Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
25. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. 
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш 
біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі əскери жəне мемлекет қайраткері, Есугей 
баһадүрдің отбасында туған ежелгі ру басшысы.
Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан ( бала кезіндегі аты 
Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы 
Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 
9 жасқа толған кезінде əкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің əскери таланты 
арқасында жəне дұшпандарының əлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 
жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан 
бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ 
территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың 
бірден-бір билеушісі болды.
1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан 
Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды жəне ол өз мемлекетін əрі қарай 
кеңейте бастады. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан 
далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында 
басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады
26. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. 
Ұлан-ғайыр көп жерді жаулап алған Шыңғыс хан көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына 
енші етіп үлестірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына 
дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі 
аймақтар, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Əмударияның
төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер 
«Жошы ұлысы» деп аталды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Қашқария, Жетісу, Мауренахр тиді. Шағатай 
ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.
Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей 
əкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге ол моңғолдың тұрақты 
129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалған əскер үш баласының 
əрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы 
(Моңголиядағы) ұлы хан Шыңғыс ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің 
ордасы қазіргі Шəуешек қаласының маңында орналасты.


Сонымен Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық 
бөлігі Жошы ұлысының, Оңтүстік жəне Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың 
Солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, 
мəдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің 
этностық құрылымына едəуір өзгеріс əкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан 
жеріне сырттан келген моңғол жəне түркітектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан 
жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден 
тыс аймақтарға кетті. Соның нəтижесінде жергілікті түркітектес рулар, тайпалар бір-бірінен 
ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, ұсақталып кетті. Бұл үлкен ру- 
тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғол шапқыншылығы тайпалардың, 
тайпалық одақтардың аяқталуға жақын қалған халық болып бірігу процесін бірнеше 
ғасырға шегерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет