Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
23. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі 
ретінде. 
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін 
қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып 
шықты. Жырға арқау болған негізгі мəселелер - елдің тəуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін 
жырында сегіз оқиға баяндалған.
1)Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
2)Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
3)Үшіншісінде түркілердің əскери жорықтары,
4)Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық əрекеттері туралы əңгіме, 5)Бесіншісінде 
табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде, 6)Алтыншысы түркі 
халқының болашақты болжай алмауына өкіну, 7)Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған 
қаған жөнінде,
8)Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда 
да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі 
халқының табғаштарға тəуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған 
сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары 
түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін 
қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен 
жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
24. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының 
әлемдік маңызы. 
Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби 
геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы 
идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.
Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, 
Платон жəне басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер 
жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың 
маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы 


болып келеді. Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. 
Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге 
қарыздар. Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай 
емес.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы педагогика негіздері мен оның жүйелі 
түрде зертелмегендігі арасында, оқу - тəрбие үрдісінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» 
дастанындағы адамгершілік тəрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен 
оны пайдалануға байланысты əдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама - 
қайшылықтың бар екені айқын көрінеді жəне тақырыпты «Жүсіп Баласағұнның «Құтты 
Білік» шығармасындағы адамгершілік идеялары» - деп алуымызға себепші болды.
«Диуани лұғат ат- түрік» — « Түрік тілдерінің сөздігі» - Махмұд Қашқари
«Диуани лұғат ат- түрік» 1074 жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бəріне ортақ 
мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бəріне бірдей ортақ алты 
мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бұл 
лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз 
тудыру, сөйлем құру жүйелерін, əдеби тіл мен көріктеу құралдарынын өмірге келу 
жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.«Диуани лұғат ат- түрік» — тіл білімінің ең басты 
салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне түркі əдебиет 
ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді.
Қ.А.Яссауидің келесі еңбегі «Пақырнама жəне Мүнажатнама». Бұл шығармаларға ден 
қойып сараламасақ та бұл еңбектердің де көптеген елдердің тіліне аударылып, оқылғанын 
естен шығармау керек «Мират-ул-Қулуб». Бұл еңбегі жақында Швецияның Упсала деген 
қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. Түркияда 
2000 жылдары жарық көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет