Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Үйсін мемлекетінің саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті



Pdf көрінісі
бет7/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
8. Үйсін мемлекетінің саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті. 
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) 
Қазақстанды
 мекендеген тайпаларда 
мемлекеттіктің
 алғашқы белгілері болды.
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь 
бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін 
мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін 
патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. 
Орталық Азия
аумағындағы ертедегі 
алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың 
Бесбалықты
 
«
Үйсін
князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде 
Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің 
шекарасы батысында 
Шу
және 
Талас
 өзендерінің бойымен өткен. 
Қаратаудың
шығыс 
беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — 
Іле
аңғары, 
дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» 
Ыстықкөл
мен 
Іле
өзенінің оңтүстік 
жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, 
үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка 
жанаспайтыны анық.
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл 
мәдениеттің
үш кезеңнен өткені анықталды: 
алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 
3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, 
сәндік 
бұйымдар
мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, 
егін шарушылығымен
қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, 
құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан 
еңбек
құралдары, 
қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар 
жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. 
Мал
бағып, 
жер
өңдеуді 
кәсіп
 еткен. 
Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер 
өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол 
замандағы
тұрғындардың 
егіншілікпен
айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. 
Іле

Шу

Талас
алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, 
әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, 
бау-бақша

жеміс
-
жидек
өсірумен шұғылданып, 
отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де 
салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы 
дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, 
былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан 
күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік 
бұрышты
 тұрғын 
үйлер табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет