Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті



Pdf көрінісі
бет8/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
9.Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті. 
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші 
елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге 
жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария

Талас
өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен 
Орталық Азиядан
келген. Астанасы 
Битян
 қаласы болған.
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып 
кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде 
Орталық Азияда
 жаңа мемлекеттік бірлестіктер, 
соның ішінде 
Үйсін

Янцай

Қаңлы
 мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан 
тарихында елеулі рөл атқарды.
Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Келесі бөлігі 
отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе, қашыр, есек, сиыр 
өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой болған.
Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң 
терілері саудаға шығарылған. Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, 
қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп 
табылды.


Қауыншы
 және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері 
сақталған.
Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда 
түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлыларға тән ең сипаттысы 
үңгіп (екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу 
болып табылады. Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, 
Жамантоғай

Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі 
Отырар
-
Қаратау

Жетіасар
 
мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын 
заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған 
керамика
ыдыстар бірге 
салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің 
ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе 
әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. 
Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау 
қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге 
негіз береді. Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда 
Көк-Мардан

Қыркескен

Мардан
 
қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. 
Марданкүйік
 (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды 
материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші 
жартысында пайда болған. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі 
тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 
метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі 
тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған 
қабір шұнқырларына жерленген. Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, 
сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 
жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар — балалар, 
жасөспірімдер. Ал ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек-жарақ 
заттарымен (сәндік заттар, қару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға, 
саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған құрал-
саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің негізгі бөлігін 
отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға және оның мерзімін 
біздің заманымыздағы III—V ғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет