Тарих факультеті



бет1/14
Дата19.09.2022
өлшемі72,19 Kb.
#39529
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Силлабус


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих факультеті


Тарих және дінтану кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
__________________Купенова Г.Ы. «______»_________________2022ж.



Пән бағдарламасы (SYLLABUS)
ЖБП МК KT 1103 Қазақстан тарихы
Барлық білім беру бағыттарына арналған

ББ шифры мен атауы

Барлық білім беру бағдарламаларына арналған

Курс/семестр

1-2

Кредит саны (сағат саны):

5 (150)

- дәрістер

30

- практикалық сабақтар

15

- зертханалық сабақтар

-

- БОӨЖ/БӨЖ

25/80

Аралық бақылау (емтихан) формасы

тест



Ақтөбе, 2022 ж.
Пән бағдарламасы Қазақстан тарихы пәнінің типтік бағдарламасы (« » 2022 ж.) негізінде құрастырылды.


Құрастырушылар:
1. Пән оқытушысы: ________ Ғанибаева Ж.А. аға оқытушы, т.ғ.к.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

№ 10 хаттама, «_17____» _____06____ 2022 ж.




Кафеда меңгерушісі _________________ Ізбасарова Г.Б.

Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды

№ хаттама, «_____» ______________________ 2022 ж.




I. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Ғанибаева Ж.А. т.ғ.к., аға оқытушысы, sangar98@mail.ru, конференцияның IDномері 7791533386, пароль 302104
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін, XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдауды, Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін (XVIII - ХХ ғғ.басы), кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне баға беру, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктерін ашу қарастырылады. Алынған білім студентке қазіргі Қазақстан Республикасы аумағында ежелгі заманнан бүгінге дейінгі кезеңде өмір сүрген рулар мен одақтардың, ұлыстар мен ұлттардың, мемлекеттердің тарихын, Қазақстан тарихы олардың өміріндегі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды, фактілерді зерделеуге мүмкіндік береді.
мүмкіндік береді. Сабақты өткізу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдері: кластер, «Джигсо», «инсерт», «проблемалық дәріс», «тарихи деректермен жұмыс», «фишбон», «БББ» және т.б.қолданылады.
Оқыту мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы, қазақ халқының этногенезі, қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективті тарихи білім беру
Оқыту нәтижелері:
1.Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде көрсету.
2.Қазақстанның өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарының көп өлшемділігіне, тарихи үдерістердің қарама-қайшылығы мен диалектикалық түсінігіне талдау жасау.
3.Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жан-жақты, сыни тұрғыдан талдау, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан түсіну қабілетін дамыту.
4.Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет