |