Тарих факультеті



бет5/86
Дата19.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#119108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
силлабус қосалқы тарих (2)

Баға қою шкаласы:



Әріп жүйесі бойынша баға

Баллдардың цифрлы экиваленті

%-мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

I
(Incomplete)

-

-

« Пән аяқталмады»
(қорытындылауда GPA ескреілмейді)

P
(Pass )

-

0-60
65-100

«Есептелді»
(қорытындылауда GPA ескрілмейді)

NP
(No Рass)

-

0-29
0-64

«Есептелген жоқ»
(қорытындылауда GPA ескрілмейді)

W
(Withdrawal)

-

-

«Пәннен бас тарту»
(қорытындылауда GPA ескрілмейді)

AW
(Academic Withdrawal)







Пәннен академиялық себептерге байланысты алып тастау
(қорытындылауда GPA ескреілмейді)

AU
(Audit)

-

-

«Пән тыңдалды»
(қорытындылауда GPA ескреілмейді)
















Семестр бойы студенттің жұмысын бағалауда мына төмендегілер ескріледі:
- Сабаққа қатысуы
- Семинар сабақтарынна белсенді және өнімді қатысуы
- Негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып-үйренуі
- Үй тапсырмаларын орындауы
- СОӨЖ-ді орындауы
- СӨЖ - ді орындауы
- Барлық тапсырмаларды уақытылы тапсыруы (үш СӨЖ-ді уақытында тапсырмағаны үшін AW бағасы қойылады)
Академиялық тәртіп саясаты және этика
Шыдамды болыңыз, өзге, бөтен пікірді сыйлаңыз. Келіспеушілігіңізді сыпайы жеткізе біліңіз. Плагиат және өзге де жалған жұмыстарға жол берілмейді.МӨЖ тапсыру, аралық бақылау және мәрелік емтихан кезінде сыбырлауға және дайын материалдан көшіруге,басқа магистрант үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаған магистрант «F» деген баға алады.
Көмек: Өздік жұмыстарды орындау және тапсыру, реферат дайындауда ақыл кеңес, сондай-ақ өткен материалдар, сонымен қатар өтілетін курс бойынша туындаған өзге де сауалдарға, ақпараттарға жауап алу үшін СОӨЖ-дің кезінде оқытушыдан көмек сұраңыз.
Кафедра мәжілісінде қаралды. № хаттама « » ж.
Дәріскер Т.Ә.Төлебаев


Кафедра меңгерушісі Қ.М. Атабаев

ДӘРІС САБАҚТАРЫ


Кіріспе.
Дәріс 1-2. «Тарихи қосалқы пәндердiң тарих ғылымындағы орны». 2 сағат. 1-апта.
1. Тарихи қосалқы пәндердiң түрлерi, өзара байланысы, тарих ғылымын дамытудағы ролi.
2. Тарихи қосалқы пәндердiң теориялық, методологиялық мәселелерi. Зерттеу деңгейi.
3. Тарихи қосалқы пәндердiң дерек көздерi.

МОДУЛЬ № 1. ПАЛЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ АРХЕОГРАФИЯ.


Дәріс 3-4. Палеографияның міндеттері мен мақсаты. 2 сағат, 2-апта
1. Тарихи қосалқы пән ретiндегi палеографияның маңызы. Негiзгi мiндеттерi. Зерттеу әдiсi. Ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
2. Көне жазба ескерткіштерді зерттеудегі полеографияның қызметі.
3. Жазу құралдары мен материалдары. Қағаз жасау ісі.
Палеография – (гректің көне + жазамын) жазу деректерінің сыртқы бейнесін, сонымен қатар жазудың графикасын, материалын, қағаздағы бедерлерді, форматын, жазбаның көркемделуін зерттейтін ғылым. Алғашында палеография көне жазбаларды зерттеумен айналысса, қазір жаңа қолжазбаларды да зерттейді, соған байланысты «неография» деген термин пайда болды. Палеография ғылыми сала ретінде ХVІІІ ғасырда Францияда пайда болды. Қолжазба пергаментте, қағазда, берестада... жазылуы мүмкін. Пергаментті жас малдың терісінен жасайды, қымбат болуына байланысты оны қайта пайдалануы мүмкін, оны – «палимпсеста» деп атайды. Оның тағы бір бағалы жағы бар, ескі өшірілген жазуларды жаңа технологиялық әдістермен қайтадан оқуға болады. Қағаз жасағанда фабриканттар оған «водяной знак», «филигрань» деп аталатын белгілер қалдырып отырған. Ғалымдар ХVІІІ ғасырдан бастап осындай белгілердің альбомдарын жасаумен айналысып келеді. Сол арқылы қағаздың жылы мен жасалған жерін нақты білуге болады.
Қолжазбаларды ХІІІ ғасырдан бастап «тиснение» жасайтын болды, ХVІІ ғасырдан бастап алтыннан жасалған кездеседі, кітап бүлінбес үшін аяқ та жасап қоятын. «Заставки» – бөлімдердің бас жағындағы ою-өрнек, парақтың біраз жерін ол алып жатса, қалған жағын үлкен әшекеленген басты әріп – «инициал» болатын. Сөз жолдарының арасында да әшкейлер орын алатын – «полевые цветки», сонымен қатар кітаптың аяғында сондай әшекейлер бар. ХVІІ ғасырдан бастап барокко, ХVІІІ ғасырдан рококо, ал ХІХ ғасырдың басынан бастап кітап баспаларында ампира стильдеріне еліктеу болды. Сонымен қатар оқиғаны «миниатюралар» толықтырып тұратын болды. ХVІ- ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында портреттік бейнелеу «парсунное письмо» кең жайылды, оның дамуы Симон Ушаков атымен байланысты. ХVІ- ХVІІ ғасырда грамоталарды «столпец» деп аталатын лента секілді даярлайтын, мысалы 1649-шы жылғы Соборное уложение 959 біріне-бірін желімдеген қағаздардан тұрады, оның ұзындығы 300 м.-ден асады. Кейін оларды дәптер секілді бір жерге тіге бастайды, бір іс қағаздарын бөлек буып қоятын. Оларды ХVІІІ-ХІХ ғасырларды мұрағат кеңселерінде сақтайтын. Қолжазбаларды әсерлеу, әшекейлеу үшін «вязь» деген жазудың түрін пайдаланды, ол қызы бояумен немесе сонда қанық бояумен жазылды. Мұндай жазудың түрі ХІV-ші ғасырдың аяғынан бастап кездеседі.
«Криптография», «құпия жазу»: 1) кириллицаны өзге алфавиттердің әріптерімен алмастыру – глаголицамен, грек, латын т.б.; 2) әріптердің орнына шартты белггілерді пайдалану; 3) литорейді пайдалану, немесе «тарабар грамотасын» пайдалану, барлық дауыссыздар (кейде дауысты) екі қатарға бөлініп, бірін-бірі алмастыратын; 4) пермдік әріптерді пайдалану; 5) әріптің бөлшегін ғана бейнелеу; 6) әр сөздегі әріпті кері тәртіппен қолдану; 7) әріп орнына ерте орыс тіліндегі соған сәйкес санды пайдалану.(Л.В.Черепнин. Русская палеография. М., 1956, с.261-266, 389-397.).
Қосалқы тарихи пәндер қатарындағы палеографияның мақсаты мен міндеттері. Палеографияның қосымша тарихи пән ретінде қальштасуы. Жазу мсн санау жүйесінің пайда болу тарихы. Палеографияның тарих және филология ғылымдарымен байланысы. Көне жазба ескерткіштерін зерттеудегі палеографияның қызметі.
Месопотамия (клинописі) ойма-жазу. Көне Египеттегі иероглифтер, «Розеттасы» және иероглифтердік шешудегі Франсуа Шампольонның рөлі. Қытай әріптері. Көне Египет. Шумер, көне Қытайдағы, Ежелгі Грециядағы сан жазуы, латын нумерациясы, араб сандары. Алфавиттер тарихы: солтүстік семит, финикий, этрус, грек алфавитгері. Латын алфавиті. Көне түрік руникалық жазуы. Диакриттік белгілер (таңбалар). Жылдам жазу.
Әлемдегі казіргі алфавиттің әралуандығы: араб, армян, бирма, глагомиза, грузин, деванагари, иврит, корей, руно, кириллица, тай және т.б.
Жазу құралы және материалдары. Папирус, пергамент, қайың қабығы, қағаз. Қолжазбаларды белгілеудегі филиграндар. Қолжазбалардағы әшекейлер: кондырылуы, аты-жөні, әдіптелуі (аякталуы). Орыс кириллица жазбасының дамуы: жарғы, жартылай жарғы, жылдам жазу. Ресейдегі кириллица реформалары. Қазакстанда латын әріптерінің енгізілуі. Қазақстанда кириллицаньщ енгізілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет