ТҮЙІНДЕМЕ
Сыздықова С. М., 2 курс магистранты
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)
Әлеуметтік мемлекет: әлеуметтік саясаттың негізгі механизмі ретінде
Автор мақалада әлеуметтік саясаттың басты механизмі ретінде әлеуметтік
мемлекеттің анықтамасын жан-жақты қарастырған. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен даму мәселесіне де баса
назар аударған.
Түйін сөздер: мемлекет, әлеуметтік саясат, Қазақстандағы әлеуметтік саясатты
жақсарту мәселесі, әлеуметтік жағдай.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
249
РЕЗЮМЕ
Сыздыкова С. М., магистрант 2 курса
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Социальная государства: как основной механизм социальной политики
Автор в статье всесторонне раскрывает определение «социальное государство», как
основной механизм социальной политики государства. Также, рассматривает проблемы
становления и развития социального государства в Республике Казахстан.
Ключевые слова: государства, социальная политика, улучшение состояние
социальной политики Республики Казахстан, социальные проблемы.
ӘОЖ 316.36:314(574)
ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАНЫМ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М. С. Туленова, магистрант
(Алматы қ.,Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада отбасындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу
жолдары талданған. Әлеуметтік ортаның адамдармен қарым-қатынасындағы даму
динамикасы зерттелген. Автор жеке тұлғаның әлеуметтану процесіне отбасының
қайшылықты ықпалы бар екендігін зерттеген.
Түйін сөздер: Отбасы, әлеуметтану, отбасы саясаты, қоғам, адам, заң, қазіргі кезең,
әлеуметтік орта, жаһандану, саяси өзгеріс, мемлекет, субъект.
Отбасы – қоғамның әлеуметтік бір саласы, адам баласының түп қазығы, алтын
ұясы. Энциклопедиялық сөздіктерге жүгінсек, отбасының теориялық түрде берілген
анықтамасы: «мүшелері тұрмыстық бірлігімен, өзара көмегіменен моральдық және
құқықтық жауапкершілікпен байланысқан некеге немесе туысқандыққа негізделген
шағын топ» деген анықтама берілген. Кез келген адамның субъект ретінде қалыптасуына
отбасының ықпалы ерекше. Қоғамда отбасы маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет
өз елінің отбасы саясатын қалыптастыруда. Тәуелсіз Қазақстан әлеуметтік құқықтық
мемлекет болғандықтан отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру
бүгінде әлеуметтану ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр [1]. Отбасы
саясаты кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас құрамдас бір бөлігі
болып табылады. Әлеуметтік орта адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен
тұрақты байланыста болатын, олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-
әрекеттерінің қоғамдық жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі.
Қазіргі кезеңде еліміздің алдыменен экономика, одан кейін саясат деген даму
қағидаттарынан кейін әлеуметтік мәселелерді шешудің қажеттілігі алдыңғы орынға
шығып отыр.
Бүгінде отбасының қоғамдағы орны мен рөлі, жеке тұлғаның қалыптасуындағы
ықпалы жете зерттелуі тиіс. Алайда қазіргі күні отбасының адам өміріндегі орны, қоғам
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
250
дамуына тигізетін әсері толыққанды анықталмай отыр. Осы мақсатта бұл мәселеге
әлеуметтанулық
тұрғыдан
зерттеу
жүргізіліп,
оның
практикалық
жақтары
тұжырымдалуы тиіс. Отбасын құру – ата-анасының алдында ғана емес, қоғамның
алдында екі адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Ол бір уақытта қоғамның басқа да
институттарыменен және барлық қоғамдық қызмет салаларыменен тығыз байланыста
өмір сүреді.
Саяси әлеуметтану ең алдыменен отбасы арқылы жүзеге асырылады. Отбасы
арқылы әрбір индивид тәрбие, үлгі-өнеге алады, жеке құндылықтарды өз бойында
қалыптастырады. Халықтың ұдайы өндіріс жүйесі жөніндегі көзқарасы бойынша отбасы
әлеуметтік саясаттың бастапқы буыны болып есептелінетін болғандықтан қоғам дамыған
әлеуметтік қарама-қайшылықтары жоқ қоғамда отбасы да жақсы қалыптасып
өркендейтіні белгілі. Адамның жанұясыз өмір сүруі барлық қоғамдық мән мен
ұстанымдардың айырылуына әкеп соқтырады. Егер отбасы өз дамуынан артта қалса,
қоғам да артта қалады. Жаһандану жағдайындағы көптеген өзгерістер мен жаңалықтар
еліміздің отбасы саясатының да түбегейлі өзгеруіне өз әсерін тигізді. Отбасы – өзі бір
қайнап жатқан әлем. Өзіндік көкейкесті мәселелері, түйінін тарқатуды талап ететін
толғақты мәселелері бір адамға жетерлік.
Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, отбасының қалыптасқан тарихы б.з.б. он
тоғызыншы ғасырдағы Рилз және Ле Пле ғалымдары зерттеп, сол кезден бастап пайда
болған. Отбасы әлеуметтануы дегеніміз толық отбасы, туыстық және неке
қатынастарына негізделген адамдардың шағын тобы. Ерлі-зайыпты адамдардың
арасындағы қатынастар: некелесу, үйлену, тұрмысқа шығу, алуан түрлі тәртіп
бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп
отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды
реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың
жиынтығын белгілейді [2]. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен
ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді
бұзушылыққа еліміздің түкпір-түкпірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады.
Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі діни наным айырмашылықтарына,
көзқарастарға байланысты болып келеді. Отбасының әлеуметтік институт ретінде
қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне
байланысты өзгеріп отырады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау
оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді, қоғамның некелік
қатынастарға, тұрмыс-салтына қарай әсер ететінін, әртүрлі әлеуметтік, саяси-
экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құндылықтары қалай
ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп
отыратынын айтуға болады. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылықтарды
шешу жолдарын қарастыру.
Көптеген зерттеулер тірлік пен жұмыстың арасындағы өзара қатынастарды және
ұсақ отбасылық қарым-қатынастардың ірі әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге
қандай ықпал ететіндігін көрсетеді. Отбасы әлеуметтануы өмірлік цикл келешегінің
мәселелерін қамтып, түрлі отбасыларының арасындағы қарым-қатынасты некеге
тұрғаннан бастап қартайғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерді зерттейді. Отбасы
әлеуметтануының практикалық саясат мәселелерімен тығыз ұштасқандығын көруге
болады. Отбасы – қоғамның ажырамас бір бөлігі, кез келген адамның қалыптасуы мен
дамуына отбасының ықпалы ерекше. Мемлекет тарапынан отбасы саясатын
қалыптастыру, отбасын әлеуметтік қолдау, тағы да басқа мәселелерге мән беріп,
қоғамның ажырамас бір бөлігі отбасы институтын теориялық және практикалық
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
251
тұрғыдан қарастыратын уақыт жетті. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, жас
отбасылардың ажырасу фактісі көбейіп барады, осыған тосқауыл қою керек.
Ең алдыменен жастарға отбасын құрудың мәні менен мазмұнын екі адамға
жүктелетін жауапкершілік туралы, алдында кездесетін қиындықтар туралы, оны жеңудің
жолдары туралы дәрістер өткізу де басты міндеттердің бірі. Мемлекет тарапынан жас
отбасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, 40 жыл, 50 жыл отасқан апа-
аталарымызды үлгі ретінде дәріптеу, көпбалалы отбасын үлгі-өнеге ретінде көрсету,
мерзімді баспасөзден, телеэкраннан көрсету әлі де болса ақсап тұр. Ерекше әлеуметтік
құбылыс ретінде қазақстандық отбасы көпұлтты қоғам құрылымының барлық
сфераларыменен диалектикалық бірлікте. Отбасының жағдайы оның ішкі процестері
және тенденциялары экономикада, мәдениетте, әлеуметтік, ұлттық қатынастарда болып
жатқан өзгерістерменен анықталады. Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойған
стратегиялық міндеттерінің бірі – егеменді мемлекет ретінде қалыптастыру және
өркендету болып табылады. Осы саланы зерттеу және оның тұжырымдарын,
практикалық тұрғыдан маңыздылығын айқындау, оны жастарға тарату да басты
талаптардың бірі болып табылады. Қоғамдағы саяси тұрақтылықтың мығымдылығы
демографиялық саясат проблемаларын дер кезінде шешуге, отбасының дұрыс
қалыптасуына әсер етсе, әлеуметтік-экономикалық қолдаудың болуы отбасының
аяғынан нық тұруына өз көмегін тигізеді. Мұның ішіне барлық тұрмыстық мәселелер
кіреді: тұрғын үй, баспана, жалақы, балабақша, азық-түлік, киім-кешек, транспорт,
несие, үй шаруасы тағы да басқа күнделікті күйбең тіршілік қам-қаракеті – осының
барлығы кіреді. Отбасының өзіндік әлеуметтік ерекшеліктері бар. Отбасының әлеуметтік
таным ерекшеліктері қазіргі кезеңде өте өзекті.
Отбасы дамуының жаңа заңдылықтары мен негізгі тенденцияларының пайда болуы
қазіргі кезеңдегі отбасы менен қоғамның өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттарын
анықтауға мүмкіндік береді. Егер де мемлекет халықтың болашағын жарқын етуге
ұмтылатын болса, онда ең алдыменен қоғамның ажырамас бір бөлігі – отбасының жай-
жапсары қарастырылуы тиіс. Отбасының тұрақты болуы үшін қоғамның болашақ
азаматтарын тәрбиелеудегі жанұяға мемлекет тарапынан қолдау күшті болуы тиіс.
Әлеуметтік институттармен бірге мемлекет отбасы бағдарламаларын қабылдап, оны
кезең-кезеңмен жүзеге асырып, қабылданған бағдарламалар сарапқа түсіп, оның әлсіз
және күшті жақтарын айқындап көрсетіп, әрі қарай дамытудың жолдарын көрсетіп
отыруы шарт.
Мемлекеттік отбасы саясаты – тек мемлекеттің көмегін ғана емес, сонымен қатар
әртүрлі өлшемдердің барлық сүйемелдеуінің кешені [3]. Отбасы саясатының мақсаты
неке және отбасы институтын нығайту демографиялық саясаттың мақсаты – тууды
көбейту болып табылады. Кез келген отбасындағы тұрмыстық мәселелерді шешу –
отбасыңа әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Қазіргі қоғамтанушы ғылымдар
алдында, оның ішінде әлеуметтанушылар алдында отбасын зерттеу нысаны етіп алып,
проблемаларды кешенді түрде зерттеулері қажет. Қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуы,
демографиялық саясат проблемаларын дер кезінде шешу қоғамдағы әйелдердің орнына
да байланысты. Сондықтан да қазақ елінің мәңгілік ел болуы отбасы саясатыменен
тығыз байланысты. Қазіргі отбасы қоғамның ажырамас бір бөлшегі, отбасын қоғамнан
жеке дара алып қарау мүмкін емес. Отбасы саясатының мемлекетте дұрыс жолға
қойылуы еліміздегі демографиялық өсудің негізгі алғышарттарының бірі. Халық
санының өсуі балалар санының өсуіменен тікелей байланысты, ал балалар отбасында
дүниеге келеді. Қазақ елінің мықты азаматы өз Отанын қорғайтын, сүйетін патриот тек
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
252
қана жақсы отбасында өсіп ержетеді. Мұндай мәселелер бір алып қарағанда ұсақ-түйек
болып көрінгеніменен нағыз отбасының өзекті әлеуметтік мәселелері болып табылады.
Осындай қордаланып қалған мәселелердің түйінін тарқатудың бір жолы – отбасы
әлеуметтануының танымдық жақтарын зерттеп, практикалық ұсыныстар беру. Қазіргі
кезеңде Қазақстанның саяси-экономикалық өмірін қайтадан қалыптастырып, дұрыс
жолға қоюдың басты көрінісі – жанұя өмірін көтерумен, оның тағдырыменен тікелей
байланысты. Осындай мәселелерді шешудің үлкен бір тармағы отбасы мәселесіне
тіреледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әлеуметтану. – Алматы: Қазақстан, 2002.
2. Әлеуметтану және саясаттану бойынша орысша-қазақша түсіндірме сөздік. –
Павлодар, 2006.
3. Иванов В.И. Социология управления. – Москва, 2010.
4. Удальцева М.В. Социология управления. – Москва, 2009.
5. Проскурина М.А. Общество, культура, социология. – Москва, 1999.
РЕЗЮМЕ
Туленова М.С., магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Особенности социологического познания семейной политики
Статья освещает деятельность семьи, как главный институт общества. И указаны
особенности социологического познания семейной политики в Казахстане.
Ключевые слова: Семья, социология, семейная политика, общество, личность,
закон, современность, социальная среда, глобализация, политическое изменение,
государство, субъект.
SUMMARY
M.S. Tulenova - master
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Features sociological knowledge of family policy
Article opens family activity, as the main institute of society. Also features of
sociological knowledge of family policy are specified.
Keywords: Family, sociology, family politics, society, identity, law, modernity and social
environment globalizaton, political change, state, subject, subject's.
Достарыңызбен бөлісу: |