Билеу жылының датасын қолдану, императордың басқару жылын (annus imperii), ол Юстинианның 537-ші жылғы қаулысынан басталады. Франктер меровингтер дәуірінен бастап осы тәртіпті ұстанады. Ал римдік папалар – Адриан ІІ тұсынан бастайды. Х ғасырдан бастап епископтар мен архиепископтар құжаттарды өздерінің билеген уақыттарынан бастап белгілейтін болды. Герма иператорлары бірнеше жерді иеленсе, өзінің таққа отырған жылы (annus imperii) қасына басқа елге билік құрған жылын тағы қосып жазатын.
- Индиктер. Белгілі бір уақыт өлшемі ішіндегі сандардың тәртібі. Оны – индикцион деп атайды. Индиктер есебі Римдік Египетте пайда болды. Ол салықтың тізімін қайтадан қарастырғанға байланысты, орта ғасырда оның ұзақтығы 15 жыл болатын. Индиктің – үш түрлі варианты бар.
- 1) Грек индикті (indicto Graeca, немесе Constantinopolitana)1 қыркүйекте басталатын, V ғасырдың ортасына дейін 25-ші қыркүйектен басталатын, византиялық жылдың басына дәл келеді. Бұны Византияда ғана емес Батыс Европада да қолданды.
- 2) Беда индикті (indictio Bedana,мнемесе Caesariana). Англосаксондық монах Беда Достопочтенный атымен байланысты, 24 қыркүйекке келеді.
- 3) Папа индикті (indictio Romana, немесе pontificia) 25-шы желтоқсан немесе 1 қаңтар. Согымен бірге қиындық тудыратын тағы бір жағдай ол папаның кеңсесінде VI ғасырдан ХІ ғасырдың екінші жартысына дейін грек индикті қолданылды, ал ХІІ ғасырдан папа индикті қолданылды. Өзге индиктер пайдаланған уақыты болды.
Эралар. (Дәуірлер). Мысалы Олимпиадалар бойынша (б.з.д. 776 жыл.), «Рим орнаған» (б.д.д. 754 жыл.), Диоклетиан дәуірі (б.з. 284 жылы, 29 тамыз), т.б. «Испандық дәуір» – б.з.д. 38 жылығы 1 қаңтардан басталады. Португалияда ол ХV ғасырда да сақталды. Православие елдерінде «византиялық дәуір» ІV ғасырда пайда болды. Оны б.з.д. 5509 жылдан пайдаланып келеді деген түсінік бар, яғни «дүние жаралғалы бері». Кейде оны б.з.д. 5508 жылыдың 1 наурызынан бастайды.Христиандар «антиохийская эра – б.з.д. 5969 жыл», «александрийская эра – б.з.д. 5501 жыл» деп әр түрлі даталарды атайды. Ал «христиандық эра» aera vulgaris – Христос туған жылдан бастау алатын, 525-ші жылы римдік монах Диониси Малый енгізді. Оны «Құдай күні» (annus Domini), «от воплощения Господня» жылы (annus ab incarnatione Domini), от «рождества Господня» жылы (annus ab nativitate Domini), от «воплощенного слово» жылы (annus ab verbi incarnati), «милость» жылы (annus gratiaе)... Диониси Христостың туған жылын Рим негізі қаланған 753 жылды, немесе Диоклетиан дәуіріне дейінгі 284 жылды алды. Бұл христиандық дәуір VIІ-ші ғасырдың бірінші жартысынан бастап қолданыла бастады. ХV-ші ғасырдан бастап барлық рим папаларының құжаттары «Хоистос туған жылдан» деген датамен белгіленді. Жалпы пайдалану тек ХVІІІ-ші ғасырдың соңынан бастап қолданыла бастады. Орта ғасырда осы санақпен қатар өзге де дәуірлер санағы жүргендіктен, ортағасырлық құжаттардың датасын дәл есептеу қиындық туғызады.