Қосалқы тарихи пәндердi оқытудың мақсаты: Пәннің мақсаты студенттерді тарих ғылымы мен білімі саласында қосалқы тарихи пән салалары білімін, мәселелері мен жетістіктерін пайдалана білуге, әдістеріне үйрету.
Пәннің міндеттері: Тарихи қосалқы пәндердiң теориялық мәселелерімен таныстыру, қосалқы тарихи салаларының атаулары мен түсініктерін талдау, әлемдегі тарихи оқиғалардың нақты уақытын, орнын, әр түрлі қырынан қарастыру әдістерін игеру. Қосалқы тарихи пәнді оқыту арқылы отандық тарих ғылымының дамуына, оның тарихи оқиғаларының шынтуайттылық негiзде жазылғанын саралау. Қосалқы тарихи пәндердің салаларының өз- ара байланысы мен ерекшелігін, байланысын ашуға, алған білімдерін кәсіби қызмет саласында қолдана білуге үйретеді.